Ақкөл жағасында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақкөл жағасында

Материал туралы қысқаша түсінік
түсінік сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу



Сабақтың атауы

Әмірхан Абдуллин. Ақкөл жағасында

Сілтеме

Әдебиеттік оқу 4 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру.  Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Туған елі, туған тілі туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың жабдығы

Оқулық,тақырыпқа сай суреттер

Психологиялық ахуал

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасы

С.Бегалин. Қырдың жас түлегі

1. Шығарма кім туралы?

2. Анатолийдің жасағаны дұрыс па?

3.Шоқан бұл шығармада кім болған?

4.«Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

Қызығушылықты ояту


Жұмбақ шешу:

Бір нәрсе қанаты бар ұшпас биік,

Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.

Арасын жер мен көктің өрт алса да,

Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. (Балық)

Балық қайда мекендейді?

Балықтың қандай түрлері бар? (Ақбалық, шортан, алабұға, көлтабан, сазан,жайын т.б)

Мағынаны тану


Автор туралы қысқаша мәлімет

Ә.Абдуллин Торғай селосы Жанкелдин ауданының тумасы, газет редакторы болып қызмет атқарған зейнеткер. 

А.Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, аудармашы, ұстаз, әдебиет зерттеушісі, мемлекет қайраткері, ағартушы, күрескер. Ол 1873 жылы Торғай облысында Ақкөл ауылында туған. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап боп басылып шыққан. Қазақ әліппесі «Әліпби» 1921 жылы шыққан. «Тіл құралы» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі бар.

Оқулықпен жұмыс:

-Мұғалімнің оқуы

-Оқушыларға тізбектей оқыту

-Жекелеген сұрақтар:

І топ

1. Әңгімеде кім туралы?

2. Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды? 
ІІ топ

3. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді?

4. АхметБайтұрсынұлы неге риза болды? 
ІІІ топ

5. А.Байтұрсыновтыңсөйлегенсөзінен, іс-әрекетіненқандайадам

екенінбайқадыңдар?

6. Неге бұләңгіме “Ақкөлжағасында” депаталады?

Сергіту сәті

Секем ап бір дауыстан,

Қанша болды сөресі?

Безектеп бес сауысқан,

Үш үкі үркіп ұшты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ,

Отырғанда қатарлап,

Топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды? (5+3+7+9=24)

Оқушылардың бойын сергіту

Ой толғаныс


Дәптермен жұмыс:

Сызбаны толықтырып жаз

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Журналға қою

Күнделікке қою



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
993
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі