1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
2.Психологиялық ахуал
туғызу
«Кір жуу» тренингі
(2 мин)
3. Топқа бөлу (1 мин)
Тақырыпқа шығу
4.«Мағынаны тану»
«Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды
пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру
жолдары»
слайд- шоу көрсетілім.(3 мин)
Тапсырма
Музыка
Тапсырма
«Ойлан, жұптас,
пікірлес»,
топпен постер қорғау.(5
мин)
Қорытындылау
(3 мин)
Кері байланыс
Рефлексия
(2 мин)
Қорытынды жаттығу
|
Сәлеметсіздер ме білім жолын қуған әріптестер!
Сіздерді шеберлік сыныпта көргеніме қуаныштымын.
«Жүректен-жүрекке»
әдісі
Топқа бөлу: «Шәй» әдісі арқылы топқа бөлу.
«Ой қозғау» арқылы тақырыпқа
шығу.
АКТ-ны
сабақта
не үшін пайдалану қажет?
Заманауи оқыту әдістемелерімен таныстыра отырып,
соның ішіндегі «Оқыту мен оқудағы АКТ – ны пайдалану» модуліне
тоқталу.
АКТ
-ны тиімді пайдалану жолдарымен таныстыру.
БҰҰ
шешімі бойынша «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп атаған
болатын. Себебі, ХХІ ғасыр – сандық ақпараттық техникалардың
шарықтау шегіне жеткен дәуір. Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін ақпараттандыру – еліміздің даму стратегияларының негізгі
бағыттарының бірі болып саналады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар –
мұғалімнің технологиялық білім саласында шығармашылық әлеуетін
дамытатын құрал деп те атауға болады.
Қазіргі қоғам коммуникацияның көпшілік түрлерін
қолданады. АКТ-ні қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады және
оқушылардың шығармашылық потенциалының қарқынын арттыруға мүмкіндік
туғызады.
Топтар SWOT талдау жасайды. АКТ-ні пайдаланудың
«+», «-» қырларын талдайды.
Сергіту сәті. Музыка. «Табиғат мінезі»
жаттығуы
Мұғалімдер сабақта АКТ-ның қандай түрлерін
қолданып жүрсіздер?
Әр
мұғалім өз пәні бойынша АКТ – ны қолдану тәсілдерін
жазады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең
білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық
сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде
жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие
ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде
ұлағатты саналады.
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің
дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол
мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық
пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін
дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті
бола білуі шарт.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі
мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық
қоғамға бейімдеу.
Бүгінгі коучингті қорытындылай
келе
Питер Дракердің айтуынша
:
«Нағыз білімді адам өмір бойы білім алуды
үйренген адам»
дегендей ұстаз мамандығын таңдаған соң көп ізденіп, әр сабақты
қызықты өтуге, оқушылардың сұранысы мен қызығушылықтарын арттыру
мақсатында АКТ ақпараттарын тиімді пайдалана білуге
шақырамын.
«Mentimeter» әдісі
https://www.mentimeter.com/app/presentation/alb4n4fgbnk3ymz5wi918gsutcpitvox
«Майшам» жаттығуы Барлығымыз бір-бірімізбен
бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін жылы сөздер айтып, май шамды беріп
отырамыз.
Майшамды алғанымыз жарық, жылу деген жақсы нәрсе,
сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын.
|
Бір-біріне жағымды көңіл-күй
сыйлайды
Топқа бөлінеді.
Өз ойларын ортаға саалады.
АКТ – ны тиімді пайдалану жолдары туралы түсінік
алады
Слайдты көре отыры талдау жасайды, қайсы әдіс –
тәсілдер тиімді екенін өздеріне түртіп алады.
Мұғалімдер АКТ-ң мықты жағын, мүмкіндіктерін,
әлсіз жағын, қауіпті жағын талдайды. (топпен жұмыс)
АКТ – ның қай түрін өз сабағында қолданып жүргені
туралы бір –бірімен пікірлеседі. Постер қорғап, АКТ – ны сабақтарында қалай
қолданып жүргені туралы ортаға салады.
Қиындықтарымен бірге қандай жетістікке жетіп
жатқанын топпен бөліседі.
Мұғалімдер кері байланыстарын Mentimeter әдісі
арқылы онлайн береді.
Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? (жоқ, орташа,
керемет).
АКТ-ны пайдаланудың қандай жолдарын өзіңізге
анықтадыңыз?
Тілектері мен ұсыныстарын жазып
береді.
|