Материалдар / "Ақтөбе қаласындағы көше атаулары: кеше, бүгін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақтөбе қаласындағы көше атаулары: кеше, бүгін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "Ақтөбе қаласындағы көше атаулары: кеше, бүгін". Ақтөбе қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөніндегі мәселе қозғалады. Годонимдердің грамматикалық, семантикалық және семиотикалық қырлары тарихи кезеңдерге негізделіп, салыстырмалы түрде қарастырылады. Кезеңдік салыстырмалы зерттеу годонимдердің тарихи-мәдени, саяси код ретінде Ақтөбе тарихының әр кезеңіне өз таңбасын салып отырғандығын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы годонимдер кеңістігінің бүгіні семантикалық «шоғыр» мен семиотикалық ұстанымның ұлттық нышанды бірліктер көрсеткіші екендігі талданады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2022
337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалалық жас туристер стансасы








Ғылыми жобаның тақырыбы:


Ақтөбе қаласындағы көше атаулары: кеше, бүгін




Бағыты: «Тарих және өлкетану»







Орындаған: Мұрат Алтыншаш, Ахметжанқызы Ақжан

Жетекшісі:  Даулеталина Айкерім Қонақбайқызы












 






АҚТӨБЕ – 2022


Аннотация


Жобаның негізгі идеясы - Ақтөбе қаласының онамастикалық кеңістігіндегі ахуал, көше атауларының идеологиялық тұрғыдан маңыздылығы, ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту сияқты көше атаулары (урбаноним) мәселелерінің ғылыми-танымдық және атау берудің ұстанымдық негіздері туралы.

Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы.

Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады.

Ақтөбе қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөніндегі мәселе қозғалады. Годонимдердің грамматикалық, семантикалық және семиотикалық қырлары тарихи кезеңдерге негізделіп, салыстырмалы түрде қарастырылады. Кезеңдік салыстырмалы зерттеу годонимдердің тарихи-мәдени, саяси код ретінде Ақтөбе тарихының әр кезеңіне өз таңбасын салып отырғандығын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы годонимдер кеңістігінің бүгіні семантикалық «шоғыр» мен семиотикалық ұстанымның ұлттық нышанды бірліктер көрсеткіші екендігі талданады.























Мазмұны


Кіріспе ..................................................................................................................

Негізгі бөлім

1 бөлім.

Ақтөбе қаласы топонимиясының қалыптасуының физика-географиялық және тарихи-этнографиялық алғышарттары...................................................................

1.1. Топономика ілімі..................................................................................

1.2. Ақтөбе қаласының топонимиясы ................................................................

2 бөлім.

Ақтөбе қаласы көшелерінің лексикалық-семантикалық сипаттамалары..........................................................................................................

2.1. Ономастика құбылысы:тілдік-тарихи зерттелім тұрғысынан..............

2.2. Ақтөбе қаласының кейбір көшелерінің тарихы мен атаулары

Қорытынды .........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................































Кіріспе


Біз өзіміздің туған жеріміз бен тұратын жеріміздің, өз қаламыздың көше
атауларының тарихын білеміз бе?

Көшелер біздің қаламыздың тарихының куәсі, ал
көшелердің атауы – бүгінгі мен өткен күн туралы бейнелі ұғымдар. Ақтөбенің алғашқы аты-Илецк, Елек өзенінің жағасындағы қала. О баста әскери бекініс боп тұрғызылған. Алғашқы тұрғындары патша әскерлері – дені қазақтар. Бертін келе, дәлірек айтсақ өткен ғасырдың 80-90 жылдарынан ішкі Ресейден, Украинадан орыс мұжықтары
келіп қоныстанған.

О бастағы қала тұрғызғандағы мақсат қазақты көркейту болмаған, орыстың өз қамы. Біздің ғасырдың бас кезінде Ақтөбеде, оның төңірегінде Облыстық мұражайда ескі Ақтөбенің Александров көшесін бейнелеген сурет бар.Шамасы Александр патша құрметіне қойылған болар. Кейін К.Либкнехт, қазір Шернияз көшесі. Бұл ескі Ақтөбенің бас көшесі. Ақтөбе көшелерінің атаулары күні бүгінге дейін қып-қызыл болды. Мысалы, олар Ленин, Сталин, Ордженикидзе,Киров, Фурманов, Фрунзе, Горький, Октябрь... т.б. жалғаса береді. Қалада 287 көше бар. Соның оннан біріне жуығы ғана Қазақстан, қазақ есімдерімен байланысты болды. Тәуелсіздік алған 7-8жылдары Ақтөбенің орталық көшелерінде қазақ халқының тарихи қайраткерлерінің, ұлттың игі жақсы ұлдары мен қыздарының есімдері берілді.































Ғасырдың сыры құйылып қалған.

Асылдың сынығы жиылып қалған маң далам,

Жолдарың жатыр шуда жіптердей шұбалып,

Түсіп бір қалған арбадан.


Туған жердің тарихын әрбір азамат жастайынан біліп, санасына сіңіріп өсуі қажет. Қазақстанның, қазақ халқының тарихын толық жазу үшін, аймақтық (регионалдық) тарих толық зерттелінуі шарт.Географиялық тұрғыдан қазіргі Ақтөбе облысы XVI-XVIII ғасырда Кіші жүздің құрамында болып, XIX ғасырда Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз, Орал облысының Темір уездерінің территориясын қамтыды. Қазақ қазақ болғалы, елге қоныс, малға жайылым болған Елекпен Қобда, Жем мен Сағыз, Ойыл мен Қиыл алабы талай тарихтың куәсі болды. Бұл туралы көпті көрген Қашаған ақын:

Саланың бойы салқын деп,

Күнелтсін ұрпақ, халқым деп,

Арқаның кең даласын

Жайлады қазақ баласы.

Сырдан төмен кең қоныс -

Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,

Елек, Қобда саласын,

Мекенденіп кетіпті,

Кіші жүздің баласы

Жазушы Құрал Тоқмырзин «Әулие Әжібай би немесе Дала данышпандары» деген кітабында Ақтөбенің салынуына байланысты халық арасына кең тараған мынадай аңызды келтіреді: «Орыстар 18 ескекті шхунамен ағаш және басқа құрылыс бұйымдарын әкелгесін, Елек өзенінің сол жағындағы қыратты төңіректен саман соғып, қару - жарақ қоймалары мен тұрғын үйлер сала бастайды. Оның себебі - ол кезде Елек өзені жазғытұрым қатты тасушы еді. Арнаға сыймаған су жазыққа шығып, қазіргі темір жол аймағы тұрған жерде үлкен көл жатады екен. Сондықтан орыстар мекенді қырдың нақ басына орнатуы тиіс тұғын. Алайда, қырдың басын тұтас алып үлкен қорым жатады. Кәрі көздердің айтысынша ол қорым Ноғайлы хандығы тұсынан қалған еді. Құрылыстар енді аяқталып, ертең - арғы күні кіреміз деп отырғанда, бір түн ішінде құлап, типыл боп қалуы орыстарды үрейге тоғытады. Не істерін білмей, амалдары құриды. Ел зердесінде қалған аңызға сенсек, ара - тұра үзіліспен бес-он жыл салынған қамал - қала көп заманға дейін пайдалануға берілмейді. Қамал салуға қаржы берген бір бай көпес бар екен. Бір күні өз көзімен көру үшін соның өзі келіпті. Қаланың іргесі үлкен көне қорымға жақын екенін көрген ақылды көпес үй-жайларды құлаудан сақтаған кісіге бәйге жариялайды.

Бір шала қазақ (шоқынды) бар екен. Сол: «Мен бәленің бетін аударамын. Бірақ шартым - екі мың сом қолма - қол!» депті. О заманда бәйге атының құны 40-50 сом, қой - 1-1,5 сомнан аспайтын. Екі мың сом деген ендеше қыруар дәулет! Көпес ойланып тұрады да: «Егер өтірік алдасаң, өз колымнан дарға тартқызамын!» деп, 2 мың сомды береді.

Шала қазақ орыстың екеуін таңдап алып: «Мына ақшаға 2 шошқа, бір жәшік арақ сатып әкел!» депті. Екі шошқаны биік төбенің басындағы қорымды ала бауыздатып, қаны - жынын айнала шаштырды да, араққа тойып алғасын, қуырдақ қуыртып, ет астырды. Сөйтіп, ертеңнен қара кешке дейін ән салып, тойлай бастайды.Түн ортасы ауа, төбедегі қорым жақ әлдеқалай таң ағарып атып келе жатқандай сәуле шашыпты дейді. Содан кейін бейіттерден үрейлі үндер шығады. Қосылып үн салып, сыңсып жылағандай, аянышты беймаза дауыс есі дұрыс жанның бәрін аяғынан тік тұрғызады. Бұл түні тек көпес пен шала қазақ, шошқа сойған екі орыс қана мастықпен тыныш ұйықтап шығады.Таң атуға жақындап, қараңғылық сейіле бастағанда қорымның үстіне бір бөлек бұлт төніп келіп, найзағай ойнаған мезетте өлі аруақтардың мекенінен бір топ аққу қиқулай көтерілді де, түстікіке қарай бағыт алды дейді. Содан кейін күркіреп - сарқырап құйған нөсер басталады. Күн әбден шыққасын есін жиған жұрт көпес пен шала қазақты, шошқа сойған екі орысты іздейді. Алайда, көпес ұйықтағаннан оянбайды, ғұмыр бойы өле өлгенше ұйқы науқасына ұшырайды. Анау үшеуі мастығы тарамай, шошқаша қорсылдап, ақыры төрт тағандап еңбектейтін дертке шалдығады. Сол кезден бастап орыстардың салған үйлері құлаудан құтылады».(1) Белгілі академик Сайын Баймұқановтың айтуынша ақын Нұрпейіс Байганин Ақтөбе атауының қайдан шыққаны туралы мынадай әңгіме айтқан екен: «бұл маң ертеде ер Мамайдың жайлауы болған екен. Бір жазда ойламаған жерден оның Қырым ханзадасына ұзатылғалы отырған сүйікті қызы қайтыс болады. Мамай бұл қазаға қатты қайғырыпты. Қызын биік төбе басына жерлеп, алыстан аппақ боп көрініп тұрсын деп, кесек-кесек бор тастар алдырып қойдырады. Кейін сол тастар жаңбыр суынан еріп, төбені ак түске бояпты деседі. Сөйтіп, бұл жер Ақтөбе атанып кеткен екен.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық таным-түсінік, салт-дәстүр сол халықтың мәдениетін жасайды, ол қоғамның өзгеруіне байланысты дамиды әрі жаңа тұрпатқа ие болып отырады. Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде қазақ халқының рухани  байлығы толығып, халқымызға мирас болған мол мұрамыз толысып, жетіліп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» мақаласында: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн,  Сақ дəуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр» деген болатынСондықтан да қазақы атауларды қолданғанда оның түп негізіне назар аудару керек.

Қазақстан этнографиялық топонимдерінің қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды қатарына халықтың орналасуы, этникалық байланыс және этногенетикалық процестері жатады. Қазақ руларының белгілі бір аймақты иеленуі кейбір географиялық атаулардан да көрініп отырады. Сондықтан, этникалық атаулары белгілі бір жердің география-физикалық объектінің, елді-мекеннің көрінісі ретінде қарау керек. Е.М.Поспелов былай дейді: «Көшпелі мал шаруашылығындағы қысқы, жазғы жайылымдар белгілі бір рудың атына бекітілген уақыт өте келе сол рудың аты кейін сол жерлердің де атына айналды. Сөйтіп, белгілі жерді ғана пайдалануды білдіретін генотононимдер қалыптасқан.

Топонимика әдістері. Топонимика (грек. Topos-орын, жер және оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, граммат., фонет. пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі. Біріншісі -жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға берген атаулары; екіншісі-сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атауы. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді.

Казақ тілінің топономикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Казақстан егемендік алғаннан кейін тарихи атауларды қалпына келтіруге, жергілікті атауларды баска тілдердс дүрыс жазуға, идеод. және отарлаушылық атауларды өзгертуге көп көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі ҚР Бж ҒМ География институтыты ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінін "Ұллтық картографиялық геодезиялық коры мен" бірлесіп Қазақстанның барлық облыстары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 28 томдық "Казақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогын" дайындау жұмысы.

Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады . Ономастика мәселесі тіл саясатының басты бағыттарының бірі әрі бірегейі. Себебі мемлекеттің, ұлттың сипаты ең алдымен оның тілі мен ономастикалық атауларынан көрінеді. Жер тарихы – ел тарихы. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы, танымы, тағдыры елді мекен, жер-су атауларында жатыр. Ономастика қазіргі уақытта тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде ғылыми-тәжірибелік, мәдени-тарихи ғана емес, үлкен саяси маңызға ие болып отыр. Қазақ халқының тарихында ұлт жадысын жоюға бағытталған бірнеше кезеңдердің болғанын жақсы білесіздер. Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялаған отыз жылдың ішінде көптеген мәселелер шешіліп, қазақы атаулар қалпына келе бастады. «Қазақы  төлқұжатын» алғандардың қатарында көше атаулары бар.

Егемендік жариялаған алғашқы жылдары көше атауларына қазақы атауын қайтару, жаңа атаулар беру, өзгерту мәселесіне қарсы болғандар да табылды. Дегенмен уақыт ондай келеңсіздіктердің барлығын өз орнына қоя білді. Себебі, көше атауларына мән беру мен оның ұлттық бет-бейнесін қайтару — бұл мемлекеттік дәрежедегі шешілетін шаруа еді.

Ономастика ғылымының ішкі қабаттарына жататын годонимдер, эргонимдер, прагматонимдер, менсонимдер, т.б. және олардың негізгі қызметі осындай түйткілді мәселелерді шешу болып табылады. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры  Ж.Қоңыратбаева: «… «годоним» — ғылыми сөздіктерде  қалаішілік желілік нысандар – даңғыл, көше, бульвар, жағалау, т.б. атаулары»,-деп көрсетеді. Бұл – қазақы көше атауларының әлеуметтік мәні және негіздері. Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі инновациялық қоғамдық, психологиялық, тарихи мінезімен сипатталады. Қазақстанда геосаяси және тілдік жағдай өзгерді, сондықтан да қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні және негіздерінің этнолингвистикалық жүйесі және олардың лингвомәдени негіздері  туралы көзқарас та өзгерді. Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні және  олардың негіздері туралы жаңа концепция пайда болды.

Ақтөбе қаласының атауларының қазақи көше атауларын сөз еткенде, бұрынғы атауларды ой елегінен өткізіп, басқа атаулармен салыстыра қарап шығуға тура келеді. Алғашқы кезде көше атаулары дұрыс сияқты көрінгенімен, талдай келгенде сол атаулар орнында қолданылып тұра ма, мақсат еткен ұғымды дәл білдіре ала ма деген сауалдар туындайды. Ұқсас атаулардың бір ұғым төңірегіне сыйып кететіндігі де кездеседі. Бұған Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының «Ақтөбе облысы жер-су атауларының атласы» деп аталатын (Ақтөбе, 2019 ж.) еңбекті қарағанда көз жеткіздік. Бұл мәселеге ден қойып қарауға бірнеше себептер болып отыр.

Ақтөбе қаласының көше атаулары біздің тарихымыз бен халқымыздың ұлттық айнасы болып табылады. Ақтөбе қаласының тарихында годонимия мәселесін зерттеуде көше атауларының годонимдердің тілдік модельдерін анықтауда жұмсалды.

Ақтөбе қаласындағы көше атауларына орыс тілінің «салқыны» мықты әсер еткен, ол салқын қазіргі кезде де сақталуда. Мысалы, Коммунальник, Красногорский, Цементный, Совхозный проезд, Ударный, Земледельческая және т.б. аталған атаулардан орыс тілінің сөзжасамдық қызметінің тәсілдері (-ик,- ский, -ская, -ный, -ная ) «мықты» қызмет атқарып тұрғанын көреміз. Мәселен,  Ақтөбе қаласының тарихына арналған Е.Сағындықов, Г.Сұлтанғалиева және М.Тәжібаевтың  кітабында ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы қала годонимдік жүйесінің 60-70 пайызы адъективті типтегі атауларды құрағаны байқалады. Жоғарыда келтірілген көше атауларына қатысты мысалдар, яғни годонимдер сипаты – соның айғағы.

Көше атаулары арқылы халқымыздың рyхaни дүниeсінiң жaңғыpып, өткеніміз қайтып, өшкеніміз жанды. Ұлттық бipлiк пeн бipeгeйлiктi тaнытaтын осындай ұғымдap өзгe тiлдepгe aлмacып, әлeм тaңбacын бeйнeлeyдe қoлдaныc тaпты. Ал, меморативті атаулар тоқталатын болсақ, қазақ халқының арыстарының есімін ардақтау мақсатында көше атауларына беріледі. Мысалы, Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова, Ғ.Жұбанова, Ағайынды Жұбановтар, Есет батыр, А.Байтұрсынов, Есет Көтібарұлы, Таразы Қаленқызы және т.б. атаулар осының дәлелі бола алады. Дегенмен көшеге  жаңа атау бергенде қолданылатын сөздердің мән-мағынасына назар аударып, сақ болған дұрыс деп ойлаймыз. Себебі  адам есімдерінің қалыптасуына қатысты мифологиялық  дәстүр өміршең болады, дәуірден-дәуірге, ғасырдан-ғасырға ауысып отырады, мифологиялық дүниетаным және оның сарқыншақтары адамзат қоғамы  мен өмірінің барлық кезеңдерінде сабақтаса жалғасып, күні бүгінге дейін сақталған.

Қала  тарихы бастау алатын сонау 1869 жылдың 28 мамырында Елек өзенінің бойындағы ақ төбенің басында гарнизондық бекіністің (300 адамдық) негізі қаланғаны баршамызға белгілі. Міне, осы кезеңде гарнизонға арнайы жер бөлініп, бекініс ішінде Гарнизонный, Крепостный деп атау алған алғашқы көшелер бой түзей бастады. Уақыт өте бекініс аумағы кеңейіп, қоныс аударушылар қатары көбейе түсті. Бұдан әрі көше тарихы  көшіп келушілер ықпалымен аталған Орский, Оренбургский, Илецкий, Георгиевский секілді көптеген атаулармен толықты. Осылайша тарих ізімен, әр кезеңнің саяси әсері негізіндегі  атаулармен  қала көшелері қалыптаса бастады. Мұрағат қорындағы құжаттарға зер салсақ, тәуелсіздік алғанға дейінгі көше атауларының шешімдерінде сол кездегі саясаттың басымдылығын және оларда қазақ тіліндегі атаулар санының аз екендігін бірден аңғаруға болады.

Ақтөбенің солтүстік-шығыс жағалауында Набережная көшесі болды.Сол кездегі басшылық В.Свеницкийдің бас жоспары Ақтөбе бекінісін өзіндік аудандарға бөлді. Солтүстік бөлік – «Курмыш» деп аталды, В.И.Далидің сьездігі бойынша көшенің бір жағы шағын ауылдар қаланың жанында орналасқан. 1881жылы бекіністің төбеде орналасқан жоғарғы бөлігі «қала» деп аталды, ал жаңа бөлік – «поселка» деп аталды. Бұл аудандағы басты магистраль «Старожительская» көшесі болды, ол Ш.Александрдың құрметіне «Александровск», содан кейін «К.Либкнехт», қазір бұл көше ақын Шернияз Жарылғасұлының атында. Кейбір атаулар біздің кезімізге дейін өз атауын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!