Материалдар / Ақбота Темірғалиева Амангелдіқызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақбота Темірғалиева Амангелдіқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің өмірлік жоспарым »
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2023
175
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Мәдениеттану туралы ғылым"

Орындаған: Дильназ Мухаммедова журналистка факультеті 1 курс студенті

Мәдениеттану
туралы түсінік:

Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән
ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және
аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен
мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат
қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі
барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып,
мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау
жасайды.
Мәдениеттауды
тек
гуманитарлық
ғылымдар
саласына
ғана
емес,
жалпы
теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады,
өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі
сан
алуан
құбылыстарды
жүйелі
түрде
қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым
салалары шұғылданады.

Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың
ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің
қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады.
Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты –
дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени
процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре
отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде
Қазақстанда
Мәдениеттау
пәні
жүйелі
түрде
оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында
өзінің нақты орнын таба алмады.

Мәдениет ұғымының тарихи
қалыптасуы
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл
сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды
білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ
тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген
сөзінен
енген.
Бұл
ортағасырлардағы
мұсылман
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен
байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды
альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл
жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты
«культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда
«культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны
берген.
Кейінірек,
дәлірек
айтқанда,
Цицеронның
еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп,
«жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді.

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей
анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі
мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті,
қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы
басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және
тағы басқалары).

Қазіргі заманғы
ғылымдар
жүйесінде
мәдениеттанудың
алатын орны



Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы
ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де
болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына
жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым,
сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол
философияның басты саласы, мәдениет философиясын
қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі
процестерді
(материалдық,
әлеуметтіқ,
саяси,
адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша
қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын,
оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этноәлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және
тарихи
сипаттамаларымен,
жағдайларымен
ерекшеленетін
түрлі
мәдениет
түрлерінің
өзара
байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.

Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың
өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып,
адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану
пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге
ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес,
жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени
өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып
көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің,
социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы басқалары ат салысатынын
ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.

Қорытынды:
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан
ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап
өтуді жөн кәрдік. Ол — белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас,
өрі қажетті ғылым саласы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып
кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр
теориясында, қоғамдық ғылымдарды және басқа да ғылым салаларында кеңінен
қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.
Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және
«мәдениет» мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап, «мәдениеттану
жеке пән ретінде бар ма?» деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз,
мәдениеттану — ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда,
сондықтан оның болашағы да зор болмақ.




НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!