Материалдар / «Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану»

Материал туралы қысқаша түсінік
тамыз мәжілісінде оқу ісі орынбасарлар отырысында оқылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ









Баяндама


«Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану»

( тамыз мәжілісінде оқу ісі орынбасарлар отырысында)


















Дайындаған: Оқу ісінің

орынбасары

Уаисова Шазизат Шаяхметқызы

Еңбек өтілі: 36 жыл

Жоғары санатты мұғалім






2020-2021 оқу жылы

Уаисова Шазизат Шаяхметовна

Ақмола облысы Жақсы ауданы

Терісаққан негізгі мектебі


Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

«Біз жаңа заманға сай болу үшін 

Төртінші өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы 

тарихи өрлеу бастауында тұрған  біртұтас

ұлт болуымыз керек»

Н.Ә. Назарбаев.

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға байланысты болғаны бәрімізге мәлім.. Сол себептен де, таңдап алған тақырыбым төмендегідей аталады. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану». Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Жаңа формация мұғалімі инновациялық оқыту тәсілдерін меңгеруі шарт. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 10 бабында «Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсетілген.

Тақырыптың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Тақырыптың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу.

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:

1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.

2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.

3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.

Күтілетін нәтиже (оқушы үшін)

-Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады ;

-Өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;

-Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

-Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

-Ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды ;

-Өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;

-Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

-Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді;

Күтілетін нәтиже (мұғалім үшін)

-мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;

-жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады;

-инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі; әдіс- тәсілі артады;

-жас мамандардың қызығушылығын туындатады; мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;

-интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс- тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді;

-мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

І. Кіріспе бөлім.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

ІІ. Негізгі бөлім

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;

Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Ақпараттық құзіреттілік:

- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Коммуникативтік құзіреттілік:

- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;

3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады

4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

Сабақта АКТ-ны қолдану үшін не істеу керек?

Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.

Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.

Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.

Жаңа материалды игеру

Сыныппен фронтальды жұмыс.

Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді.

Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.

Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:

1)жаңа материалды игеру жоспарын;

2)аралық бақылау сұрақтарын;

Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру

1.Фронталды сұрақ-жауап.

Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы оны дыбыстайды.

2.Оқушының өздік жұмысы.

Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Оқушының осы арадағы іс-әрекеті :

1)өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады;

2)сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды;

3)дәл осындай есепті дәптерде шығарады және шешуін компьютердегі «шпаргалканы» ашу арқылы тексереді;

4)мұғалім ұсынған осындай тапсырманы баға алу үшін орындайды немесе осындай есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді.

Оң аспектілері:

Жылдам ақпарат іздеу;

Кітапханаға бару, кітаптар мен қажетті материалдарды іздестірудің орнына үйден Интернетке шығу және іздеу жүйесін іздеп табу жеткілікті. Әрине, кітап мәселеге толығырақ жауап бере алады, бірақ сайтта схемалар, фотосуреттер мен бейнелер көп болуы мүмкін.

Жаңа оқыту әдістерін қолдану;

Бұрын мұғалімде қашықтан бақылап отыратын қиын теледидар мен теледидар болса, енді интерактивті тақталар мен проекторлар ауыстырылады. Олардың арқасында сіз оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана аласыз және физикалық эксперименттерден Амазонаның ормандарында өмір сүру жолдарына дейін кез келген нәрсені көрсете аласыз. Тұсаукесерлер, фотосуреттер, бағдарламалар, құжаттар - барлығы мұғалімдердің қиялымен шектеледі.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру;

Мектептегі ең қызықты сабақтар интерактивті. Сіз тыңдап және көре аласыз, сондай-ақ қатыса аласыз. Компьютерлік технологиялар арқасында сіз оқушылардың қызығушылығын тудыруыңыз мүмкін, материалды қарапайым және түсінікті түрде таныстыра аласыз, бұл, сөзсіз, оқытылатын материалдардың игерілуіне әсер етеді.

Теріс аспектілері:

Мұғалімдерді оқыту;

Мұғалім ешқашан компьютермен жұмыс істемесе, тіпті бастапқы дағдыларды қиындықтармен шешуге болады. Алайда, егер бұл дағдылар бар болса, сабақтарда қолдану үшін қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру ешқандай қиындық тудырмайды.

Ақылы қолдану;

Техникалық тұрғыдан алғанда барлық күрделі құрылғылар үлкен қаражатқа ие. Компьютер, проектор, интерактивті тақта немесе планшет жоқ. Бұл, әдетте, біржолғы қымбат қаражатқа тоқталады, бірақ мектептегі шкала бойынша олар маңызды болуы мүмкін.

Зақымдану;

Заманауи мониторлардың экрандары радиацияның жоқтығына қарамастан, ұзақ уақытқа созылған жұмыстар жақсы ештеңеге әкелмейді. Көздің шаршауы миопияға алып келеді, сондықтан компьютерлік қызметтің ұзақтығы нақты реттелуі керек.

Қандай тұжырым жасауға болады?

Оңтайлы тәсілмен мектептегі сабақтардағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану сабақтарға мүмкіндіктерді кеңейтуге, оларды қолжетімді етуге, қызықты етуге және нәтижесінде жақсы оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Практикалық жұмыс:

І топ:

Тапсырма: Сіздің ойыңызша, қандай ақпаратты (бүгінгі тақырып бойынша) “Қоқыс” жәшігіне тастауға болады?

ІІ топ:

Тапсырма: Қандай ақпарат “Ет тартқыш» бөлімінде өңделуді, түсінуді, өңдеуді қажет етеді?

ІІІ топ:

Тапсырма: Қандай ақпаратты сіз жақсы түсіндіңіз, «Чемоданға» саласыз, қажет болса, сол ақпаратпен пайдаланасыз?

Оқушының өз бетімен жұмысы

1. Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі.

2. Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.

3. Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).

Білімді бақылау

Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады.

Заман талабына  сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын.

ІІІ. Қорытынды:

Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан жолы-2050": Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ-ҚР Президенті

2.«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!