Материалдар / Антибиотиктер

Антибиотиктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Микробқа қарсы препараттар туралы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2017
3185
2 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Антибиотиктер. Жұқпалы аурулардың иммуноалдын алу мен иммунды терапиясы. Антибиотиктер (грек сөзінен anti- қарсы,bios-өмір) микроорганизмдерді жою немесе олардың өсуін азайту үшін тіршілік ету барысында тірі ағзалардың қалдықтары. Микроорганизмдермен антибиотиктердің бөлінуі микробтық антагонизмнің маңыздысы болып саналады. Антагонистік әсері бар микроорганизмдер топырақта, әсіресе саңырауқұлақтарда, спора түзетін бактерияларда кездеседі. Антагонистер көлдерде, өзендерде, адам және жануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілдерінде анықталып жатыр. Мысалы, ішек таяқшасы, бифидум-бактериялар,адам ішегіндегі лактобациллалар.Микробтық антагонизмнің ең алғашқы тәжірибеде қолданған Л.Пастер және И.Мечников.Л.Пастер 1877 жылы қоректі құрамда өсіріп, шіріту бактериялар сібір жарасының бацилларын өсуін баяйтының дәлелдеді. Өзінің байқауы бойынша бактериялардың антагонизм құбылысын жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолдануға ұсыныс берді.И.И.Мечников ішектің шіріту бактериялардың рөлін зерттеп, ағзаны тіршілік ету барысында қалдықтарымен уландырып адамның ерте қартаюына келтіретінін дәлелдеген. Айрандағысүтті-қышқыл бактериялар ішектегі шіріту бактериялардың дамуын басып, кәрілікпен күресудің әдісінің бірі ретінде микроорганизмдердің антагонистік қарым-қатынасын қолдануға ұсыныс берді.Орыс ғалымдары В.А.Манассеин және А.Г. Полобебнов (1871-1872) антибиотик ашылу алдында пенициллиумнің көгін іріңді жараға және терінің зақымдауына қолданған.Микроорганизмнің бір түрін басқа қарсы қолдану ойы жақсы нәтиже берді. Көкіріңді таяқшадан ең алғашқы антибиотик-пиоциназа алынды, бірақ ол кеңінен таралған жоқ.Антибиотиктер жайлы оқуының негізі 1929 жылы басталды, ағылшын ғылымы А.Флеминг жылтыр стафилококк өсімі бар табақшаларда PeniciIIium notatum өскен саңырауқұлақтың колониясының еруін байқады. Флеминг саңырауқұлақтың сора культурасының фильтраты тек қана стафилококкты емес, басқа да микроорганизмдерді жоятынын дәлелдеді. 10 жылдың ішінде Флеминг пен,ициллинді химиялық таза күйінде алғысы келді, бірақ алалған жоқ. Пеницилиннің таза препаратын клиникалық қолдануға жарамды ағылшын зерттеушілер Э.Чейн мен Г.Флори 1940 ж алды.З.В. Ермольева пенициллинді алу үшін саңырауқұлақтың басқа түрін- PeniciIIium crustosum 1942 ж қолданды.Пенициллинді ашылуы және оның іріңді-қабыну процесстерін, жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданылуы ғылымдарды басқа жаңа антибиотиктерді іздеуге әсер етті. Қазіргі кезде 2000 астам әртүрлі антибиотиктер алынды. Бірақ клиникалық тәжірибеде бәрі қолданбайды, себебі біреулері токсиндері бар, қалғандары- адам ағзасында белсенді емес.Антибиотиктердің алу көзі микробқа қарсы белсенділігі бар әртүрлі микроорганизмдер. Антибиотиктерді көгерткіш саңырауқұлақтардан (пенициллин), актиномицеттерден (стрептомицин,тетрациклин және басқ.), бактериялардан (грамицидин, полимиксиндер), антибиотик әсері бар заттарды пияздан және сарымсақтан алады және жануарлардың ұлпаларынан (лизоцим, экмолин, интерферон).Антибиотиктер микроорганизмге бактериостатикалық және бактерицидтік әсер етеді. Антибиотиктердің бактерицидтік әсері микроорганизмдерді жояды, ал бактериостатикалық- микроорганизмдердің көбеюін тежейді. Әсер етуі антибиотиктерден байланысты және оның концентрациясынан. Антибиотиктердің жіктелуі әртүрлі принциптерге негізделген: алу көзіне, химиялық құрамына, микробқа қарсы механизммен спектріне, алу әдісіне. Көбінесе антибиотиктер микробқа қарсы спектріне және алуына жіктеледі.Антибиотиктердің микробқа қарсы механизмі әртүрлі: біреуі бактериялардың жасуша қабырғасының синтезін ыдыратады(пенициллин, цефалоспориндер), басқалары жасушадағы ақуыз синтезінің процесстерін баяулайды (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин), үшіншілері бактериалдық жасушадағы нуклеин қышқылының синтезін тежейді(рифампицин және басқ.).Әрбір антибиотик микроорганизмдердің нақты түрлерін жояды.Кең спектрлі антибиотиктер микроорганизмдердің әртүрлі тобына белсенді(терациклиндер) немесе көп грам оң және грам теріс (стрептомицин)бактериялардың көбеюін тежейді.Спектр әсеріне байланысты антибиотиктер бактерияларға қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы және ісікке қарсы болып бөлінеді.Бактерияларға қарсы антибиотиктер бактериялардың дауын тежейді және химиялық құрамы әртүрлі препараттардың кең тобын құрайды.Бактериялар тудыратын жұқпалы ауруларды емдеу үшін кең спектрлі антибиотиктер қолданады: терациклин, левомицетин,стрептомицин, гентамицин, канамицин, пенициллин және цефалоспориндер.Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер (нистатин, леворин, амфотерицин В, гризеофульвин) микроскопиялық саңырауқұлақтардың өсуін тежейді,себебі микроб жасушасының цитоплазмалық мембранасынын ыдыратады. Саңырауқұлақ тудыратын ауруларды емдеу үшін қолданады.Ісікке қарсы антибиотиктер (рубомицин, брунеомицин, оливомицин) жануарлар жасушасының нуклеин қышқылын тежейді және әртүрлі ісік ауруларды емдеу үшін қолданады.Антибиотиктердің биологиялық белсенділігін халықаралық бірліктер әсерімен өлшенеді.Антибиотиктің бірлік белсенділігіне тест бактерияларға (мысалы пенициллинге-жылтыр стафилококк, стрептомицинге-ішек таяқшасы және т.б.) антимикробты әсер тигізетін препараттың ең аз мөлшерін алады. Қазіргі кезде антибиотиктің бірлік белсенділігін таза препараттың микрограммымен өлшейді.Антибиотикотерапия кейде макроорганизмдердің жағынан қиындықтармен және микроорганизмнің әртүрлі қасиеттерінің өзгеруі байқалады.Антибиотикотерапиядағы асқынулары. Науқастың ағзасына енгізілген кейбір антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин және басқалары) препаратты қабылдауына байланысты өсетін жоғары сезімталдығы (аллергия) байқалады. Аллергиялық реакциялар сеппе түрінде-крапивница, қабықтың,еріннің,мұрынның ісінуімен дамиды. Қатты қабынуы анафилактикалық шок табылады, одан науқас өлуі мүмкін.Есіңде болсын! Антиботикті парентеральды қолданар алдында науқастың сезімталдығын тексеру қажет. Ол үшін теріге 0,1 мл антиоиткті енгізеді тері астына және 20-30 мин қарайды. Егер реакция оң болса (папуланың көлемі 1 см көп болса және қызарса), антибиотикті енгізуге болмайды.Ағзаға кең спектрлі антибиотиктің үлкен мөлшерін енгізуі жоғары тыныс жолдарының, ішектің және басқа мүшелердің қалыпты микрофлорасының өкілдерінің жойылуымен байқалады. Ол микроорганизмдер арасында табиғи жағдайда антонгонистік әсерін туғызады. Нәтижесінде осы антибиотиктерге төзімді шартты патогенді бактериялар (стафилококктер, протей) және саңырауқұлақтар пайда болып екіншілік инфекция туғызады. Осылайша саңырауқұлақтар туғызатын тері, шырышты қабықша, ішкі мүшелердің кандидоздары; дисбактериоз пайда болады.Какндидамикоздар болдырмау үшін антибиотиктерді саңырауқұлақтарға қарсы препараттармен бірге енгізу керек. Антибиотиктер қабылданған соң,қалыпты микрофлораның өкілдерінен дайындалған препараттар қолданылуы дисбактериоз ауруын тоқтатады.Антибиотиктермен ұзақ емделу және қолданылуы науқастың ағзасына токсикалық әсер тигізеді: тетрациклиндер бауырды зақымдауы мүмкін, левомицетин- қан айналым мүшелерінің,стрептомицин кей кезде- вестибулярлық және есту анализаторлары, цефалоспориндер бүйректің қызметін бұзады. Көп антибиотиктер гиповитаминоз және асказан ішек жолдарының шырышты қабықшасының тітіркенуі тудырады. Антибиотиктер жүктілік кезінде ананың құрсағындағы балаға кері әсерін тигізеді. Құрсақтың ағзасына тетрациклин тобының антибиотиктер тікелей әсер етеді.Микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығы. Антибиотиктермен емделген кезде антибиотикке сезімтал микроорганизмдер тұрақты (резистентті) түрлерге ауысады. Антибиотикке бактериялардың тұрақтылығы тұқым қуалайды. Көп жағдайда бактериялардың резистентілігі әртүрлі антибиотикалық заттар ыдырататын, фермент синтездейтін бактериялардың қабілеттерімен байланысты.Мысалы, пенициллинге стафилококктың тұрақтылығы антибиотик ыдырататын пенициллиназа ферментінің бөлінуіне байланысты. Сол кезде ішек таяқшасына, протейға және басқа да ішек таяқшасының тұқымдастығына пенициллиназа конститутивті (бір қалыпты) фермент болып табылады және пенициилинге табиғи резистентілігін анықтайды. Кейбір бактерияларда көпшілік дәрілік тұрақтылық байқалады, бактериалдық жасуша бірнеше антибиотиктерге резистентілігі байқалады. Әсіресе ең алғаш тәжірибедегі қолданған пенициллинмен стрептомицинге резистентілігі жоғары. Антибиотикотерапияның маңызыдылығын қолданатын препаратқа бактериялардың сезімталдығын аңықтап, тексереді. Сондықтан да науқастан бөлінген микрооргнаизмдер культурасын әртүрлі антибиотикке сезімталдығын аңықтайды.Саңырауқұлақтардан бөлінген антибиотиктер. PeniciIIium (PeniciIIium notatum,PeniciIIium chrysogenum) саңырауқұлақтардың кейбір штаммдарынан пенициллин алынды.Пенициллин- патогенді кокктарға жоғары белсенді: грам оң стафилококктарға, стрептококктарға, пневмококктарға; грам теріс- менинго- және гонококктарға. Сібір жарасы, сіреспе, газ гангрена, мерез және басқа ауруларды емлеуге қолданады. Пеницилин парентералды енгізеді.Препаратты пероралды жолмен қолдануға болмайды, себебі ол қышқыл және сілті орталарда белсенділігін жояды және ас қорыту жолдарында ыдырайды.Пенициллинді бастап қолданғанда ағзадан тез шығатыны белгілі болды және қандағы пеницилиннің мөлшерін ұстау үшін оны әр 3-4 сағат сайын енгізу керек. Қазіргі кезде жартылай синтетикалық пенициндер алынды: метицилин, оксациллин, клоксацилин, олар пеницилланазамен ыдырамайды және пеницилинге тұрақты стафилококктарды емдеу үшін қолданады, ампициллин тек қана грам оң емес, грам теріс бактерияларды (іш сүзегі, дизентерия және басқ.) белсенді. Оксациллин мен ампициллин асқазанның қышқыл ортасына тұрақты, сондықтан да оларды пероралды қолдануға болады.CephaIosporium туыстығында саңырауқұлақтардан цефалоспорин антибиотик алынды. Олар жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданады.Актиномицеттерден бөлінген антибиотиктер.Ең алғаш сәулелі саңырауқұлақтардың антагонистік әсерін Н.А.Красильников ашқан. Actinomyces gIobisporus-тан американ ғалымы А.Ваксман стрептомицинді алған.Стрептомицин грам оң және грам теріс бактерияларды жояды, оба, туляремия, сарып ауруларын емдеуге қолданады. Антибиотикті парентералды жолмен енгізеді. Бактериялар стрептомицинге төзімді болады. Кейбір микроорганизмдер стрептомицинбайланысты түрлері байқалады, олар қоректі орталарда тек қана антибиотик қосқанда көбейеді.Актиномицеттерден алынған антибиотиктер: эритромицин, олеандромицин, канамицин, рифампицин, линкомицин және басқалары. Бұл препараттарды басқа антибиотиктерге резистентті бактериялар тудырғанда ауруларды емдеуге қолданады.Бактериялардан бөлінген антибиотиктер.Ең тәжірибелік маңызы бар полимиксиндер мен граммицидин С. Полимиксиндер спора түзетін топырақ бациллалар-B.poIimixa дан бөлінетін антибиотиктер тобын құрайды. В,М және Е полимиксиндер грам теріс бактериялар (энтеробактериялар, көкіріңді таяқша және басқ.) белсенді. Грамицидин С- Г.М.Гаузе және М.Г.Бражинский ғылымдары B.brevis топырақ бацилласының штаммдарынан алынған антибиотик.Оған грам оң бактериялар сезімтал. Грамицидин С- эритроциттердің гемолизін тудыруы мүмкін, сондықтан да ірңдң қабыну процесстерді емдеу үшін қолданады.Жоғары өсімдіктерден бөлінген антибиотикалық заттар. Т.П.Токин ғылымы көп жоғары өсімдіктер микробқа қарсы әсері бар(фитонцидтер) түзетінің дәлелдеді. Олар өсімдіктерді микроорганизмдерден қорғайды. Фитонцидтер-ұшатын эфирлы майлар,тұрақсыз, сондықтан фитонцидтердің препраттарын тапза күйінде алуға өте қиын. Фитонцидщтер пияз,сарымсақ шырынынан, эвкалипт және лишайниктерден,зверобой шөптерінен алады. Олар хрен, редис, алоэ және басқа да өсімдіктерде де табылды. Фитонцидтерді медициналық тәжірибеде қолданылуы шектеулі, себебі жақсы тазарған, тұрақты және аз токсині бар препараттарды алуға қиынға соғады.Жануарлардың ұлпаларынан бөлінген антимикробты заттар. Лизоцимді ең алғаш орыс ғалымы Н.П.Лащенков тауық жұмыртқасының ақуызында тапқан. Содан соң лизоцимді сүтте, көз жасында, түкірікте және әртүрлі мүшелердің ұлпаларында(бүйректе, көкбауырда, бауырда) тапты, және көптеген патогенді, сапрофитті микроорганизмдерге бактериолитикалық әсерін (бактерияларды ерітуі) тигізетіні аңықталды. Оны көз және тері ауруларды емдеуге қолданады.Экмолинді балықтың ұлпаларынан З.В.Ермольева алды. Пеницилинмен бірге қолданады,себебі ағзадағы әсерін күшейтіп және әсерін ұзартады.Ерекше қызығушылық интерферон тудырады- вирустардың әсерінен ағзаның жасушасында түзеді, вирустардың көбеюінен жасушаны қорғайды. Интерферонды Айзекс пен Линдеман 1957 жылы ашты, кең антивирусты спектрі бар препарат. Интерферон механизмінің әсерін зеттеген кезде көп вирустардың нуклеин қышқылының синтезіне әсер етіп,жояды. Интерферонге түр спецификалығы тән: адам инетерфероны жануарлардың ағзасындағы вирустарға әсер етпейді.Интерферонды адамның лейкоциттерінен бөледі. Тұмауды және басқа да вирустық респираторлық ауруларды алдын алуы мен емдеу үшін қолданады.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!