Қызылорда көпсалалы «Ұлағат
Қызылорда» колледжі
Келісемін:
Көпсалалы «Ұлағат
Қызылорда»
колледж
әдіскері
.....................Альмердинова
Ұ.М.
«........»................2021ж.
|
Бекітемін:
Директордың оқу
ісі
жөніндегі
орынбасары
.........................
Сугурова З.А.
«..........»
.......................2021ж.
|
Колледжішілік апталық
тақырыбы: «Білімді ұрпақ – тұрақты даму
кепілі»
Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету
түрлері»
Дайындаған: Абдраманова
Ж.Ғ.
Қаралды
«Экономикалық-техникалық
және арнайы» пәндер
бірлестігі
Бірлестік жетекшісі:
Абдраманова Ж.Ғ.
.................................................
Хаттама № ..... «.......»
...............
Қызылорда, 2021
ж.
Алғашқы көмек көрсету
түрлері
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздік
туралы кіріспе жасау.
«Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарында оқитын 1
курс білім алушылар арасында алғашқы көмек көрсету жұмыстарын
жандандыру, өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы
тәсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын
қалыптастыру.
-
Білімділік: Оқу-жаттығу жұмыстарына
қатысушы білім алушылардың тәжірибелік білімдерін
дамыту.
-
Дамытушылық: Өрт қауіпсіздігі мамандығына
қызығушылықтарын арттыру, тәжірибелік қабілеттерін нығайту,
жылдамдықтарын дамыту.
-
Тәрбиелік: Өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта,
бинт, манекен және т.б. құрал-жабдықтар.
Алғашқы көмектің халықаралық
белгісі
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру (амандасу)
-
Шараның тақырыбын, мақсатын
айтып кету.
-
ТЖМ «Апаттар медицина
орталығы» ММ-нің тәжірибелік тұрғыда білім алушыларға алғашқы
көмекті көрсету;
-
Слайдпен жұмыс, видео - ролик
көрсету.
Ашылу
сәті:
Армысыздар, құрметті білім
алушылар, қонақтар! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Білімді
ұрпақ-тұрақты даму кепілі» атты аптығымызға қош келдіңіздер!
Алғашқы көмек түрлеріне жалпы шолу жасап
өтсем.
Алғашқы
көмек — адам өміріне немесе
денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін
немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым
шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі
жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға
бату, күю, үсу, электр
тоғы соғу, т.б. жатады.
Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат
әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін
тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе
таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау,
сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру,
жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен
адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе
жедел медициналық көмек көрсететін
дәрігерлер тобын шақыру.
Тұрмыстық
күйіктер
Белгілері: І дәрежедегі күйік:
дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап
аурады.
ІІ дәрежедегі күйік: қатты
қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық
жинақталады), ауру жанына қатты бата
бастайды.
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің
түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді,
естен тану белгілері байқалады.
ІV дәрежедегі күйік: терінің,
бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері
үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан
байқалған.
Тыныс алу жолдарындағы
немесе өңештегі бөгде заттар
Белгілері: зардап шегуші
мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді,
ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары
жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Сенің әрекетің:
Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен
жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына
саусағын салып зорланып құсуын талап ет, саусақты мүмкіндігінше
терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса,
кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз. "103 - жедел жәрдемін"
барынша жылдамдатып шақыр!
Жүрек қызметінің
тоқтауы
Белгілері: естен тану, тыныс
алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің
әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап,
сылау.
Жүректі жанамалай уқалап,
сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның
жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз.
- семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі
саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның
қасына алақаныңды бас.
- келесі қолыңның алақанын,
қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары
қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті
нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын.
Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы
тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет)
қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100
рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 -
120 рет).
Жасанды тыныс алудыру мен
жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе
реанимациясы)
Құсу,
лоқсу
Белгілері: ауыз арқылы
асқазанның ішіндегісі еріксіз шығады. Сенің әрекетің: - Лоқсу
басылғанға дейін қатты тамақ берме. Лоқсығанына қармастан, құсу
көпке дейін тоқтамаса да көбірек сұйықтық бер. - Егер құсқан кезде
бас қатты ауыратын болса, немесе іш ауырса, егер құсық массасы қан
араласқан болса немесе қара, қоңыр кофе қоюлығына ұқсаса, жылдам
"103 жедел жәрдемін" шақыр!
Көздің
жарақаттануы
Белгілері: көз жабылады немесе
жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады. Сенің әрекетің:
-Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен
жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып
қой. - Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық
компресс бас. - Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны
сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды
ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды,
сілтілер түскенде - 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20
минут.
Құлақтағы бөгде
заттар
Назар аудар! Құлаққа түскен
бөгде заттарды (моншақ, бұршақтың дәні), егер тек олар сыртқы есту
жолдарының кіре берісінде орналасса және сіз дабыл жарғақты
жарақаттамауға мүлде сенімді болсаңыз ғана алуға тырысыңыз,
басқадай жағдайларда өзіңіз шығаруға әрекеттенбеңіз. ЛОР дәрігеріне
қаралыңыз.
Ал, енді сөз кезегін жоғарыда
айтылған алғашқы көмек туралы тәжірибелік тұрғыда көрсету
үшін ҚР ТЖМ «Апаттар медицина
орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша
филиалынан келіп отырған қызметкерлеге
береміз.
Қорытынды (видео - ролик
көрсету)
Қорытындылай келе, алғашқы
көмек көрсету бойынша тәжірибе оқу процесінің құрама бөлігі болып
табылады және оқу процесінде білім алушылармен алынған білімдерін
бекіту мен тереңдету, зерделенетін пән бойынша тәжірибелік
іс-әрекеттің қажетті ептіліктіліктері мен дағдыларын дамыту бойынша
міндеттер қояды. Тәжірибенің негізгі мақсаты алынған теориялық
білімдерін тәжірибелік іс-әрекетте пайдалану болып
табылады.