Материалдар / Аппликация
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аппликация

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карталар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3676
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: шығармашылық, таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Тышқан іні».

Мақсаты: жануарлар туралы білімдерін нақтылау;

Білімділік: тышқанның мекені туралы түсінік беру;

Дамытушылық: тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру;жапсыру реттілігін қалыптастыру;

Тәрбиелік: жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру. Тышқанның өзіне тән ерекшелігі туралы әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

Қостілдік: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Амансың ба, асыл күн!

Амансың ба, асыл жер!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап-күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Балалар шаттық шеңберің құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар, тыңдаңдаршы, ненің даусы?






-Балалар, мысық не істегенді жақсы көреді?

-Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады, тышқан аулағанды ұнатады.

Сөздік жұмыс. Тышқан іні.

-Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсыруды үйреңгілерің келе ме? Ол үшін негізгі бетте (фонда) ін бейнеленген сурет берілген, фонға бірінші тышқанның денесін жапсырамыз. Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Балалар, тышқанның құлағы үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-Содан кейін құйрығын жапсырамыз. Құйрығын қараңдаршы, ұзын екен. Балалар, сендер тышқанның қайда мекен ететінін білесіңдер ме? Тышқанның іні болады. Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды. Біз де тышқанға ін жасап берейік.Іннің аузың дөңгелектен жапсырамыз.

Қостілдік: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.


Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір ады.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жұргізеді.


Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін бақылайды.

Балалар дауысты тыңдайды, «мысықтың даусы» және «тышқанның» деп жауап береді.


-Пырылдап ұйықтағанды жақсы көреді.


Қайталайды: тышқан іні.

Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды, жапсыру реттілігін тыңдайды, талдайды.

Тышқанның құлағы үлкен.










Қайталайды: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.


Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.






Балалар аппликация реттілігін сақтай отырып жасыру жұмыстарын орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Қандай әсер алдыңдар?

-Тышқан қайда мекендейді екен?

-Балалар, қазір «Тышқан мен мысық» ойынын ойнайық.

-Иә ұнады.

-Үлкен әсер алдық.

-Өзі қазған інінде.

Балалар өз ойларымен бөліседі.

Балалр ойын ойнайды.

Күтілген нәтиже:

Орындайды: кеңістікте бағдарлай отырып жапсыруды;

Түсінеді: мысық пен тышқанның қасиеттерін;

Қолданады: орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы .

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Қоянға арналған баспалдақ».

Мақсаты: қағаз бетінде бағдарлай білу түсініктерін нақтылау;

Білімділік: кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ретімен жапсыруды үйрету, пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету;

Дамытушылық: аппликация дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: баспалдақ.

Қостілдік: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңне ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталап орындайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар, сендер Айдар есімді қоянның сиқырлы екенін білесіндер ме? Ол барабанда ойнап, одан неше түрлі дыбыстар шығара біледі екен. Бірақ, қоян келе жатқанда алдынан биік тау кездесіпті, сол таудан өту үшін оған баспалдақ қажет болыпты.

-Балалар, қоянға баспалдақ жасауға көмектесемізбе?


Сөздік жұмыс: баспалдақ.

-Баспалдақты неден жасасақ болады?

-Дұрыс айтасыңдар, баспалдақты төртбұрыштан жасайық. Баспалдақты жасау үшін төменнен бастаған жөн.

-Төртбұрыштардың түстері қандай?

Ол үшін ең астына 4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты және оның үстіне 1 төртбұрышты болды.

Қостілдік: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.

Балалар таңғалады.

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.





-Иә, көмектесеміз.



Қайталайды: баспалдақ.


-Төртбұрыштан жасаймыз.


-Сары, жасыл, көк, қызыл.

Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.

Қайталайды: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тәрбиешінің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды.

-Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?

-Не жасадық?

-Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма?

Бүгінгі белсенділіктерің үшін көп рақмет.

Балалар өз ойларымен бөліседі.

-Айдар атты қоянға.

Баспалдақты жасап бердік.

-Өте ұнады.

-Балалар қуанады.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті; жұмыстың орындалу ретін;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.





















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Көгалда серуендеген балапандар».

Мақсаты: балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру;

Білімділік: үй құстары туралы білім беру;

Дамытушылық: желімсіз аппликация дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балапандар туралы, олардың қорегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: көгал.

Қостілдік: балапан-цыпленок, сары-желтый.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

«сәлем»дейік үлкенге.


Балаларға «Шөжелер» әуені қойылады.


-Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.








Балалар өлеңді тыңдайды, билейді.

-Балалар туралы айтылған.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Кәне, бәріміз бірге балаппанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.


-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

-Балапанның түсі қандай болады?

-Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.


-Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз.

Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.

Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі-басын жапсырамыз.

-Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен?

Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Қостілдік: балапан-цыпленок, сары-желтый.


Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір ады.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.

Балалар тәрбиешіге қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.

-Балапандарды.


-Сары.

-Үш балапан.

Қайталайды: көгал.



Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.




-Дөңгелекке ұқсайды.





Қайталайды: балапан-цыпленок, сары-желтый.




Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.



Балалар көрсетілген сурет бойынша және тәрбиешінің нұсқауы бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?


-Балапан неше бөліктен тұрады? Түсі қандай екен?

-Балапандар қайда серуендейді?

-Көгалда неше балапан серуенде жүр?

-Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарын ұшін рахмет!

Балалар өз ойларымен бөліседі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

-Балапан үш бөліктен тқрады. Түсі сары.

-Көгалда серуендейді.

-Үш балапан серуенде жүр.

Балалар тәрбиешінің айтқан рақметіне қуанады.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;

Қолданады: балаппанның дене мүшелері туралы түсініктерд





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар».

Мақсаты: бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету;

Білімділік: бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту;

Дамытушылық: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;

Тәрбиелік: жолдастыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды қорғау күні мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: дос, мереке.

Қостілдік: достар-друзья, шарлар-шары.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың.

Құшақтасып алайық!

Балалар шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті.

Бірақ жолда келе жатып шарларын жарып алыпты.

Сөздік жұмыс: дос, мереке.

-Балалар, сендер түлкі, қоян және кірпіге шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме?

-Шарлардың пішіні қандай?Түстері ше?

Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар, ал кірпінің қолында 1 жасыл және 1 қызыл дөңгелек шар, ал қоянның қолында болса 1 жасыл сопақша және 1 сары дөңгелек шар бар. Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болды.

Енді олар достарына сыйлықтарын сыйлай алады.

Қостілдік: достар-друзья, шарлар-шары.


Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір ады.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жұргізеді.



Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.



Қайталайды: дос мереке.


-Иә көмектесеміз.

-Сопақша, дөңгелек.

Қызыл, сары, жасыл.



Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.




Қайталайды: достар-друзья, шарлар-шары.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, жаттығулар жасайды.







Балалар үлгідегі реттілік бойынша жапсыруды жүзеге асырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші топтық талқылау жүргізеді. Балаларды марапаттайды.

Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.

Күтілген нәтиже:

Орындайды: кеңістікті бағдарлай отырып рет-ретімен орналасытруды;

Түсінеді: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді үйлестіре алуды;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Шығармашылық.таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз».

Мақсаты: Жыл басы-Науыз туралы мағлұмат беру;

Білімділік: Наурыз мерекесінің ерекшелігі, ұйымдастырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Дамытушылық: сәндік аппликация дағдыларын қалыптасыру;

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

Қостілдік: жыл басы-начало года.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!»-деп,

Сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін орындайды.




Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар, наурыз айындағы мерекелерді есімізге түсірейікші.

22Наурыз қазақ халқының

Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы.

Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап, үй аралап қонаққа барады.

Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды.

Қазақ халқы қонақжай халық.


Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

-Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз.

-Балалар, кілемді немен әшекейлесек болады?

-Балалар, гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

-Сабағының түсі қандай екен?


Қостілдік: жыл басы-начало года.

Негізгі бетке (фон) қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз.

Ал сабағын, одан сәл төменірек, Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз.

Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды соғамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Біз отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

-Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

-22 Наурыз-Жыл басы, Наурыз мерекесі.


Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.


Қайталайды: қонақжай халық.



-Гүлдермен әшекейлейміз.

-Төртбұрышқа ұқсайды.


-Жасыл.

Қайталайды: Жыл басы-начало года.

Балалары тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды, қол қимылдарына қарайды.






Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

Тәрбиеші балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді.


-Балаларға, мерекеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз.

Балаларды мадақтайды.

Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді.


Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуі;

Түсінеді: геометриалық фигураларды, ұлттық мейрамды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін;

Қолданады: кілемді гүлмен безендіруді.












Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Әжеме арналған түрлі түсті моншақ».

Мақсаты: түстер туралы түсініктерін нақтылау;

Білімділік: моншақтар туралы, халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсініктерін қалыптасыру;

Тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: аппликация дағдыларын қалыптастыру;

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу, өлеңдер жаттау, моншақтардың түрлерін көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: моншақ.

Қостілдік: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!»-деп,

Сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар,наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер?

-8 Наурыз кімдердің мерекесі?

-Ал сендер әжелеріңе сыйлық жасағыларын келе ме?

Олай болса, әжелеріне арнап моншақ жасайық.


Сөздік жұмыс: моншақ.

-Моншақты неден жасасақ болады?

-Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл, түстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.


Қостілдік: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.


Сергіту сәті.

Қос бұрымға тағылған

Шашбау сылдыр етеді.

Шолпыларың лағылдан

Бір ырғалып өтеді.

Сырғаларың селт етсе,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік, жүзігің

Көзді тартып өтеді.


-Балалар, үйдегі әжелерімізді қуанту

үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық.

Әжелеріміз мереке қарсаңында қуанып қалсын. Тәрбиеші балалармен жеке

жұмыс өткізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.

-8 Наурыз.


-Аналардың, әжелердің мерекесі.

-Иә, келді.



Қайталайды: моншақ.

-Түрлі түсті дөңгелектерден.


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Қайталайды: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.





Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.




Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынща тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:


-Балалар, біз бүгін немен айналыстық? Моншақтарды неден жасадық? Моншақтарды кімге арнап жасадық?


-Жарайсыңдар, сендер өте әдемі моншақтар жасағаңдарын үшін рақмет айтамын.

-Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: түрлі түсті дөңгелектерден;

Түсінеді: 8 Наурыз аналар , әжелер мерекесі екенін;

Қолданады: дөңгелектерді қолдана отырып желімсіз жапсыруды.

















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек».

Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау;

Білімділік: балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру;

Тәрбиелік: шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Сөздік жұмыс: киім.

Қостілдік: көйлек-платье, бұршақ-горошек.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғыланы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Бірақ Айжанның көңіл күйі жоқ екен. Себебі, қызыл көйлегіндегі бұршаұтары түсіп қалыпты.

-Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

-Айжанның көйлегінің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: киім.

-Бұршақтардың пішіні қандай?

-Бұршағының түсі қандай екен?

-Балалар, Айжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне жапсырамыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан да қуанып қалды.

Қостілдік: көйлек-платье, бұршақ-горошек.


Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады.

Тамышлар тамады,

Тырс-тырс, тырс!

Терезені қағады.

Жылғылар ағады,

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.




-Иә, көмектесеміз.


-Көйлегінің түсі қызыл.


Қайталайды: киім.

-Дөңгелек.

-Ақ.


Балалар тәрбиешінің айтақаны бойынша тапсырманы орындайды.




Қайталайды: көйлек-платье, бұршақ-горошек.




Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар өздігінен жұмыс атқарады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, бүгін біз не істедік?


-Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

-Бұршақтың түсі қандай?

-Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет.

Айжан балалармен қоштасады.

-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

-Көйлегіне бұршақ жапсырдық.

-Қызыл, ақ.


Балалар Айжанмен қоштасады.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақты өз орнына жапсыруды;

Түсінеді: досына қиын сәтте көмек беруді;

Қолданады: ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Жемсауыттағы құстар».

Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау;

Білімділік:Құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылы: Жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылықты, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.

Сөздік жұмыс: Жемсауыт.

Қостілдік:құстар-птицы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.Балалар мен бірге шаттық шеңберін жасайды.

Шаттанып тұрайық жылы жұзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар құстардың үнін тамашалайық.

Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.Балаларға сұрақтар қойылады.


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.


Балалар әуенді тыңдай отырып,құстар әлеміне келгендей сезінеді.

-Құстардың дауысы.

-Қарғаны,торғайды.

Ұйымдаылық-

Ізденістік

-Балалар,бұл ненің даусы?

-Сендер қандай құстарды білесіңдер?

-Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме?

Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.

-Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?

Үлгі суретпен жұмыс:

Жапсыру жолымен жасалған ұяның үлгі суретін көрсетіп,сипаттайды.

Сөздік жұмыс: Жемсауыт.

-Негізгі бетте (фонда) жемсауыт

Және жем берілген.Осы бетке құстарды жапсырамыз.Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз.Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.

-Қанаты қандай пішіннен жасалған?

-Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.


Қостілдік:құстар-птицы.


Сергіту сәті:

Торғай,торғай,торғайсың.

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал.

Шашылған нан қоқымын,

Шоқып-шоқып жиғайсың,

Сонда аязға тоңбайсың.

Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.

«Ұшты-ұшты» ойыны арқылы қорытындылайды. Ойын ережесін түсіндіреді: ұшатын құс, жәндік

атауын естігінде, ұшқандай қимыл жасау керек, ал ұшпайтын заттардың атын естігінде, қозғалмау керек.

Тәрбиеші бастайды:

Ұшты,ұшты

Қарға ұшты.

Ұшты, ұшты

Ағаш ұшты.

Осы ретпен балаларға жалғастыруды ұсынады.


-Иә.







Үлгі суретті тамашалайды.



Сөздік жұмыс: Жемсауыт










Балалар тапсырманы орындайды,қимыл-қозғалыстар жасайды.








Ұшатын құс,көлік аттарын естігенде ұшқандай қимыл жасайды.Ұшпайтын заттың атын естігенде,ешқандай қимыл жасамайды.




Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:-Балалар, бүгін құстарға не жасадық?


-Балалар құстарға неге жем шашады?

-Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін балаларды мақтап, мадақтап қортындылайды


Ұшатын құс, көлік аттарын естігінде ұшқандай қимыл жасайды. Ұшпайтын заттың атын естігенде, ешқандай қимыл жасамайды.

Бірінен кейін бірі жалғастырады.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: қыста жылы жаққа ұшып кетпей қалып қоятын құстарды;

Түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екенін;

Қолданады: түстерді ажырата білуді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!