Материалдар / Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Материал туралы қысқаша түсінік
Әнгімелесу. Сұрақтар: • Мультфильмдердегі бейнелерді қимыл-қозғалысқа қалай келтіреді деп ойлайсыздар? • Мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет деп санайсыздар? • Оған не әсер етуі мүмкін? Жұптық тапсырма: Мультфильмдегі кейіпкерлерге қимыл-қозғалысты келтірудің әдісін зерделе. Ол үшін түрлі ақпарат көздерін қолдан. Зерттеу жұмысын скетчбукке тізіп жаз. Бағалау: Таныстыр. Сыныптың ішінен бір-екі оқушыдан орындалған тапсырмасының нәтижесі туралы сұраңыз. Бейнематериалды тамашала. Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін көрсетіңіз. Кейіпкерлер/элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз. Сұрақтарға жауап бер:  Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?  Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?  Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды? Тәжірибелік тапсырма: Оқушылардан зерттеу объектісін таңдауды сұраңыз. Мысалы, сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп: №108 Хамза атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Юнусметова К.А

Сынып: 6-Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Визуалды бейнелерді қимыл-қозғалысқа келтірудің әдістерін зерттеу;

  • Флипбук жасаудың әдісімен таныстыру;

  • Флипбук жасау.

Жетістік критерийлері

  • Қозғалмалы бейнелердің жасалу әдісін зерделеді;

  • Флипбукті жасаудың тәсілімен танысты;

  • Флипбук жасады.

Тілдік мақсаттар


Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • флипбук, қозғалыс, ракурс, көрініс, сценарий, сюжет

  • Менің ойымша, анимациялық өнерде қозғалатын ..... тақырыптар, балалардың тәрбиесіне тигізер әсері мол. Себебі,.....

  • Бейнелерді қозғалту үшін .... жасау керек.

  • Флипбукті жасау үшін.... ескеру қажет.

Құндылықтарды дарыту

Мультфильмдерде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.



Сабақтың ортасы


Әнгімелесу. Сұрақтар:

  • Мультфильмдердегі бейнелерді қимыл-қозғалысқа қалай келтіреді деп ойлайсыздар?

  • Мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет деп санайсыздар?

  • Оған не әсер етуі мүмкін?


Жұптық тапсырма:

Мультфильмдегі кейіпкерлерге қимыл-қозғалысты келтірудің әдісін зерделе. Ол үшін түрлі ақпарат көздерін қолдан. Зерттеу жұмысын скетчбукке тізіп жаз.

Бағалау: Таныстыр. Сыныптың ішінен бір-екі оқушыдан орындалған тапсырмасының нәтижесі туралы сұраңыз.

Бейнематериалды тамашала.

Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін көрсетіңіз. Кейіпкерлер/элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?

  • Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?

  • Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды?

Тәжірибелік тапсырма:

Оқушылардан зерттеу объектісін таңдауды сұраңыз. Мысалы, сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.

Бұл тапсырма жеке не жұпта орындауға беріледі. Оқушылардың қарым-қабілетіне қарай флипбукте салынатын бейнелерді үлестіру ұсынылады. Мысалы, сурет салуға қабілеті жоғары оқушыға күрделі суретін, қоянның суретін құрастыру, сурет салуға қабілеті орташа оқушыға доп сынды бейнелерді беру ұсынылады.

Тапсырманың критерийлері:

  • Кейіпкеріңмен кішігірім оқиға құрастыр.

  • Қимыл-қозғалыстың әсерін жаса.

  • 15-тен астам кадр жаса.

  • Оқиғаның тақырыбына сәйкес фон жайында ойлан.

  • Флипбукті сыныптастарыңа таныстырып, кері байланыс ал.


http://megapredmet.ru/1-64889.html

(қимыл – қозғалысқа келтіру)

http://fb.ru/article/69957/kak-sozdayut-plastilinovyie-multiki

(пластилинді мультфильм)

https://www.youtube.com/watch?v=p3q9MM__h-M

(Как создать флипбук?)

https://www.youtube.com/watch?v=4IRMBRUlRB4

(как создать флипбук?)

Флипбук.

https://www.youtube.

com/watch?v=cIQ

1PnPdWlg


https://www.youtube.

com/watch?v=

YrRDA_IK29k


Флипбук

ttp://animopticum.

com/activities/

master-classes/

make-flipbook/







Стикерлер, фломастер, қарындаштар.


Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Тапсырманы таныстырып болған соң, оқушыларға стикерлерге алдын ала жасалған дискрипторлар бойынша "Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілімен бір-бірінің флипбуктарын бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сұрақтарға жауап бер:

  • Жұмысыңда не сәтті шықты?

  • Нені түрлендірер едің?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою. Және тапсырманың дискрипторларына сай бір-бірін бағалау.

-жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

-оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

-құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

-бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;

-жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

-жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

-басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

-жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!