Материалдар / Ақпаратты қорғау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпаратты қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Үздік сабақ жоспар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі

Бекітемін

Арнайы пәндер

бірлестігінің жетекшісі

__________Ш.Е.Назарова



Сабақ жоспары

Ақпаратты қорғау әдістері

(сабақ тақырыбы)

Модуль / пән атауы: Орындалатын жұмысқа қатысты барлық мәселелер бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу және жасау , жаңа қызметкерлерге нұсқама жүргізу және оқыту

Дайындаған оқытушы: А.Т.Кыргызбаева

Күні: 06.02.2023ж.

Жалпы мәліметтер

Курсы: 2 оқу жылы: 2022-2023 ж.ж топ: ТЭ-121

Мақсатты, міндеттері

Барлық білім алушы: Компьютерлік жүйелерді компьютермен бағдарламалайды.

Басым бөлігі: Компьютермен жұмыс жасайды.

Кейбір білім алушылар: Тақырып бойынша сабақ қарастырып, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, баяндау, сергіту сәті, рефлекция, түсіндіру, сұрақ-жауап ,баяндау, «Ұшақ» әдісі Саймон Браунхилл бойынша

Сабақтың көрнекілігі: нұсқаулықтар, көрнекіліктер

Сабақты жабдықтау: Техникалық құралдар: интерактивті тақта, презентация және бейнеролик, дербес компьютерлер, смартфондар.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі: -Амандасу, кабинетті ретке келтіру, сабаққа қатысушылықты тексеру

  • Қайталау, еске түсіру кезеңі

  • Жаңа сабақты меңгерту

  • Өтілген материалды бекіту

  • Үйге тапырма

  • Студенттерді бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу.

Сабақтың мақсатын,тақырыбын айту.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар қою, бір-біріне сұрақтар қойдыру.


ІІІ.Жаңа сабақ: Ақпаратты қорғау әдістері

Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік негізгі түсініктері

  • Ақпараттық қауіпсіздік (кең мәнде) - мынау субъектілер мүдделерінің қорғанушылық күй-жағдайы

  • Субъектілердің мүдделерін қанағаттандуру үшін кез-келген уақытта тұрақты ұстап тұру қажет:

    • ақпараттың қол жетімдігін

    • ақпараттың тұтастығын

    • ақпараттың құпиялығын

  • Ақпараттық қауіпсіздік (тар мәнде) - КЖ және олардың компоненттерінің жағымсыз әсерлерден қорғанушылық қасиеті оларды қолданатын субъектілердің көз қарасы бойынша

  • КЖ қауіпсіздік деңгейі – КЖ және оның компоненттерінің болжанған қауіптерден қорғанушылық нақты қол жетерлік дәрежесі белгілі күштердің және құралдардың айқын терімін қолдану шарты жағдайында

  • Қауіпсіздік қауіптері - потенциалды мүмкін әрекет, оқиға немесе процес, ақпаратқа немесе КЖ басқа компоненттеріне әсер арқылы субъектілердің мүддесіне тікелей немесе жанама зиян түсіретін

  • Ақпаратқа қол жеткізу – ақпаратпен танысу, оны өңдеу, сонымен қатар, ақпаратты көшіру, модифификациялау және жою

  • Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу ережесі – субъектінің объектіге қол жеткізу құқығын регламенттейтін ережелер жиынтығы

  • Ақпаратқа санкцияланған қолжетімділік – рұқсат етілген пайдалану ережесін бұзбай ақпаратқа қол жеткізу

  • Ақпаратқа санкцияланбаған қолжетімділік (НСД) – ақпаратқа қол жеткізу ережесін ЕТ штатты құралдарын пайдалану арқылы кол жеткізу шектеуін бұзу

  • Қол жеткізуді басқару саясаты қол жеткізудің басқару ережесі және әрбір пайдаланушының немесе пайдаланушылар тобының құқықтары нақты анықталуы тиіс. Қол жеткізуді логикалық және физикалық басқару құралы бірге қаралуы тиіс.

  • Ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау – алдын-ала қақпайлау немесе ақпаратқа бекітілмеген рұқсатты маңызды қиыншылығын қарастыру

  • Компьютерлік жүйені пайдаланатын кез келген адамға деректер қауіпсіздігі әсер етеді.

  • Компьютер жүйесіндегі деректер бүлінген, жоғалған немесе ұрланған болса, онда оны қалпына келтіру мүмкін емес.

  • Ақпаратты қорғау– информациялық қауіпсіздікті (информацияның бүтіндігін, ену көздерін, шектулілігін, ақпарат және оның ресурста-рын қолдану барысында) қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар комплексі.

  • Ақпарат қауіпсіздігі деп – оның оған түрлі қарсылық білдіруші әсері кезінде жүйенің иеленушілері мен қолданушыларына зиян келтіру әрекетіне қарсы әрекет жасау қабілетінен көрінетін қасиетін түсінеміз.



Ақпаратты қорғаудың техникалық шараларына бейнебақылау, дабыл беру жүйелері, сондай-ақ ақпараттарды таратуға жол бермейтін және бұғаттайтын басқа да құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Ақпаратты қорғаудың техникалық шараларына бейнебақылау, дабыл беру жүйелері, сондай-ақ ақпараттарды таратуға жол бермейтін және бұғаттайтын басқа да құралдарды пайдаланумен байланысты болады

Бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, Мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау – ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады, (мысалы, әуелі тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес). Шифрлау дегеніміз - арнайы кодтау. Бөгде қызмет ету туралы түсініксіз, ашық ақпарат түрлендіру. Ол екі бөлімнен тұрады: криптография және криптоталдау. Криптография 4 мыңжылдық тарихы бар ғылым. Криптография - ақпаратты шифрлау әдістері туралы ғылым. Криптоталдау - шифрланған түсіндірудің қажеттіліктері мен әдістері туралы ғылым.

IV.Сергіту сәті:

Ергежейлі және дәу

Шарты: «Дәу» дегенде оқушылар орнынан тұрып, қолдарын жоғары көтеруі тиіс. «Ергежейлі» деген сөзге отырып, қолдарын алға созу керек.

V.Сабақты бекіту:

«Ұшақ» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

VII. Бағалау Рефлекция:«Бағалау ағашы»
шарты: Себеттегі алма, гүл және жапырақты тақтадағы ағашқа жабыстырады.
Бұл жердегі:

1.алма-бүгін мен көп үйрендім 2.гүл-маған ұнады 3.жапырақ- менде әлі сұрақтар бар

VIII. Үй тапсырмасы: қосымша мәліметтер іздеу, оқып келу

Пайдаланған әдебиеттер:Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы: Шартарап, 1998 ж  






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!