Биология: 11 “А” класс
Күні:
02.10.2015
Сабақтың
тақырыбы: Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты
көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда
болуы.
Сабақтың
мақсаты: Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері туралы жалпы мағлұмат
беру
Сабақтың
міндеттері:
а)
білімділік: Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері туралы білімдерін
қалыптастыру.
ә)
дамытушылық: Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері жайында тірек-сызба, көрнекілік құралдар арқылы
түсіндіре отырып оқушылардың ой-өрісін, оқушылардың көру, есту,
есте сақтау қабілетін дамыту
б)тәрбиелік: Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері жайында айта отырып, оқушыларды білімділікке,
ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты
жылдам орындауға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ –
жауап.
Пән аралық
байланыс: тарих
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер: тақта, тірек-сызба,
оқулық.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.
Сабақ жоспарымен таныстыру
II.Үй тапсырмасын
тексеру
Сұрақ-жауап, биологиялық
диктант
II. Жаңа
сабақ
Фотосинтез
– жоғары
сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың,
фотосинтездеуші хлорофилл
және
басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын
сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су)
өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі
органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі
өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді
(мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және
бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2
сіңіреді,
оттегін бөледі.
Фотосинтезді алғаш
зерттеушілер Швейцария
ғалымдары
Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың
2-жартысында К.А.Тимирязев
күн
сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы
сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің
физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер
жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев,
В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен
бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ
анализі, радиоизотопты
әдіс
спектроскопмя. Электрондық
микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары
сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп жасушалы жасыл, қоңыр,
қызыл, сондай-ақ бір жасушалы эвглена, динофлагеллят, диатом
балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры
және шығарылатын оттек көзі
су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі –
көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез
процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және
күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот
болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар
сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат
болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды,
оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су
орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды
(күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе
органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін)
пайдаланады.
Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен
көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге
болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы
тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар
осылай көбейді. Жыныссыз
көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар
түзілмейді. Бұл үдеріске бір
аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы
болған кезде).
Жыныссыз
үдерістің бір үлкен артықшылығы бар - түрдің кез келген дарағы
ұрпақ қалдыра алатындықтан, өйткені түрдің кез келген дарағы ұрпак
калдыра алды. Демек «Әріптесін кездестіре алмайды» деген кауіп те
болмайды; сондай-ақ әрбір ересек ағза жарық дүниеге ұрпақ шығара
алатындықтан, ұрпақтары да әлдекайда көп болады. Бірақ бұл жолмен
көбейген кезде өзгергіштің төмен болуы - негізгі кемшілік. Анығырақ
айтқанда, ұрпақ өзінің жалғыз тегіне ғана ұксап, оның өз түріндегі
өзге дарақтардың пайдалы сапасын мұра етуге тіпті әлеуеттік
мүмкіндігі болмайды.
Жыныстық
көбею кезінде барлығы
өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі
- гаметалар
қалыптастыру. Бұл арнаулы
бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану
үпгін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарактың болуы міндетті емес,
қызтекелік және қыздықты (ұрықтанбай көбею) көбею түрінде
ерекшелігі бар. Бірақ мұнда да гаметалар
міндетті түрде
дамиды.
Жыныстық
үдеріс кезінде мүлде ұрпақсыз қалу қауіп-қатері көп екені сөзсіз.
Өйткені ұрықтанудың орындалу төртібі күрделі, ол тұтас дарақ
болмаса да дарақ гаметаларының
болуын қажет етеді. Бірақ
нәтижесі жыныссыз көбею үдерісінен шындап ерекшеленеді.
Ұрпактарының барлығы жеке болады, олардың әрқайсысында
ата-аналарынық ғана емес, кез келген ата тектерінен алуан түрлі
белгілері мен барлық қасиеттері қайталанбас жаңа үйлесім де пайда
болады. Жынысты кебею үдерісі эволюциялық жолмен жыныссыз көбеюден
әлдеқайда кеш пайда болды және едәуір жас үдеріс. Алайда жоғары
сатыдағы жануарларда пайда болып үлгерген екен деп ойламаңдар.
Жыныстық жолмен көбею бактериялардан
сан алуан түрде әлдеқашан
бұрын белгілі болды.
IV.Үй
тапсырмасы
§7-8. Биологиялық эволюцияның
бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты
көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда
болуы.
V.
Сабаққа белсенді қатысып сабақ
айтқан оқушылар бағаланады.