Материалдар / Ақпараттық қауіпсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттық қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа акпараттық технологиялардың пайда болуы және қуатты компьютерлік сақтау мен ақпаратты еңдеу жүйелерінің дамуы ақпаратты қорғау деңгейін арттырды жэне мәліметтерді сақтау сэулетінің күрделілігімен бірге ақпараттық қоргау тиімділігі өсетінін талап ету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2023
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақ жоспары

Бөлім:

Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік (информатика – 10-сынып)

Педагогтің аты-жөні

Камаладинқызы Назерке

Күні:

15.09.2022

Сынып:

10А

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттық қауіпсіздік

Оқу мақсаты:

10.6.1.1 Пайдаланушы деректерін қорғау шараларын қолдануды түсіндіру: парольдар, тіркеулік жазба;

Сабақтың мақсаты:

  • «ақпарат қауіпсіздігі», «құпиялық» және «тұтастық» ұғымдарын түсінесіз;

  • ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларымен танысасыз;

  • ақпарат тұтастығының негізгі қауіптерін ажыратуды үйренесіз.




Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып: Ақпараттық қауіпсіздік

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • «ақпарат қауіпсіздігі», «құпиялық» және «тұтастық» ұғымдарын біледі;

  • ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларымен танысады;

  • ақпарат тұтастығының негізгі қауіптерін ажыратуды үйренеді.


Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу


Презентация (1-2 слайдтар)

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру

Қандай ақпараттарды құпия сақтауымыз қажет?

  • Рұқсат етілмеген және қорғалатын ақпаратқа рұқсатсыз қолжетімділікке жол бермеу

  • Ақпараттың сыртқа таралудың алдын алу


Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың бұрмалануы немесе жоғалуы салдарынан қолданушыға орны толмас зиян келтіретін кез келген әрекеттерден ақпаратты қорғау.


Ақпараттық қауіпсіздіктің міндеті:

  • ақпаратты бөгде адамдардың қол жеткізуінен қорғау;

  • ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету;

  • ақпараттың құпиялығын қорғау.


Ақпараттың қолжетімділігі – кез келген уақытта ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шаралары:

  1. Операциялық жүйе және бағдарламаларды жаңартып отыру;

  2. Сенімді әрі сапалы вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану;

  3. Брандмауэрдің сенімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету;

Компьютердегі ақпараттың қауіпсіздігіне әсер ететін ақпараттық жүйенің ішкі бастартулары:

тасымалдау ережелерінің бұзылуы;

жүйенің істен шығуы;

зиянды бағдарламалық жасақтамалар;

бағдарламалық және аппараттық жасақтаманың істен шығуы;

ақпараттардың бұзылуы.




Компьютердегі ақпараттың қауіпсіздігіне әсер ететін инфрақұрылым ақаулықтары

  • байланыс жүйесі, электр сымдары немесе ауа айналымы жұмысындағы ақаулар;

  • жүйенің қызмет көрсету жұмысының тоқтап қалуы.

Ақпараттың құпиялығы – адамдарға құпия ақпарат жария болғанда бұзылады, бұл ақпараттың таралуына себеп болуы мүмкін.

Ақпараттың құпиялығының бұзылуына әсер ететін жағдайлар:

  • бөгде адамдар құпия сөзді білсе;

  • деректерге қол жеткізсе;

  • компьютерлік жабдықтар ұрланса.


Компьютерлік желілердегі ақпарат қауіпсіздігі дербес компьютердегімен салыстырғанда төмен болады.

Себебі:

  • желіге заңсыз қосылу қаупінің жоғарылығы;

  • зиянды бағдарламалардың шабуыл жасауы;

  • желідегі қолданушылардың көптігі.


Жаңа тақырыпты меңгеру


Презентация (3-14 слайдтар)

Практикум
















Брандмауэрдің сенімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету;


1.Іске қосу –Басқару панелі (Пуск-Панель управления) менюін ашып

Қауіпсіздік жүйесі(Система безопастность) тармағынан Брандмауэр Windows таңдап, жағдайын баптаймыз.



Picture 2

Picture 4



Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (15 слайдтар)

Бекіту

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Shape1

Shape2


Shape3


Тест

1) Ақпараттық қауіпсіздік деген не?

А) ақпараттың бұрмалануы немесе жоғалуы салдарынан өзгерген пайдаланушының пікірін қорғау;

B) ақпараттың бұрмалануы немесе жоғалуы салдарынан қолданушыға орны толмас зиян келтіретін кез келген әрекеттерден ақпаратты қорғау;

C) дербес компьютермен жұмыс жасау барысындағы қателіктерді хабарлау үрдісі.


2) дербес компьютермен жұмыс жасау барысындағы қателіктерді хабарлау үрдісі.

А) ақпараттың құпиялығы;

B) ақпараттың қолжетімділігі;

C) ақпараттың тұтастығы.


3) Ақпарат тұтастығына төнетін қауіптерді анықтаңыз? (бірнеше дұрыс жауап бар)

А) қосымша хабарламалар енгізу, мәліметтерді ұрлау;

B) тасымалдау ережелерінің бұзылуы, зиянды бағдарламалар;

C) тасымалдау ережелерінің бұзылуы, зиянды бағдарламалар;

D) жүйенің істен шығуы


4) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені қалай аталады?

А) ақпаратты сақтау;

В) ақпаратты тасымалдау;

С) ақпаратты қорғау;

D) ақпаратты түрлендіру


5) Ақпараттық жүйенің ішкі бастартуларын ерекшелеңіз (бірнеше дұрыс жауап бар).

А) жүйенің істен шығуы;

В) бағдарламалық жасақтаманың істен шығуы;

С) ақпаратты сақтау құрылғысының жоғалуы;

D) ақпараттардың бұзылуы.


6) Компьютерлік желілердегі ақпарат қауіпсіздігі дербес компьютердегімен салыстырғанда төмен болу себептерін белгілеңіз (бірнеше дұрыс жауап бар).

А) желіге заңсыз қосылу мүмкіндігі бар;

В) файл атауының ұзақ болуы;

С) ақпаратты сақтау құрылғысының істен шығуы;

D) желілік бағдарламалық жасақтаманың осал болуы.


Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (16-24 слайдтар)

Қорытынды

Үй жұмысы

Сабақты қорытындылау, рефлексия,

Shape4

Қазақстанда ақпаратты қорғауға байланысты мәселелерді ақпаратты қорғау саласындағы

Қазақстан Республикасының заңнамасы реттейді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!