Материалдар / "Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар" 6 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар" 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар" 6 - сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: І-тарау .АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Мектеп: «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: «____» ______ 2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Талибаева Б.П.

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

4Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Компьютердің қалай зақымдануы мүмкін жолдарымен танысады, және білімдері қалыптасады.

Басым бөлігі: Вирусқа қарсы программалардың талаптары мен ережелерін меңгереді.

Кейбір оқушылар :Ақпаратты қорғаудағы қауіпсіздік ережелерін шынайы өмірде пайдалана алады.

Бағалау критерийі

    1. Ақпарат қауіпсіздігін біледі.

    2. Ақпарат қорғау ұғымын анықтайды.

    3. Ақпарат санаттарын анықтайтын сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады.

    4. Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғыларын айырып таниды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ақпаратты қорғау қажеттілігін түсіндіреді және
оны қамтамасыз ету жолдарын сипаттап ашып бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • DVD-ROM

  • АНТИВИРУС

  • WINDOWS

Құндылықтарға баулу

Компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрене отырып, сол ережелерді үнемі жауапкершілікпен қолдануға баулу. Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Математикка ағылшын тілі , орыс тілі.

Алдыңғы білім

Ақпараттың қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы



5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті: Шаттық шеңберін құру.

Топқа бөлу:Оқушылар ортадағы кеспе қағаздарын алады. Кеспелерде ағылшын және қазақ тілінде жазылған компьютер құрылғыларының аттары берілген. Алған кеспедегі құрылғы аттарын оқып, қазақ тілінде оқығандар бір топқа, ағылшын тілінде оқығандар бір топқа бірігеді.

1 топ «Модем»

2 топ «Желі»

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар, Ақпараттық қасиеттердің қандай түрлері бар т.б. сұрақтар.


Стикер қағаз Қағаз сұрақ парақшалары


Сабақтың ортасы





30 мин












Жаңа тақырып

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

«Ақпаратты қорғау .Вирусқа қарсы программалар».

Осыдан соң Компьютерде жұмыс істеу барысында ескерілетін қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Жаңа тақырыпты «Кейс стади» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. «Кейс стади» әдісі-өз бетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау әдісі.

1-топқа: Ақпаратты қорғау деген не ?

2-топқа: Вирусқа қарсы программалар деген не? деген сияқты сұрақтарға жауап береді . Топтар тапсырманы топпен талқылап, түсіндіреді.

«Ой қозғау » әдісі бойынша мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны анықтау

Ақпаратты қорғау дегеніміз

Ақпарат категориялары

Ақпаратқа әсер ету түрлері

ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.


Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары:

Құпиялылығы- белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.

Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.

Түпнұсқалық (аутентичность)- ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.

Апеллияциялануы- кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.

Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы.

Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы.

Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады.

Санкцияланбаған таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық құқық қорғанысы.


Әр бір топ тапсырмалардың жауабын тапқандығын қол көтеру арқылы білдіреді. Әрбір дұрыс жауапқа топ «5»баллдық көрсеткішпен бағаланып отырады. Бұл тапсырма оқушыларды , шапшаңдыққа және бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелейді. «Сергіту сәті» кезінде ән тыңдау арқылы көзге арналған жаттығуларды жасатамын. Оқушыларды слайдтағы жаттығуларды ретімен орындату арқылы сергітіп аламын.

Қорытындылау: Тест тапсырмасы. Тест тапсырмасын электронды түрде тапсырады. Тест нәтижесі оқушыға тапсырма соңында бірден көрсетіледі. ADSoft Tester-де жасалған тест тапсырмасын тапсырып, бағдаршам арқылы бағаланады бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау

«Миға шабул» әдісі арқылы тесттер жинағын беремін

Дискрептор

  • Компьютердің қалай зақымдануы мүмкін жолдарымен танысады, және білімдері қалыптасады.

  • Вирусқа қарсы программалардың талаптары мен ережелерін меңгереді.

  • Ақпаратты қорғаудағы қауіпсіздік ережелерін шынайы өмірде пайдалана алады.

Компьютер

Оқулық,

жұмыс дәптерлері

Оқу құралдары






Интерактивті тақта





Компьютер

Оқулық,

Жұмыс дәптерлері






Сабақтың соңы

5мин

«Ақпаратты сүзу» әдісі бойынша бүгінгі сабақта өтілген ең маңызды сөздерді «тұғырыққа» орналастыру қажет, ал маңызы азырақ сөздер құбырда сүзіліп қалуы тиіс.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу.

Информатика оқулығы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік текникасын сақтау. «Эмоция аралдары»


Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беремін. Ресурстарды интернеттен және оқулықтан, әртүрлі дидактикалық материалдардан жинақтаймын. Барлық оқушылар компьютердегі деректерді қалай қорғауға болатынын біледі. Бірақ Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу кезінде қателеседі, сол себепті ол оқушыларға әрбір қадамды түсінуге көмектесемін. Кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды. Мұндай оқушыларға күрделірек тапсырма беремін

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ барысындағы «Кейс стади» әдісі арқылы оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

  • Практикалық жұмыстың қабілеті жоғары оқушыларға арналған екі нұсқасы бар, таңдау құқығына ие.

Қабілеті орта оқушылар:

  • Мәтін оқудағы «Ой қозғау» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;

  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;

  • Орта деңгейдегі тапсырма ұсынылады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар;

  • Мұғалімнің қолдауы;


Сабақ барысында оқушылар өзін өзі бағалайды.

Топпен бағалайды



Овал 4 Овал 5 Овал 6





  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Жұппен бағалау жүргізеді;

  • Практикалық жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;



Дербес компьютерді пайдалану барысындағы қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен бастайды;

Оқу-құралдарын тек қажетті жағдайда ғана пайдаланады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

.

Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!