Материалдар / Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ тұз үсті кен орнындағы қиындатылған ұңғыларды пайдалану жобасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ тұз үсті кен орнындағы қиындатылған ұңғыларды пайдалану жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңқияқ тау-кен өнеркәсібінде ұңғыма әдісін жүзеге асыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2023
123
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ КЕҢКИЯҚ ТҰЗ ҮСТІ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ҰҢҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ


Аскербай Нұрсұлтан, Темирханова Мадина, Турежан Аунур

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жетекші: Балгынова Ақжарқын т.ғ.к., доцент

Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің деканы



Аннотация: Бұл мақалада Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ туралы баяндалған. Тұз үсті кен орнындағы қиындатылған ұңғыларды пайдалану жобасы жайында жан – жақты жазылып, оның өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары да сөз етіледі. Мұнай өндірудің маңыздылығы дәріптеліп, өндірістің өркениетті елдің өресін кеңейтуге үлесі жайында сөз қозғалады.

Кілт сөздер: Ақтөбе, Кеңқияқ, мұнай, кен, орын, ұңғы, жоба, экономика, жұмыс.


Аннотация: В этой статье рассказывается о Кенкияк в Актюбинском регионе. Подробно будет рассказано о проекте эксплуатации усложненных скважин на солевом месторождении, а также о его плюсах и минусах. Подчеркивается важность добычи нефти, речь идет о вкладе производства в расширение сферы цивилизованной страны.

Ключевые слова: Актобе, Кенкияк, нефть, руда, место, скважина, проект, экономика, работа.


Abstract: This article tells about Kenkiyak in the Aktobe region. It will be described in detail about the project of operation of complicated wells at the salt field, as well as its pros and cons. The importance of oil production is emphasized, we are talking about the contribution of production to the expansion of the sphere of a civilized country.

Keywords: Aktobe, Kenkiyak, oil, ore, place, well, project, economy, work.







Ақтөбе өңірінде өндірісті өрге тасытып, өркениетті қоғамның одан әрі өсуіне негіз болып отырған өңірлер көп кездеседі. Солардың бірі – Темір ауданына қарасты Кеңқияқ кен орыны.

Тарихы тым тереңде жатқан аталмыш аймақтың әлі күнге өзіндік ерекшелігі, халқына ұсынар асыл қазынасы бар.

1958 жылы алғаш рет анықталған Кеңқияқ мұнай кен орнын бұрғылау жұмыстары бірнеше жылға созыла отырып, 1962 жылы аяқталды.

1967 жылы бұл кен орны мұнай бере бастады. Кейінірек кен орнынан алынған мұнай 1913 жылы бүкіл Қазақстан аумағынан өндірілген мұнайдан алты есеге жуық артық болды, ал соңғы 30 жылда Кенқияқтан 11 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді.[1, 38 б.]

Сол уақыттан бері мұнайлы өлке өзінің мол ырысымен мемлекетіміздің маңызды өндіріс ощағына айналған. Алғашында аймақта өндірістің қыр – сырын жетік білмесе де, уақыт өте келе нағыз жұмыс қайнаған ортаға айналды.

Бара – бара бұл өсім өзінің одан әрі ұлғайып, ел экономикасын көш ілгерілетіу барысында өз үлесін тигізіп келеді. Алайда, ескеретін бір жайт, кез – келген жұмыстың өзіне тән артықшылығы мен іске асыруға тиіс ережелерді ескеру қажет. Кеңқияқ кен орынында да дәл солай.

Осы орайда айта кетуіміз керек, тұз үсті кен орынындағы қиындатылған ұңғымаларды пайдалану жобасын жіті назарға алып, дұрыс жүзеге асуын бақылағанымыз жөн.

Ұңғыма дегеніміз – жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау –кен құрылыс орны. 

Газ – сұйық көтергіштердің жұмыс теориясының жалпы ережелері сұйықтықты ұңғымадан күндізгі бетке көтеру екі түрдің энергиясы – қабаттың табиғи энергиясы және ұңғымаға бетінен қандай да бір жолмен берілетін энергия есебінен жүреді. Егер мұнайдың немесе газ – сұйық қоспаның (мұнай, су және газ) көтерілуі тек табиғи немесе жасанды түрде сақталатын қабат энергиясының есебінен жүрсе, онда ұңғымаларды пайдаланудың бұл әдісі субұрқақ деп аталады.Мұнай өндірудің бұл әдісі мұнай кен орындарын игерудің бастапқы кезеңінде, қабаттық қысым жеткілікті үлкен болған кезде және ұңғымалардың кенжарларына сусыз немесе аз суланған мұнай түскен кезде қолданылады. Оны қолдану кейінгі кезеңде қабат қысымын жасанды ұстап тұру арқылы мүмкін болады. Мұнай өндірудің субұрқақ әдісі ең үнемді болып табылады. Оның іске асырылуы қабаттың өнімділігіне және мұнайдың тығыздығы, тұтқырлығы, газдың қанығу қысымы, газ мөлшері және т.б. сияқты қабаттық мұнайдың қасиеттеріне айтарлықтай байланысты. газ-сұйықтық қоспасы сағалық жабдықтан өтіп, мұнай, газ және суды жинау және дайындау үшін өлшеу құрылғыларына, кәсіптік құбырларға, бөлу қондырғыларына және кәсіптік құрылыстарға түседі. Қоспаның кәсіпшілік құбырларда қозғалуын қамтамасыз ету үшін ұңғыманың аузында кері қысым сақталады.

Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ тұз үсті кен орынындағы қиындатылған ұңғыларды пайдалану жобасын жүзеге асыру барысында қажетті материалдарды таңдау және тиісті экономикалық есептеулер жүргізілу шарт. Әрине, жұмыс сапасының жақсы болуы, ең алдымен жоғары техникалық – экономикалық іс – әрекетке тікелей байланысты. Сол себепті, кәсіпорындағы әр әрекет мұқият ойластырылғаны абзал.

Тұз үсті мұнай кеніші төмен борлы орта юра, пермь, триас, жоғарғы пермь горизонттарында орналасқан.

Геологиялық әдіс кезінде шурфтар мен ұңғымалар көмегімен тұнба жыныстардың құрылымы зерттелінеді. Бұл ұңғымалардың тереңдігі айтарлықтай болуы мүмкін. Бұрғылау нәтижесі бойынша тау жыныстарының жасы мен құрамы және қабаттар бедерінің ерекшеліктері белгіленген құрылымдық карталар жасалынады. Мұнайлы және газды қабаттарды табу үшін одан әрі іздеу ұңғымаларын бұрғылайды. Кен орнын тапқаннан соң, мұнайлы ауданның көлемі және мұнай мен газдың қорын анықтау үшін барлау бұрғылауын бастайды.

Тay жыныстарын зерттеудің геофизикалық әдістерінің дамығанына көп болған жоқ. Бұл әдіс гравиметриялық аномалиялар, магнитті аномалия, жыныстардың электр өткізгіштігі, терең емес ұңғымалардағы жасанды жарылыс кезінде туындайтын сейсмикалық тербелістердің таралу ерекшеліктері сияқты, құбылыстар мен физикалық параметрлерді дәл анықтайтын приборлармен өлшеуге негізделген. Сонымен қатар, ұңғымаларды нейтронды атқылауды пайдаланатын радиометриялық және акустикалық әдістер де қолданылады.

Қабатты меңгеру әдістері алғашқы қабаттық қысымы жоғары болып, фонтандау процесі болатын немесе қысым төмен болып ашық фонтандау қауіпі болмайтын және пайдаланудың механикалық әдісі қолданылуы мүмкін жағдайлар болып бөлінеді. Мұнай өндіру практикасында қабатты ашу мен ұңғыманы меңгерудің технологиясының бұзылуы салдарынан ұңғыманың ашық фонтандап ұзақ уақыт өртену жағдайлары көптеп кездеседі. Мұндай құбылыстар ұңғыманың өзін ғана істен шығарып қана қоймайды, сонымен қатар осы кен орнының мұнай қорын азайтуға әкеліп соғады.[2, 48 б.]

Ұңғыларды пайдаланудағы құмдар шығуымен күрес қиындығы әрқашанда мұнай өндіру саласының маңызды қиындықтарының бірі болып табылады.

Аталған кен орынында ұңғымаларға көп кедергі келтіретін негізгі факторлардың дені – осы құмдар екені анық. Ол жер асты жөндеу жұмыстарына, мұнай өндірудің өзіндік қиындықтарына әкеліп соқтырады. Көбіне аталған фактордың орын алуы электр жарығының өшіп қалуы немесе аумақты су алу мәселесімен тікелей байланысты. Бұл қажырлы еңбек пен қаншама уақытты, қосымша шығынды талап етеді.

Жер асты жабдықтардың тозығы жетіп, уақыты келгенде сыр беретіні анық. Олардың бұзылмауы үшін айырғыштар, якорьлер және тағы да басқа қорғау қондырғыларын қолданған жөн.

Бұл тәсіл скважинаға құмның келін бәсеңдетіп, өндіріс қарқындылығын арттыруға себеп болады.

Мұнай кен орынының жемісті еңбек етуі үшін жаңартылған озық үлгідегі технологияларды пайдаланып, қазіргі ғылым мен экономиканың талабына сәйкес келетін маңызды алғышарттарды ескерген дұрыс.

Қазақстанның әлемдік нарыққа мұнай өнімімен шығуы осы нарықты дамытудың негізгі тенденцияларын, экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, қаржыландыру және инвестициялау мәселелерін, халықаралық мұнай бизнесіне қатысудын саяси және экономикалық салаларын зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.[3, 7 б.]

Жалпы, қара отын қазақ халқының қал – жағдайын арттырып, ел экономикасының ілгерілеуіне себеп болатын ең негізгі факторлардың бірі. Сол себепті, өндірісі жолға қойылған өңірлерді жіті бақылауға алып, дұрыс жұмыс жасауын жетілдіргеніміз абзал.












Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Темір ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ; [жауап. шығ. алқ.: М. Әділханұлы [ж.б.]]... – Ақтөбе : А-Полиграфия, 2010. - 550 б.

  2. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы [Text] : оқулық / Т. Ж. Жұмағұлов ... – Астана : Фолиант, 2013. - 299 б.

  3. Мұнай өндіруші компаниялардың өткізу іс-әрекетін басқару (Ақтөбе облысы мұнай компанияларының материалдары бойынша) : Экон. ғылым. канд. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты мамандығы бойынша 08.00.05 - экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары мен сфералары бойынша) / Басшиева, Жангүл Құтжанқызы ... – Алматы : Арыс, 2007. - 20 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!