Материалдар / АҚМОЛЛА МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ, КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ"

АҚМОЛЛА МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ, КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер мен оқытушылар үшін маңызды тақырып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
573
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиетінің тарихында айрықша орын алатын діни-ағартушылық ағым өкілдерінің шығармашылығы – рухани мұраларымыздың ішіндегі таным тұрғысынан қайта-қайта қаралып, әділ баға берілуге міндетті рухани мұраларымыздың бірі. Аталмыш ағым туралы: «Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан жасап, жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің өзі дарытады»,-делінеді «Сөз өнері» зерттеуінде [2, 334-б.]. Әдебиет ықылым заманнан қоғамнан, заманнан бөлек дамыған емес. Ол бәрібі өзі өмір сүрген дәуірдің идеологиясынан тыс бола алмайды. Сондықтан З.Қабдоловтың бұл пікіріне дау айта алмаймыз. Алайда көптен бері айтылып, әбден құлаққа сіңісті болса да әдебиеттану ғылымында әлі күнге ағым мәселесіне келгенде сан қилы пікірлер толастамай келе жатыр. Әдеби ағымды мәселесін әдіс-тәсілмен байланыстырып қараушылар аз емес олардың ішінде. Әдеби ағым эстетикалық таным, көркемдік ізденіс, суреткерлік шеберлік деген мәселлеермен тығыз байланысты. Әдетте, қалам иесі өзі таныған заман шындығын шығармашылық ой елегінен өткізіп барып, идеялық мақсатына пайдаланады да, кейін барып оны көркемдікпен өрнектеудің әдіс-тәсілдерін іздестіретіні сөзсіз. Сонда әуелі идея, сосын сол ақындық мұратты жеткізудің әдіс-тәсілі туады деген сөз. Осы тұрғыдан қарасақ, әуелі ағым, кейін әдеби әдіс пайда болады деп пайымдауға болар еді. Әдеби ағым – әдіс-тақырып-идея сияқты үш бірліктің нәтижесі. Осы үш бірлік нәтижесі ағымның әдіс-тәсілмен өзара байланысын, ерекшелігін де көрсетіп тұр.

Ғалымдар бұл ағымның ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты кең өріс алғанын айтады. Мәселен, У.Қалижанұлы: «Қазақ даласын түгелдей отарлап алған патшалық Ресей енді қазақ халқын мүлде басқа дінге ендіру мақсатын көздеді. Сібірдің ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша өкіметі осындай миссионерлік саясатты қазақ жерінде де жүргізуге кірісті. Бірақ бұл саясат жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа ұшырап отырды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындар патшалы Ресейдің қазақтың жерін алумен бірге оның өзін әр түрлі саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын салғанын сезді. Олар патшалық Ресейдің осы қитұрқылығына қарсы тұрар жолдың бірі деп халықтың діни сауатын ашу жолын таңдады» дейді [3, 31-б.]. Ғалымның айтып отырған осы идеологиялық қысым қазақ даласында еркінен тыс мұсылмандық қозғалыстың тууына себеп болды, расында. Бұл қозғалыстың негізгі қозғаушы күші діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар поэзиясы еді. Олар адамдардың ой-сезімін, санасын мұсылмандықтың жалпыға белгілі ізгілік идеясымен, нұрымен сәулелендіру арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, адал өмір сүруге уағыздау, білім алуға, оқуға шақыруды мақсат етті. Адам бойында сол уақыттарда белең алған парақорлықтың, жауыздықтың, алдап-арбаудың басты себебі дінсіздіктен деп түсінді. Мұсылмандықтан тая бастаудың басты себепшісі Ресей отаршылар екенін жақсы түсінді. Сол себепті де азғындықтан сақтанудың бұлтартпас жолы ретінде діни ағартуды басты негіз етіп алды. Осындай бір шоғыр қазақ қоғамына рухани сілкікінс жасады. Олар діни-ағарту мақсатты өз шығармашылығының басты арнасына айналдырды: Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931), Нұржан Наушабаев (1859-1919), Ақмолла Мұхамедияров (1831-1895), Әбубәкір Кердері (1861-1905), Мұсабек (Молда Мұса) Байзақұлы (1849-1932) т.б. ақындар.

Айналада болып жатқан рухани осындай сілкініс Ақмолла Мұхамедиярұлы шығармашылығына, оның өмірлік позициясына да әсерін тигізбей қоймады. Санасы жарық ақынның діни сауаты да терең еді. Сондықтан да ол қоғамда орын алған діни-ағартушылық бағыттың көш басынан орын алды. Ол, ең алдымен, исламды ар, жан тазалығы, адамгершілік пен имандылықтың кепілі деп ұқты. Жалпы, ағым өкілерінің қай-қайсысы да гуманистік, имандылық, адамгершілік ойларын діни ұғымдармен байланыстырып беруге ұмтылды. Құран Кәрім сүрелерінен, хадистерден, аяттардан үзінділе арлып, алынған ғибрат сөздердің астарына үңіліп, оларды өздерінің философиялық астарлы ойын беруге, халықтың ислам дінін шынайы, имандылық тұрғысынан терең танып, түсінуіне жағдай жасау үшін пайдаланды. Ислам дінінің адамгершілік сипатын суреттейтін жыр-дастандар жазды, сол мақсатта мінәжат, мадақ сияқты діни жанрларды пайдаланды. Мұның себебі де түсінікті еді. Патшалық Ресей саясаты, түптеп келгенде, отар елдердің бәрін шоқындырып, оларды түп негізінен ажыратуды мақсат етті. Осылайша, ұлттық рухты өшіріп, ұлттық код жазылған жадымызды өлтіру саясатын діни-ағартушылық ағым өкілдері терең түсінді. Сөйтіп өз шығармаларында азаттық, азаматтық позицияларын да білдірді. Ағартушылық идеясын ғана дәріптеп қойған жоқ. Түптеп келгенде, олардың шығамаларының түпкі астарында азаттықты аңсау сарыны байқалды. Ондай ойды олар бірде ашық, бірде астарлы ой арқылы жеткізді. Мысалы,:

Туымды ер туралықпен билейді ұлтын,

Жібермес жаман жолға пірлер мүритін.

Бұл күнде әһлі исламнан ықпал тайып,

Бақ-дәулет қашуға тұр беріп сыртын.

Қаптады халықтың үстін қараңғылық,

Жиһад қыл жарыққа шық, жатпай түртін.

Қызметін қалыс қылып Қадыр Хақтың,

Ғасияның лайынан бетті сүртін,- [4, 75] деп келетін Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өлең жолдарынан жоғарыда айтқан азатшылдық идея байқалады. Мұндай рухани құрсауға қарсылық идеясы тек Тұрмағамбеттен ғана емес, Ақмолла, Әбубәкір, Мұсабек Байзақұлы өлеңдерінен де мол кездестіреміз. Кеңес дәуірінде жоғарыда аталған ақындар ескішіл, діншіл аталып, оқуға тыйым салынды. Оған себеп осы азатшылдық, ұлтшылдық, ағартушылық рух болатын. Кеңестік идеология мұндай шығармалардың халықтың рухын оятып, санасын сілкіндіретін ұлы күшінен сескенді, сондықтан да оларды жасырын, жабық ұстауға тырысты.

Діннен ажыраған халықта рухани аштық болатынының бір көрінісі - бала әкені, қыз шешені тыңдамайтын жағдайдың орын алуы. Мұны зар заман ақындары да баса айтып, өз туындыларында күйзеле толғады. Он тоғызыншы ғасырда қазақтың ішкі-сыртқы жағдайын әбден зерттеп алған патшалық ресейдің отарлау саясаты ендігі жерде халықтың санасын да жаулап алуды мақсат етті. Сөйтіп, осы мақсаттағы әкімшілік жарлықтар да шыға бастады. Соның бірі - 1868 жылы қабылданған «Жаңа низам» заңы. Осы заңнан соң православие дінінің миссионерлік қоғамының міндетін тікелей өз міндетіне әкімшілік ала бастайды. Генерал-губернатор, уезд начальниктері, әскери губернатор, христиан дінінің басшылары осы шаруаға бел шешіп кіріседі. Дала генерал-губернаторы Брон Таубе Семейдің әскери генерал-губернаторына жазған бір хатында (1893 жылы 19 қаңтарда): «Сіз басқаратын облыста татарлардың, бұхаралықтардың ислам дінін насихаттауы күшейіп барады, бұған қашан тиым салынатынын сұрап, сондай-ақ бұқараны әкімшілік тарапынан бақылауға алу керектігі» айтылса, Семей мен Томск епископы Макаридің дала генерал-губернаторына жолдаған хатында облыстардағы мұсылман мешіттерінің көзін құртып, орнына православие шіреулерін салудың өте қажет екені айтылған. Сондай-ақ Зайсандағы татар мектебін жабу туралы да нұсқау берілген. Халықты осылайша қорлау, сеніміне балта шабу арқылы түптің түбінде халық ретінде оны біржола жер бетінен жоқ ету саясаты осылай ұйымдастырылған.

Қазақ халқының басынан өткерген осындай неше түрлі қитұрқылықты, ақындардың шығармаларын толыққанды зерттеп, жан-жақты саралай келе, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиевтер былай деген еді: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет пен алдыңғы жарымындағы әдебиеттің бір-бірімен ұштасатыны да, айырылысатын жақтары да жқ емес, бірқ бұлардың суреттеп беру жолдары, алға қойған мақсат-тілектері бұрынғылардан да ерекшелеу еді. Махамбет т.б батырлықты жырлай отырып, қару алып, күреске шығуды үндесе, Мұрат, Шортанбайлар қарулы көтерілістің кезі деңгейден өтіп кеткенін сезіп, елді патша өкіметінен аулақ әкету, көшу мәселелерін сөз етеді

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ