Материалдар / «Ақтөбе: кеше, бүгін,ертең»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақтөбе: кеше, бүгін,ертең»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 10-11 класс оқушыларына интеллектуалдық ойын-сайыс сабақ ретінде ұйымдастырылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ақтөбе: кеше, бүгін,ертең»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Ақтөбе қаласының тарихы, Ақтөбе қаласының белгілі адамдары, белгілі жерлері туралы білімдерін пысықтап, ой- өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшандыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтеуге,ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын-сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, жұмбақтар. Үлестірмелі қима қағаздар

Ойын барысы:

1.Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда. Дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни, бүгін біз 10-11 сыныптар арасында «Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең » атты интеллетуалды ойынын өткіземіз.

Видео көрсетіледі: “Ақтөбе –құтты мекенім”

Мұғалім сөзі: Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,

батысында — Маңғыстау облысыАтырау және Батыс Қазақстан облысымен,

шығысында — Қостанай облысымен,

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан,

Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды.Құрылған уақыты – 1869 жыл. Облыс әкімі – Бердібек Сапарбайұлы. Қала әкімі – Ілияс Испанов.

Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. 

Ойын ІІІ айналымнан тұрады.


1.Бірінші айналым: Тыңдалым. «Зымыран сұрақтар»

2.Екінші айналым: «Суреттер сыр шертсін...»

3.Үшінші айналым: “Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең” постер жасау арқылы сипаттайды.

4.Төртінші айналым: «Жеті жұрттың тілін біл»

Қорытындылау. ( 5 минут)

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтар жетон арқылы бағаланып отырады.

« 10 А сыныбы»

« 11 А сыныбы»

«11 Б сыныбы»

Енді ойынымыздың I- айналымын бастаймыз.

1-тапсырма. 3-топ мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Ақтөбе бекінісінде 19 ғасырда үлкен қала бой көтерді. Қаланы бекініс атымен атап кетті. Ақтөбе – Батыс Қазақстанның экономикалық орталығы. Қаланың басты көшелерінің бірі Әбілқайыр хан даңғылы. Бұл даңғыл жол вокзалдан бастау алып, қала шетіне дейін созылады. Әбілқайыр хан даңғылының бойында Қобыланды батыр атындағы орталық стадион орналасқан.

Мұражайлар, ескерткіштер т.с.с. қаланың бірқатар көрікті мекендері осы даңғылда бой көтерген. Үлкен «Нұрғасыр» облыстық мешіті мен Әулие Николь православ шіркеуі де Әбілқайыр хан даңғылында тұрғызылған.Ақтөбе қаласындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының жалпы көлемі – 42 гектар. Саябақтың дәл ортасында үлкен субұрқақ орнатылған. Ал одан сәл әріректе орналасқан биіктігі 91 метр болатын тутұғырда еліміздің көк байрағы желбірейді.

Ақтөбе қаласының көше атаулары Ұлы Отан соғысымен байланысты. Мысалы, Әлия Молдағұлова атындағы көше, 312-атқыштар дивизиясы, т.с.с. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл аймақта 101-атқыштар бригадасы мен 312-атқыштар дивизиясы жасақталған.


«Зымыран сұрақтар»

  1. Ақтөбе қай ғасырда бой көтерді?

  2. Қаланың басты көшелерінің бірі?

  3. Ақтөбеде қандай стадион бар?

  4. Ақтөбеде қандай мешіт бар?

  5. Ақтөбеде қандай шіркеу бар?

  6. Орталық саябақ кімнің атымен аталған?

  7. Саябақтың көлемі неше гектер?

  8. Саябақтың ортасында не орналасқан?

  9. Ұлы Отан соғысымен байланысты қандай көшелер бар?

  10. Ақтөбе қаласындағы қандай ескерткіштерді білесіңдер?


2-тапсырма. «Суреттер сыр шертсін...» айдары. Оқушылар презентацияда көрсетілген Ақтөбенің белгілі жерлерін, белгілі адамдарды атап ,

ақпарат айтулары керек.


1-Қобыланды батыр атындағы стадион- Әбілхайыр хан даңғылы

2- Ахмет Жұбанов- ғалым, композитор, дирижер, А.Жұбанов атындағы муз.колледж

3-Бірлік және Келісім бульвары- Президент саябағы, Әбілхайыр хан даңғылы

4- Әлия Молдағұлова ескерткіші- Ә.Молдағұлова даңғылы мен Қ.Жұбанов көшесі қиылысы

5-Нұрпейіс Байғанин-күйші, жырау, ақын,

6- Димаш Құдайбергенов

7- Тұңғыш президент атындағы

саябақ -Әбілхайыр хан даңғылы

8- Әйтеке би-би, қоғам қайраткері, Әйтеке би көшесі, қалалық әкімшілік алдында ескерткіш

9- Тахауи Ахтанов атындағы драма театры-Т.Ахтанов көшесі

10-Нұрғасыр мешіті- Әбілхайыр хан даңғылы

11- Әбілқайыр хан ескерткіші- Әбілхайыр хан даңғылы, облыс әкімшілігі алдында

12-Өнер орталығы- Әбілхайыр хан даңғылы

13-Мәңгілік алау мемориалдық кешені- Ә.Молдағұлова даңғылы мен Есет батыр көшесі қиылысы

3-тапсырма. Видео көрсету. Ақтөбенің кешегі,бүгінгі көріністері айтылып өтіледі.

3 топ осындай сипатта “Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең” постер жасау арқылы сипаттайды.

4-тапсырма. Үш тілде мақал-мәтел жалғастыру

10 А сыныбы

Нет дыма без ..... (огонь, от, fire)

Жердің сәні егін, ердің сәні..... (білім, знание, knowledge)

Қыз өссе елдің көркі, .... өссе жердің көркі (гүл, цветок, flower)

11 Б сыныбы

Мектеп кеме, білім .... (теңіз, море, sea)

Без труда не вытащишь .... из пруда (рыба, балық, fish)

Ашу дұшпан, ақыл -....(дос, друг, friend)

11 А сыныбы

Отан ...... басталады. (отбасы, семья, family)

Күш – білімде, білім - .... (кітап, книга, book)

Өнер алды – қызыл .... (тіл, язык, language)

Қорытынды сөз:

Тамыры терең, тарихы кенен Ақтөбе. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірі революциялық күштерінің орталығы болды. Қала ақтар мен большевиктердің қолына өтті. Бұл туралы тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін "Анаға тағзым" орталығында "Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем" атты кітап көрмесінде Ақтөбе тарихы туралы деректер айтылды. Өткеннен сыр шертер суреттер қойылды.

Қаланың ескі бөлігінде 19-ғасырдан сыр шертетін ғимараттар бар. Мәселен, Шаһерезада мейрамханасы мен облыстық тері-венерология диспансері осыдан 150 жыл бұрын орыс-қырғыз училищесі болған. Мұнда қазақтың алғашқы дәрігер қызы Аққағаз Досжанова білім алды.

Қаланың ескі бөлігіне бай-болыстар қоныстанған. Облыстық шығырмашылық үйі ғимараты саудагерлер үйі болыпты. Бұл деректерді Махмут Тәжібаевтың "Ақтөбе облысының тарихы" атты кітабынан оқуға болады. Мәлімет көп, өлкетанушылардың жазбаша еңбектері де аз емес. Алайда қала тарихын жинақтаған оқулықтар аз,-дейді кітапхана қызметкерлері.

Ақтөбеде екі ғасырға жуық уақыт бұрын тұрғызылған ғимараттардың сақталғандары да бар. Оның бірі - облыстық халлық шығармашылық үйі мен №11 мектеп. Бұрын православ хиристиандарының шіркеуі болған саман үй сырылып, жаңа құрылыс салынған. Қазір ол жерде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры тұр. Көрмеге келгендер Ақтөбе қаласы туралы қызықты ақпараттар алды.

Шара шаһардың 150 жылдығына орайластырылды.


Енді бүгінгі байқауда озып шыққан класс мүшелері мақтау қағазымен марапатталады.

Осымен « Ақтөбе: кеше,бүгін, ертең» атта кластан тысч шара өз мәресіне жетті аБәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен көп рақмет айтамын!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!