Талдықорған
қаласы
«№27 орта
мектеп-гимназиясы»
КММ
Секция: математика,
информатика
Жоба
тақырыбы: «АҚПАРАТТЫ ВИРУСТАН
ҚОРҒАУ»
ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕУ
ЖҰМЫСЫ
Орындаған: 5 «ә» сынып
оқушысы
Болатай
Мадина
Жетекшісі:
Жасарова Жазира
Амантаевна
Талдықорған қаласы 2020
ж
«№27 орта
мектеп-гимназиясының»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесінің : 5 «ә» сынып
оқушысы
Болатай
Мадина
«Ақпаратты вирустан
қорғау»
атты ғылыми
жұмысына
Пікір
Ақпараттық -
коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу
жағдайында білім сапасын көтеру ,
білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың
біліктілігін арттыру, компьютерлік
вирустардың зияның және оның ену мүмкіндіктерін
сабақ өткізу барысында оқушыларға түсінік бере
отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,
өтілген тақырыпты оқушыларға түсінікті
жеткізу.
Осы оқушы мақсатты негізге ала
отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды.Себебі
бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50
елдің қатарына кіру өте күрделі
мәселе.
Осы мәселе мақсатында
болашақта оқушы, орта және жоғары оқу орындарында сабақ
үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы,
қаламыздың жастарының біліктілігін арттыруды көздеп
отыр.
Жалпы ел мақсаты болып отырған
мәселе, оқушымыздың ой- санасында үлкен мақсат болып жүрсе,
болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы
болатынына сенімдімін.
«№27 орта
мектеп-гимназиясының»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі:
Жасарова Жазира Амантаевна
Абстракт.
10 – сынып оқушысы Қамысбаев
Ержан «Компьютерлік вирустардың зияны» тақырыбындағы ғылыми
жұмыстың негізгі мақсаты
Ақпараттық - коммуникациялық
технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру ,
білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың біліктілігін
арттыру, компьютерлік вирустардың зияның және оның ену
мүмкіндіктерін сабақ өткізу барысында оқушыларға түсінік бере
отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өтілген
тақырыпты оқушыларға түсінікті жеткізу.
Осы оқушы мақсатты негізге ала
отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды.Себебі бүгінгі
таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 елдің қатарына
кіру өте күрделі мәселе.
Осы мәселе мақсатында
болашақта оқушы, орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы, қаламыздың
жастарының біліктілігін арттыруды көздеп
отыр.
Жалпы ел мақсаты болып отырған
мәселе, оқушымыздың ой- санасында үлкен мақсат болып жүрсе,
болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы
болатынына сенімдімін.
Ғылыми жетекшісі: Ж.
Жасарова
Абстракт.
.
Ученик 10 класса Камысбаев
Ержан работает над темой «Компьютерные вирусы» главная задача ево
работы применение новых информационных технологий в процессе
обучение применяются при обучений для укрепления знаний учащихся,
получение новых понятий о вреде компьютерных вирусов и методов их
излечения.
Они повышают интерес к
предмету и дают обширные понятия о новых информационных
технология.
Казакстан входит в 50
развивающих стран , поэтому это тема наиболле октуальна сейчас
потому как новые технологоии прочно входит в нашу жизнь. Ученики
используют новые технология в школах и
вузах.
Инструктор: Ж.
Жасарова
Abstrakt.
Ihe schoolboy 10 classed
Kamysbaev Erzhan works above a theme of
«computer
viruses»
Kazakhstan enters info 50 less
developed countvies, therefore it a theme is most urgent now,
thevefore as the new information technologies trongly are included
info jur life. The schoolboys uses new technologies at schools,
high schools.
New information technologies
in process training will be applied to strengthening knowledge of
the pupils, reception of new concepts about harm of, computer
viruses and, for the man and methods sheir treat
ment.
They valise interest to a
subject and give extensive motion
technologies.
Instructor: Zhasarova
Zh
Мазмұны
І.
Аннотация
ІІ.
Кіріспе.
ІІІ. Ақпаратты вирустан
қорғау
3.1.
Ақпарат және
вирус
3.2. Ақпаратты
кодтау
ІV. Компьютерлік вирусың
шығу тарихы
4.1. Компьютерлік вирус
түрлері
4.2. Антивирустық
программалар
4.3. Ақпаратты вирустан
қорғау
V. Іздеу және
зерттеу.
5.1. Ізденіс жұмыстарымның
мақсаттары және қортындысы.
5.2. Жұмысымның қортындысы
бойынша ұсыныстар.
VІ.Қорытындылау.
VII.Қолданылған
әдебиеттер.
Кіріспе
Ғылыми жобаның
тақырыбы: Ақпаратты вирустан
қорғау
Мені
толғандырған сұрақ бойынша қазіргі замандағы ақпаратты қорғау жайлы
жан-жақты білуге мақсат
қойдым.
Ғылыми жобаның негізгі
мақсаты:- Қазіргі замандағы желінің
дамуына байланысты ақпаратты қорғау жайында мағұлматтарды
көпшілікке жеткізіп, қажеттілігіне
жарату.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған
міндеттер:
- ақпараттарды қорғау жайлы
еңбектерді оқып, талдау;
- көпшілікке қолайлы ақпаратты
қорғау тәсілдері;
-
жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
-
маңыздылығын анықтау;
-
электронды нұсқасын әзірлеу.
Компьютер процессорын адам миына ұқсатуға болады.
Ми сияқты ол компьютер құрылымының барлық құрылысының орталығы
болып табылады және басқа құрылғыларды басқарып отырады. Онсыз
бірде-бір операцияны компьютерде орындай алмайсың. Компьютер жады
адам жадысы сияқты. Тасымалдаушыға болашақта қолданылуы мүмкін
ақпарат жазылады.
Компьютер адам ағзасы сияқты түрлі вирусқа
(компьютерлік) ұшырауы мүмкін және оны да вирусқа қарсы
бағдарламамен қорғау керек.
Өзектілігі: Қазіргі заманда желі дамыған сайын вирус
түрлеріде даму үстінде. Осыған орай заманға сай ақпаратты қорғауда
өзекті мәселенің бірі болып
қалмақ.
Болжамы: Егер әр қолданушы ақпаратты қорғау жолдарын
толық білсе, онда вирустан қорғану бағдарламаларыда сұранысқа ие
болар еді.
Зерттеу жұмысының
кезеңдері:
І –
теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі
әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен
қарау.
ІІ – практикалық. Компьютерге ақпаратты вирустардан қорғайтын
бағдарламаны
орнату.
ІІІ –
бекіту. Зақымданған файлды көшіріп, оны
бағдарламамен тексеріске салу.
Зерттеу жұмысының
тәжірибелік құндылығы: Бұл жобадағы
бағдарламаны мектептерде, жоғарғы оқу орындарында тәжірибе жүзінде
қолдануға болады.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау,
мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен
шыққан.
Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен
таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат
құралдары» деп атайды. Біз теледидардан жаңалықтарды көреміз,
радиодан естиміз, бір - бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз,
яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз
белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын
білдіретінін көреміз.
Ал
археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол
кездегі тұрмыс - тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда
өмір сүргендері туралы аса бағалы ақпарат
береді.
Тас
бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған
хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде
де біз жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер
туралы көп мәлімет аламыз.
Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін
зерттеу барысында физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан
электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі
жөнінде көп мағлұматтар алады.
ХІХ - ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез
- келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге,
ал теледидардың шығуы үйде отырып - ақ, дүние жүзінде не болып
жатқанын көріп - білуге мүмкіндік тудырды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс
барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері
мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей
тәуелді. Ақпаратты қорғау —
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп
деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын
ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және
керек болса, жасырындылығын қолдауды
түсінеді.
Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа
кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің,
маңызына тимей түрлендірудің,
рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін
жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін
қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған
ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен
құралдардан тұрады.
Компьютерлік вирустардың тарихы Вирустың ең
бірінші прототипі 1971 жылы пайда болды. Боб Томас деген
программист бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты жіберуді
шешу үшін, өз бетімен бір компьютерден басқа компьютерге
«секіретін» Creeper программасын құрды. Бірақ бұл программа
өз-өзінен көбеймеді, зияны болмады. Фон Нейман және Винер
программистері бірінші рет өз-өзінен көбейетін табиғи құрылымдарды
зерттеді.
Компьютерлік вирустардың тарихы Компьютерлік
вирустың «бірінші эпидемиясы» 1986 жылы пайда болды, Brain атты
вирус (ағылшынша –«мозг») компьютердің дискеттерін
«зақымдады».
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын
көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар
соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге"
кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді
істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру
жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске
қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы
орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған
программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да
зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе
дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос
орынды жайлап алады және т. с. с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың
басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері
көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір
шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру
әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға
береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді.
Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт
көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай
қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда қайта
жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін
тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс
істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып
әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың
компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі
өте қиынға соғады.
Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны
көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір
байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден
тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай
іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе
дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер,
символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы
баяулайды;
— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.
с. с.
Жұмыс логикасына және мақсатына қарай
1. "Ұстауыш-вирустар" – программалық жабдықтар. Әртүрлі зияндық
әрекеттері бар вирус.
2. "Логикалық бомбалар" (баяу әсер)
3. "Құрттар" – жүйелік программалаушылардың енгізіп, құрдан құр
жүргізіп қояды;
4. "Троян аттары" – қарапайым
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 топқа бөлінеді:
1. "Бейсауат" (гуманды) – онша
2. "Шантаж жасаушы"
3. "Насихатшы" – "өзін көрсету"
4. "Мағынасыз" – атынан-ақ әсері
Барлық алуан түрлі вирустар арасынан басты-басты
топтарын бөліп қарастырайық.
1. Жүктеулік вирустар –
дискеттің немесе винчестердің жүктелу
секторында сақталатын компьютерді алғашқы іске қосу
программасын
закымдайды.
2. Файлдық вирустар ең
алдымен кеңейтілулері ехе және соm болатын
файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына
алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.
3.Жүктеулік-файлдық
вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын
зақымдайды.
4. Драйверлік вирустар
компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға
қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.
5. Желілік вирустар
ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде
тарайды.
Жалпы информация қорғау
тәсілдері тек вирустан с