Материалдар / АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінің мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
505
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On - line сабақтар арқылы іске асырылуда.Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.Ақпараттық - коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік, білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан - жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек.Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді.Өндірістік оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi.Сабақта ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:• оқушының өз бетімен жұмысы;• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;• шығармашылық есептер шығару;• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;• оқушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу - тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,- пәнаралық байланысты тереңдету,- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі - болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс - әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым - қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады.

















ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРА ОТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ Қазіргі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз.  Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру. Жарыс, ойын әдістері арқылы оқушылардың бәсекелестігін, пәнге қызығушылығын арттыру.Қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан,  мектеп оқушыларынан үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді.Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді  ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан - жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық - коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.Шығармашылық жұмыстардың орындалу аясы :             Сабақта компьютермен жұмыс істеу принциптерін жетік меңгеру             Пәндік апталықтарда, сайыстарда, декадалар кезінде             Интеллектуалдық  ойындар , олимпиадаларға қатысуОқушының шығармашылық қабілетін дамыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:             Жеке шығармашылық тапсырмалар арқылы             Тест , блок- схемалар арқылы             Ребустар, сөзжұмбақ құрастыру арқылы             Компьютерлік ойындар , логикалық есептер арқылы             Сыныптан тыс іс-шараларШығармашылық қабілетті қалай дамыту керек1.          Қызығушылығын арттыру             Интеллектуалдық ойындар, сайыстар             Зерттеу іс-әрікеттері бар сабақтар ұйымдастыру             Оқушылардың танымдық бастамалыры мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мадақтау2.          Таным белсенділігін дамыту             Анимациялық, мультипликациялық  сабақтар             Бейнелеу, құрастыру іс-әрекеттерін қолданады3.          Шығармашылықпен ойлауды дамыту             Жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға шоғырландыру             Жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру             Шығармашылығы жайында қорытынды жасауИнформатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой – өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін       арттырады. Бірақ    ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатындай етіп созуға болмайды.Ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым – қатынасын жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық, жолдастық, өзара түсініктік қатынастарды қалыптастыруға әсер етеді.Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықталуы қажет. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бір сарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудыңтереңдігін көрсете бастайды. Заман талабына сай күнделікті сабақта интерактивті тақта, бейне қондырғылар, компьютерді қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен түсінбей қалған материалдарын қайталап қарап шығуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында қолдану үшін мен мынадай ойын түрінде қосымша тапсырмалар тобын жинақтадым және оларды әр сабағымда қолданып жүрмін. Олар мына тақырыпты қамтиды:          Кім жылдам          Логикалық тапсырмалар          Ертегі құрастыру          Ребус құру          Сөзсызба          Аяқталмаған сөйлемСабақта қандай ойындарды пайдалану тиісті нәтиже береді?Ребус, сөзжұмбақ құру – информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында.Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мынадай жетістіктерге жетуге болады:             Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық, қарым-қатынасы арта түседі.             Бір-біріне ынта – жігерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады.             Пәнге қызығуы артады.             Өз білім деңгейлеріне талдау жасайды.             Білім сайысына түсуге, өздерін қорғай , көрсете білуге дағдылары қалыптасады.             Шығармашылық ізденісі молаяды.Компьютерлік сауатты, білімді, ақпараттық бәсекелестік қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптасады. Нәтижесінде оқушылар:             Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады. 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ