Материалдар / АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес деген сөз. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ мұғалімдер олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2018
545
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Жұбанышбаева Райкүл Жаңабергенқызы, информатика пәнінің оқытушысы

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымыз тайға таңба басқандай даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана жететіндігін айтты.  Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Бәрінің де баянын тілей отырып, мен бір мәселеге тоқталсам деймін. Ол мысалы,  «компьютерлік сауаттылық» ( «Цифрлы Қазақстан»).XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазақстан халқы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының даму стратегиясы біздің қоғамның басым міндеттерінің бірі - халықтың компьютерлік сауаттылығымен байланысты. Компьютердің қарапайым адам өміріндегі рөлі күрт артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылады: тиімді қосалқы құрал болып табылатын медицина және білімде, телевизия және радиода, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында және т.б. көрсетіледі.Қоғамды ақпараттандыру бүкіл әлемдегі шексіз ақпараттық кеңістікті құрып, адамдардың өмірі және білімін, өндірісті түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) және Internet  жаһандық желісін дамыту елдің халық шаруашылығының барлық салаларын және үкіметтік қызмет тиімділігін маңызды арттыруға мүмкіндік береді. Компьютер және басқа АКТ қолдану дағдыларына ие болу қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көбіне АКТ қарқынды дамуымен туындаған өзгерістердің тез қарқынымен сипатталады. Қазіргі таңда АКТ кішігірім кәсіпорындар және дүкендер және мекемелер, жұмысқа орналастыру бюросы және тіпті фермалардың жетістігі болды.  Компьютерлік жүйелердің көмегімен құжаттаманы жүргізу жүзеге асырылады, электрондық почта және деректер банктермен байланыс қамтамасыз етіледі. Осының барлығы ақпараттық қоғамдағы және үздік кәсіби қызметтегі толыққанды өмірдің маңызды шарты азаматтардың компьютерлік сауаттылығы болып табылатынына дәлел болады. Бұл дегеніміз, Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес деген сөз. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ мұғалімдер олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану е, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның (бұдан әрі - АКТ) бір өзі атқара алады.Білім беру жүйесіндегі АКТ объектілері мыналар: компьютер, мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары (Microsoft Office Power Point), мультимедиялық бағдарламалар, интерактивтік құрылғылар, интернет ресурстары (электрондық пошта, іздеу сайттары (www.yandex.com, www.google.kz, www.mail.ru, www.yahoo.kz)).Қазіргі замаңғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: 1. Интернет ресурстар ; 2. Қашықтықтан оқыту технологиясы ; 3. Интерактивті технология. Осылардың ішінен интерактивтік оқыту технологиясына тоқталсақ, бұл  ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен  білім алушы  мен  оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды. Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы  жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Дүниежүзіндегі интерактивті технологиялар :1. Interwrite Board интерактивті тақтасы ; 2. Hitachi экраны және интерактивті тақта; 3. SMART Technologies Inc технологиясы; 4. Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы; 5. Webster тақтасы; 6. Activ Studio бағдарламасы Осы аталғандардың ішінде біздің тәжірибемізде жиі қолданысқа иеленгені – ACTIVstudio бағдарламасы. Ол арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Әйгілі ғалым Сеймур Паймерттің пайымдауы бойынша “Шынайы АКТ құзіреттілік дегеніміз тек компьютермен жұмыс жасау қырларын меңгеру ғана емес, сол білімдерді қажетті бағытта орынды әрі жүйелі қолдана білу “ деп тұжырымдаған. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ