Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ақпараттандыру бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі
Мектептің педагогикалық
кеңесімен бекітілген
27.08.2014 жыл
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі
АҚПАРАТТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2014-2016 оқу жылдарына арналған
МАЗМҰНЫ
-
Кіріспе.....................................................................................................................3
-
Мектеп жұмысының негізгі бөліктерін ақпараттандыру...................................4
2.1. Білім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру.................................................4
2.2. Ғылыми әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру.......................................5
2.3. Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру......................................5
2.4. Кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру..................................................6
2.5 Телекоммуникабельдік инфрақұрылымды жетілдіру........................................7
2.6. Қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру......................................7
2.7 Ақпараттық білім беру орталығын құру.............................................................8
2.8 Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту....................................8
3. Ақпараттандыру жұмысын басқару...................................................................9
4. Проблемалардың мінездемені шешуге бағытталған бағдарлама...................10
5. Атқарылатын іс-шаралар жоспары...............................................................12-14
-
Кіріспе
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 2014--2016 жылдарға арналған ақпараттандыру бағдарламасы мектептегі ақпараттандыру жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын, нәтижелерін анықтайтын жүйені ұсынып, ақпараттандыру арқылы білім сапасын арттыруға арналған мақсаттарға жету жұмысын ұйымдастырады.
Бағдарламаны әзірлеу барысында мектептің әдістемелік кеңесінің, кәсіподақ камитетінің, мектеп кеңесінің шешімдері қаралып есепке алынады.
Бағдарламаны әзірлеу төмендегі құжаттар негізі болады:
-
Қазақстан Республикасының білім туралы заңы 15 шілде 2011 жыл №461-ІҮ.
-
Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 бұйрығымен бекітілген «2011-2020» жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы 06.01.2011 жыл.
Ақпараттандырудың мақсаттары мен міндеттері:
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің ақпараттандыру ісі мектептің барлық жұмыстарын нәтежелі білім беруге бағыттаушы болып келеді. Мектеп «Білім беруді ақпараттандыру арқылы білім сапасын арттыру» әдістемелік тақырыбымен бірлесіп келеді. Себебі қазіргі таңда мектеп қызыметкерлердің сапалы білім беруінің, оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарымен айналысу деңгейінің жоғарлауы мектептің ақпараттандырылу деңгейіне сай болмақ.
Бағдарламаның басты мақсаты. Мектептегі ақпараттандыру жұмысын жүйелеу.
Алдыңғы «Ақпараттандыру бағдарламасының» барлық дерлік бағытты жұмыстары уақытымен жүргізілді. Жаңа бағдарлама басталған жұмыстардың негізгі бағыттарын сақтай отырып мақсатты жалғастыруына негіз болады. Бағдарлама төменгі негізгі бағыттар бойындарша ақпараттандыруды жетілдіруге негізделген:
-
Білім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру
-
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
-
Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру
-
Кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру
-
Компьютерлік желі ресурстарын кеңейту
-
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту
-
Ақпараттық білім беру орталығын құру.
Мектептің осы «Ақпараттандыру бағдарламасына» сай әр әдістемелік бірлестігі, әр ұйымы өз жұмыс жоспарын құрып, тереңдетілген түрде жан-жақты жұмыстануы керек.
-
Мектеп жұмысының негізгі бөлімдерін ақпарттандыру
-
Білім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру
-
Ақпараттандыру бағдарламасын білім беру үрдісінде іске асыру үшін төмендегідей бағыттағы жұмыстар жүргізіледі:
-жаңа ақпараттық технологияларды игеруге арналған ғылыми-әдістемелік және оқу әдістемелік нұсқауларын әзірлеп енгізу;
-компьютерлік білім беру үшін технологиялық база жасақтап енгізу;
- компьютердің білім берудің тиімді тәсілдерін жасақтап енгізу;
-қажетті көрнекілік құралдар мен электрондық оқулықтар әзірлеу.
Білім беру үрдісін ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісіне кеңінен енгізу;
-
Электрондық оқу материалдарын әзірлеу;
-
АКТ-ны қолдану арқылы білім беру әдістері мен түрлерін жетілдіру;
-
Білім беру үрдісінде ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
Бұл міндеттерді орындау үшін:
-
Мұғалім мамандардың біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау;
-
Білім беру үрдісіне компьютерлік қолдау көрсету үшін мектептің ғылыми-әдістемелік, оқу әдістемелік және технологиялық базасын нығайту;
-
Мектеп сайтын құрып қажетті бағдарламалармен, білім беру үрдісін жетілдіруге арналған ақпараттармен толықтырып отыру;
-
Электрондық білім беру базасын құру және толықтыру (тесттер жинағы, білім сапасының көрсеткіштерінің жинағы, флипчарттар, көрнекіліктер жинағы, денсаулық көрсеткіштер, т.с.с);
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі АКТ-ны кең ауқымды қолдану болмақ.
2.2 Ғылыми әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Ғылыми әдістемелік жүйесін ақпараттандыру келесі бағыттарда жүргізіледі:
-
Мұғалімдердің мамандық шеберліктерін арттыру жұмыстарына АКТ мүмкіндіктерін қолдануға үйрету;
-
Әдістемелік бөлімдерді, жұмыс кабинеттерін ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;
-
Компьютерлік технологияларды қолданып технологиялық және эксперименттік зерттеулер шеңберін кеңейту.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
-
Мектеп ішінде «Ақпараттық коммуникатциялық құзырлығын қолдану шеберлігін арттыру» әдістемелік орталығын құру;
-
Мектеп сайтын құрып, төмендегідей бөлімдерді енгізіп жұмыстандыру:
-жобалар сайысы;
- мектеп тарихы, жетістіктері
-әдістемелік бірлестіктің жинақ базасы (ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, практикумдар жинақтарынан)
- мектеп оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарының жиындығы;
-мектеп кітапханасының жұмысы;
3. Интернет арқылы ғылыми ақпараттарға іздеу салып әдістемелік бірлестіктерді жоспарланған сайыстар мен форумдар туралы хабардар етіп отыру.
4. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің ғылыми шығармашылық жұмыстармен шұғылдану деңгейінің рейтингісін жүргізіп отыру.
5. Ғылыми жұмыстармен айналысатын мұғалімдер мен оқушылардың деректер базасын жасақтау.
2.3 Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпарттандыру
Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпарттандыру –мектеп жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен түрлерін жетілдіруге, барлық деңгейдегі жұмыстарды басқаруды бір жүйеге алып келеді.
Ұйымдастыру мен басқару жүйесін алып келу үшін:
-
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларды ақпараттық технологияларды қолдануға үйрету;
-
Білім беруді ақпараттандырудың, ұйымдастыру басқару және нормативті деректер базасын құру ( мектептің жұмыс жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің, ұйымдардың жұмыс жоспарын, пән мұғалімдердің күнтізбелік жұмыстарының жоспарларының жиындығы);
-
Әр әдістемелік бірлестіктерді, ұйымдарды өз деңгейіндегі жұмыстарды атқаруға және шешім шығаруға қажетті ақпараттармен қамтамассыз етіп отыру;
-
Мониторинг жүргізіп отыру (мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүргізу деңгейін, білім сапасы мен оқушылар, мұғалімдер жұиыстарының рейтирнгісінің көрінісі) қажет.
Құжатты алмастыру жүйесін құру
Мектепішіндегі құжаттардың алмасу деңгейін, жоғарғы органдардың тапсырмаларын орындау және есеп беру жүйесін арттыру мақсатында құрылатын жүйенің мақсаты:
-
мектептегі іс шаралардың біртұтас көрініс беруі;
-
барлық бірлестіктердің бірлесе жұмыстануы;
-
адами, коммуникациялық, техникалық ресурстарды тиімді қолданылуы.
Бұл мақсаттарды орындау барысындағы қолжетімділік:
-
құжаттар мен есептердің әзірлігі туралы ақпарат алу;
-
тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылау;
Құжатайналымды енгізу тиімділігі:
-
Мектепішіндегі бір орынның екінші орынға құжат тасымалдау жүйесін азайту;
-
Жұмыс сапасын арттыруда уақыт үнемдеу.
Мектеп қызыметкерлерінің жүктемелерін есептеу жүйесін енгізу
Мектептің білім беру жүйесінің жылдық жүктеме есебін шығарып, оны қызыметкерлер арасында жоспарлы да мақсатты бөлу жауапты қызымет болып табылады. Бұл жұмысты атқаруда оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері мен іс-жүргізуші алдына төмендегідей мақсаттар қойылады.
-
Мектептің класс комплекттердің есебін алып, енгізу, өңдеу және дер кезінде тапсыру;
-
Мектептің класс комплекттеріне қарап нормативті құжаттарға сай жалпы жүктемелі есептеп, мектеп қызыметкерлерінің арасына жүктемелі бөлу (жүктемелі тең бөле отырып әр мұғалімнің мектеп жұмысында алатын орны, яғни оның әкімшілік жұмыспен, қоғамдық жұмыспен, тереңдетіп оқытумен, ғылыми жұмыспен, шығармашылық жұмыспен жұмыстануы есепке алынады);
-
оқушылар мен мектеп қызыметкерлерінің қозғалысын есепке алып, реттеп отыру;
-
әр мұғалімнің апталық жүктемесі көрсетілетін тарификациялық бетті толтыру;
-
сабақтар кестесін, қызыметкерлердің жұмыс кестесін жасау.
-
Мектеп кітапханасының жұмыс жүйесін ақпараттандыру.
Қазіргі таңда мектеп жұмысын ақпараттандыру сапалы білім берудегі ең негізгі сала болып табылады. Қажетті ақпаратты қайдан қалай алуға болатынын, ақпарат аумағының көлемі, тиімділігін, сапасын білу үшін кітапхана жұмысына төмендегідей міндеттер қойылады:
-
электрондық каталог жасау;
-
электрондық оқулықтардың, сайттардың тізбесін жасау;
-
кітапхана қызыметінің қолданушылардың электрондық деректер базасын жасақтау;
-
оқу құралдарын базасын бекіту процесін автоматтандыру;
-
мектеп сайтының «мектеп кітапханасы» бөліміне кітапханаға түскен жаңа құралдармен мұғалімдердің әдістемелік нұсқаулары, жаңалықтар туралы ақпараттар еңгізіп отыру;
-
кітапхана жұмысы туралы ақпараттар мен жетістіктер туралы ақпараттар мен бейне фильмдер жинақтау;
-
мектеп кітапханасын ақпараттандырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасап, бекіту.
-
Мектептің телекуммуникабельдік инфроқұрылымын жетілдіру
Мектептің телекуммуникабельдік инфроқұрылымын одан әрі жетілдіру ақпартты алу, өңдеу, және есеп берудің тиімді де ауқымды жолданы кеңейту болып табылады. Бұл жұмысты жинастыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жоспарланады:
-
Мектепте орындалған интербелсенді тақталарды интернеттік желімен қамтаммасыз ету;
-
Мектеп ішіндегі барлық компьютер арасында жергілікті желі арқылы байланыс орнату;
-
Аудан көлеміндегі айнақтық байланысқа қосылу;
-
Информатика кабинетін компьютермен жабдықтау;
-
Компьютерлермен жабдықталған кабинетті терезелеріне жалюзи мен кондиционермен жабдықтау.
2.6. Қызыметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру
Мектептің мұғалім мамандарының, әкімшілік-басқару, оқыту және практикалық жұмыс жасауда көмекші қызыткерлердің білімдерін жетілдіру мектепті ақпараттандырудың негізгі талабының бірі. Бұл істі жүзеге асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуі шарт:
-
Уақытылы облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институтының тақырыпты курстар өткізу жоспарына сай мамандардың білім жетілдіру курстарынан өтіп отыруына жағдай жасау;
-
Мектеп мұғалімдерінің білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізіп, тиімді қолдануына және нәтижелерін сараптап отыруын қадағалау, озық іс тәжірибелерді арттыру;
-
Мектепішілік «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану шеберлігін арттыру» тобының жұмысын жүйелеп, мектеп қызыметкерлеріне компьютерлік технологияларды тиімді қолдану шеберлігін арттыруға бағытталған семинар-практикумдарды ұйымдастырып өткізу;
-
Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың мультимедия, гипертекс, интернет желісін, қосалқы құрылғыларды тиімді қолдана білуге үйрету;
-
Мектеп қызыметкерлерін қарапайым Microsfort Officce 2010 қолданбалы бағдарламасын қолдану шеберлігін кеңейту мақсатында қосымша сағаттар ұйысдастыру;
-
Мектеп оқушыларына 2-сыныптан бастап қосымша сағаттар өткізу арқылы ақпарат алмасу, интернет желісіне шолу тәжірибелерін арттыру;
2.7. Ақпараттық білім беру орталығын құру
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің жұмыстану аймағына пәндерді тереңдетіп оқыту, бағдарлы білім беру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Осылармен жүйелі үздіксіз оқу-тәрбие жұмыстарын құру қажеттілігі туындайды. Орталық алдында оқушылар мен мұғалімдер ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамассыз ету мақсатында төмендегідей міндеттер қойылады:
-
жаңа ақпарттық технологияларды енгізу арқылы білім беру;
-
ғалами-практикалық конференциялар, пәндік олимпиадалар, сайыстар өткізу;
-
Оқушылармен сабақтан тыс кезде қосымша факультатив сағаттарын өткізу арқылы бағдарлы және жан-жақты тереңдетілген білім беру;
-
Интернет арқылы сырттай білім беру ресурстарын қолдануға жағдай туғызу;
2.8 Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту
Ақпараттандыру бағдарламаларының барлық бөлімдерінің орындалуының маңызы мектептің материалдық-техникалық базасының жетілуіне байланысты.
Бұл орайда мектеп келесі міндеттерді тұр:
-
Мектептің информатика кабинетіндегі және басқа саларындағы компьютерлік техникаларды ауыстыру тағы бір мультимедия кабинетімен жасақтау;
-
-Мектеп ішіндегі компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру және интернеттік байланыс орнату;
-
Мектеп әкімшілігі қызыметкерлерінің кабинетін желіге қосылған компьютерлермен жабдықтау;
-
Мектептегі бар бағдарламаларға жаңартулар орнату және қажетті бағдарламаларға сұраныстар жасау;
-
Мектеп мұғалімдерінің қолданып жүрген әдіс тәсілдерін, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тарату мақсатында электрондық жасақтамалар әзірлеу;
-
ІР- телефония байланыс желісін орнатуға қажетті құралдарға сұраныс жасау;
-
Ақпараттандыру жұмыстарын басқару
Мектептің ақпараттандыру жұмысының бағдарламаға сай жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында «ақпараттандыруды бақылау кеңесі» құрылып, әр бағытқа жауапты мүшелер тағайындалып, жұмыстың жүргізілу нәтижесін мектептің АБК кеңесінің отырысында талқыланады.
АБК кеңесінің мүшелері:
-
Мектеп директоры-Кеңес төрағасы;
-
Оқу ісінің меңгерушісі-төраға орынбасары;
-
Әдістемелік бірлестік жетекшілері (12 мүше)
-
Оқытушылар комитетінің мүшесі;
-
Ата-аналар мүшелері;
Бұл мүмкіндік береді:
– білім беру мекемелері жалпы білім беру ресурстарына қол жеткізуді ұйымдастыру, жоғары санатты педагогикалық мамандарды ұтымды пайдалану, жаңа ақпараттық технологиялар саласының мамандарын дайындау жолымен оқыту сапасын көтеруге;
– білім беру мекемелеріне жоғары жылдамдықты каналдар бойынша жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізімді қамтамасыз етуге;
– ескірген компьютерлік техниканың ауыстыруын жүргізуге;
– жалпы білім беру мектебінің негізгі пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қазіргі заманғы электронды оқу басылымдарын жасауға және оқу процесіне енгізуге, оқытудың дәстүрлі құралдары арқылы олардың интеграциясын жүзеге асыруға;
– электронды кітапхана құруға және оларға орналастырылған білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
– әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін ашық білім беру жүйесін, интербелсенді қашықтықтан оқыту технологиясын қоса, ұйымдастыруға;
– білім беру жүйесіне ақпараттандырылуды енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мамандарды дайындауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;
– білім беру жүйесін ақпараттандырудың нормативті құқықтық негізін құруға;
– білім беру сапасын қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолдану есебінен көтеруге;
– жаһандық ақпараттық ресурстарға мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
– қашықтықтан оқыту мен кеңес беру технологияларын дамыту үшін жағдай жасауға;
– ашық білім беруді іске асыру үшін мүмкіндіктер дамытуға;
– ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалану саласында мамандарды дайындау сапасын көтеруге.
Проблемалардың мінездемесі, оларды шешуге бағытталған
бағдарлама, бастапқы жағдайы
Мектептің ақпараттық білім беру ортасының қазіргі заманғы жағдайы:
– 109 оқушы, 6 әдістемелік бірлестік, мұғалімдердің сандық құрамы – 41 адам, олардың ішінде 7-і жоғары санатты, 13 – бірінші, 9 – екінші; санатсыз 12.
– ұжымда сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмыс өткізілді;
– интернетке еркін қол жеткізу сыныбын пайдалануға берді;
– сабақтан тыс уақытта жеке-дара жұмыс үшін оқушылар мен оқытушылардың компьютерге және қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету кең диапазонына қол жеткізуді қамтамасыз етілді;
Пән мұғалімдері:
– Мектеп мұғалімдері интербелсенді тақтаны, электронды оқулықтарды пайдалана отырып арнайы тренажерлер, тестер өз сабақтарында тиімді пайдалана алады;
– Физика және химия пәндерінің мұғалімдері Базарханов Е.Ж және Мунара Роза әзірленген электронды оқулықтардағы зерханалық жұмыстарды жүйелі түрде сабақтарда өткізіп тұрса, бастауыш сынып, тарих, информатика, математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері электронды оқулықтардағы тапсырмаларды оқушыларға интербелсенді тақтанының және дербес компьютердің көмегі арқылы орындатып отырады;
– Орыс тіліжәне әдебиет пәнінің мұғалімі Буланбаева Б.Р, қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі Умерханова Г.М, Исагулова Г.Ө, Оразалин Б.Н және т.б мұғалімдер пән бойынша оқушыларды аудандық, қалалық деңгейде өтетін сайыстарға қатыстырып отырады. Сондай-ақ мектеп оқушылары жылда қашықтық олимпиадаларға, тақырыптық конкурстарда, интернет олимпиадаларға тұрақты түрде қатысып отырады;
– мектебіміздің барлық мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауларды электронды түрде құрастырады;
Оқушылар:
– пән мұғалімдері басшылығымен және өзінің бастамасы бойынша жобалау қызметіне қатысады, тұсау-кесер әзірлейді, интернетте еркін жұмыс жасай алады. Бұл жұмыстар қалалық деңгейде атап өтіледі;– қалалық және халықаралық бастама желісіне қатысады (викторина, конкурс, жобалар);
Оқушылардың жетістіктері:
-11 сынып оқушысы Тұрарбекқызы Толғанай аудандық, қалалық деңгейде өткен қазақ тілі және әдебиет пәндері олимпиадасына қатысып І-ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ М.Мақатаев оқуларына қатысып жүлделі орынды иеленді.
- биология пәнінен өткен аудандық пән олимпиадасында -6 сынып оқушысы Абдырахманова Марал ІІ орынға ие болды;
-Орыс тілі және әдебиет пәнінен өткен топтық олимпиадада 10 сынып оқушылары арнайы сертификаттармен марапатталды.
- Республикалық деңгейде өткен «Тоғызқұмалақ» жарысында 10 сынып оқушысы Акишев Мади ІІІ орынға ие болды.
Мекемені дамытудың негізгі мақсатына жету үшін, дәл айтқанда мектептің барлық құрылымдық бөлімшелерінде компьютерлік техниканы, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану тұрғысында жаңа сапалы деңгейге көшу, білім сапасын қазіргі заманғы АКТ-ны тиімді қолдану арқылы көтеру, мұғалімдер мен оқушылардың жаһандану ақпараттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту мен кеңес беру технологияларын дамыту, ашық білім беруді іске асыру мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау үшін, қажет:
– мектепте қазіргі заманғы компьютерлік техниканың санын көбейту;
– әкімшілік пен педагогтер үшін компьютерленген жұмыс орындарын құру;
– бөлінген серверлермен жалпымектептік жергілікті жүйе құру;
– мектеп медиатекасын құру;
– оқу қызметінде және сыныптан тыс жұмыста АКТ-ны тұрақты іске асыратын педагогтер санын өсіру.
– пән мұғалімдері мультимедиялық электронды сабақтар құруға, жобалау қызметіне және әртүрлі, соның ішінде Интернет арқылы конкурстарға үміт артуға болатын оқушыларды көбірек тарту.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
– мектептің әртүрлі қызметтері мен бөлімшелері үшін компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу (басқару, психологиялық қызмет, кеңсе);
– оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған жеке оқыту;
– мектептің бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
– Internet-те жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалана отырып,оқушылардың қашықтықтан компьютерлік бағдарлау тестілеуін өткізу;
– пәндер бойынша, мультимедиалы технологияларды қоса, оқытатын және бақылайтын бағдарлама қорын құру;
Іс-шаралар жоспары
2014-2015 оқу жылы
№ |
Іс- шара |
Өткізу уақыты |
Қажетті ресурстар |
Күтілетін нәтиже |
1 |
ИКТ, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану |
Жыл бойы |
Электронды оқулықтар |
Күрделі, шынайы тәжірибелерді модельдеу |
2 |
Қашықтықтан оқыту |
ПКБАИ жоспары бойынша |
Интербелсенді тақта |
|
3 |
Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру. |
желтоқсан |
Компьютер |
|
4 |
Құжаттар алмасу жүйесін құру |
2014 жыл |
Коммуникативтік технологиялар |
|
5 |
Мектеп жүйесін басқаруды жүйелендіру |
үнемі |
|
|
6 |
Оқу құралдарын беру процесін компьютерлендіру |
2015 жыл |
|
|
8 |
Мектеп кітапханасын ақпараттандыру ұзақ мерзімді жоспарлап жасап, бекіту |
қыркүйек |
|
|
9 |
АКТ-ны қолдану арқылы білім беру әдістері мен түрлерін жетілдіру |
2015 |
|
|
10 |
Әдістемелік және оқу әдістемелік нұсқаулар әзірлеп еңгізу |
2014-2015 |
|
|
11 |
ActivInspaire бағдарламасының мүмкіндіктері |
қаңтар |
Интербелсенді тақта, ActivInspaire бағдарламасы |
Мектепішілік семинар өткізу |
12 |
Компьютерлік білім берудің тиімді тәсілдерін жасап енгізу |
2014-2015 |
|
Мұғалімді курстарға жіберу |
13 |
Қажетті көрнекілік құралдар мен электрондық оқулықтар енгізу |
2015 |
компьютер |
Мұғалімдердің шығармашылықтарын арттыру. |
2015-2016 оқу жылы
№ |
ШАРАЛАР |
МЕРЗІМДЕРІ |
ЖАУАПТЫЛАР |
1 |
Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушыларды оқытуды жүзеге асыру |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері, информатика мұғалімі |
2 |
Өзін-өзі жетілдіру мен оқушыларды оқыту үшін Internet–тің кеңістігін қолдану |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
3 |
Компьютерлік сауаттылық үйірмесіндегі сабақтар арқылы компьютерлік техниканы игерген педагогтарды көбейту. |
Демалыс күндері |
Информатика мұғалімі Белгібай А.С |
4 |
Компьютерлік технологиялар саласында мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру |
Жыл бойы ПМ БАИ арқылы |
Әкімшілік |
5 |
Компьютерлік қолдау арқылы жүргізілетін сабақтар үшін материалдар дайындайтын пән мұғалімдеріне консультациялық, техникалық және әдістемелік көмек көрсету |
Тұрақты |
Әкімшілік Информатика Мұғалімі Белгібай А.С |
6 |
Мектепті басқару процесін компьютерлендіру үшін деректер базасын дайындау және толтыру: – мектеп педагогикалық қызметкерлерінің деректер базасы; – мектеп оқушыларының деректер базасы; – мектеп шағын учаскесінде тұратын балалардың деректер базасы. |
Қыркүйек, қазан |
Әкімшілік: |
7 |
Іс жүргізу және мектеп ішіндегі құжаттаманың жүргізілуін компьютерлендіру |
Тұрақты |
Хатшы-іс жүргізуші |
8 |
Оқу процесінде компьютерлік техниканы қолдану үшін бағдарламалы-педагогикалық құралдар банкін құру (электрондымультимедиялық оқулықтар,пәндер бойынша бақылаушы және оқытатын бағдарламалар,зертханалық практикумдар т.б.) |
Тұрақты |
Пән мұғалімдері. Әкімшілік Кітапханашы |
9 |
Есептеу-әдістемелік және дидактикалық материалдар банкін, MS.Office мониторинг құралдарын құру |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері. Әкімшілік |
10 |
Мұғалімдер мен оқушылардың баспасөз қызметін ұйымдастыру және қолдау |
Жыл бойы |
Әкімшілік, информатика мұғалімдері |
11 |
Педагогтердің сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарға дайындалулары үшін Internet желісін қолдану |
Тұрақты |
Пән мұғалімдері |
12 |
Педагогикалық бағдарламалық құралдарды әзірлеу (тұсау-кесерлер, электронды курстар және т.б.) |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
16