Ақ семсерлі ел арысы - А.Иманов туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақ семсерлі ел арысы - А.Иманов туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт -азаттық көтеріліс басшысы -А.Ү.Иманов туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байдилдина Айгул Галимухановна Қостанай облысы

Аманкелді ауданы

Үрпек ауылы

Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

«АҚ СЕМСЕРЛІ ЕЛ АРЫСЫ»

Халық басына күн түсіп, қиын-қыстау замана туғанда ғана тұлға өзінің өзгеден ерек ісімен, пәрменді күшімен, құдіретті көріпкелдігімен танылады. Ендеше, тұлға – табиғат сыйы, табиғи ортаның туы. Тұлғаны ақ алмастай замана шыңдайды, қаттыны жарады, жұмсақты тіледі, замана талабы туған кезде оттан шығып, жалын құшұан ақ алмас қынабынан жарқ етіп қадір-қасиетімен халыққа танылады, «тарих» деген дарияны еркін малтып өтіп, өз тұғырына қонады. Мұндай тұлғалар тарихта күнде тумайды, табиғат адам баласына оны сирек сыйлайды. Пенде шіркін көбіне тірісінде ұлылардың ұлылығын түсіне білмей, түсінгісі де келмей, айырылып қалғанда ғана есіне алып жылайды.

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған азаттықты аңсаған қазақтың ұлы перзенттері еді. Өйткені олар қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алды. Сондай дара тұлғалардың бірі Амангелді Иманов болатын.

Қазақ халқының аса көрнекті перзенті, бостандық жолындағы күрескер Аманкелді Имановтың өмірі мен қызметі еңбекші қазақ бұқарасымен тығыз байланысты. Аманкелді Иманов қазақ қоғамындағы патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастың, патша өкіметі тарапынан барған сайын күшейе түскен ұлттық және отаршылдық езгінің барлық азабы мен ауыртпалығын басынан кешірген адамдар ұрпағына жатады [1, 55 б.].

Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды [2, 104 б.].

Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

Амангелді Иманов Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты [3. 10 б.].

Көтеріліс сардарбегі Амангелді Иман ұрыс жүргізудің өзіндік тактикасын қолданды. Мергендерден ерекше жасақтар құрып, оларды шағыл құмдардың арасына орналастырды. Жазалау отрядтарының коммуникациялық жолына тез қимылдайтын атты әскер жіберіп отырды.

Әр уақытта қазақтың қара жері тек қазақ азаматтарына ғана тиесілі екендігін алға басқан Амангелді сол кездегі ең қажетті мәселе – жер мәселесі деп ұққан.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бағыттағы туындылардың ішінде көлемі жағынан да, көркемділігі тұрғысынан да, көрнектілерінің бірі – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке-жеке өлең, толғаулар шығарған. Кейін сол өлең толғауларды құрастырып, жалғастырып дастан етіп жазған [4. 8 б.].

1942 жылы «Амангелді» деген атпен жеке кітап басылып шыққан. Ал, 1961 жылы «Амангелді батыр» деген атаумен «Таңдамалы шығармалар» жинағына енгізілген. Дастанда Амангелдінің батырлық жолы мен көтеріліс кезіндегі ерлік іс-әрекеттері жан-жақты суреттелген.

Ақын Амангелді жайлы дастанын батырлар жыры үлгісінде жаңаша толғайды. Халықтың асыл сөздермен сусындаған ақын Амангелді батырдың тұлғасын былай деп жырлайды:

Батырдың туғаннан түрі бөлек,

Шүйделі бас, формы дөп-дөңгелек,

Сүйріктей судан шыққан екі қолы,

Буынның саусағында белгісі жоқ.

Тұтасқан екі қастың аралығы,

Бесіктей бұлшық еті, жұмыр білек. .

Қазаққа қанды күн болды– деп, жаугершілік заманның басталғанын, мылтық-қылышын баптап жүретін ер азаматқа сынды кезеңнің келгенін суреттей келе топтан суырылып шығып Ер Исатай секілді егеулі найзасын қолға алған Амангелді батырдың жауға қарсы аттанғанын шынайы баяндайды [4. 10-15 б.].

Қазақ халқы Амангелді Имановты мақтан тұтады, оның сіңірген еңбегін жоғары бағаламау мүмкін емес. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы төбемізде нұрын желбіреп шашып тұрғанда, тәуелсіздіктің қайптас күрескері Амангелді Имановтың уақыт өткен сайын рухы ашыла түсіп, жоғарылай беретіні анық.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Аманкелді Иманов. Мақалалар, документттер, материалдар. / Құраст. М. Қ. Қозыбаев, П. М. Пахмурный. Алматы: «Қазақстан», 1975. – 276 б.

  2. Батырдың биік тұлғасы: материалдар, фотодокументтер мен мақалалар жинағы. / Құраст. Ш. Иманов, Х. Маданов. – Алматы: «Қазақстан», 1986. – 144 б.

  3. Мұхамеджанов З. Торғай комиссарлары: тарихи документтер мен сарбаздардың әңгімелері бойынша жазылған очерк. – Алматы: «Қазақстан», 1974. – 128 б.

  4. Қозыбаев Манаш. Шығармалары. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. Т.3. – 328 б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2024
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі