Материалдар / А.Құнанбайұлы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А.Құнанбайұлы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту мақсатына құрастырылған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
73
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: ОІЖО А.Н.Мамбеткереева

Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: Саға мектеп-балабақшасы

Күні: 14.11.2024

Педагогтің аты-жөні: Акбисенова Алтынзер

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 4

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Поэзия сағаты. Абайдың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін мәнерлеп оқу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.4.1. көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды талдап, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады.

Кейбір оқушылар: ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады және шығармашылық деңгейін көрсете алады.

Бағалау критерийлері

- өлеңді мәнерлеп оқи алады;

- өлең үзіндісін жатқа біледі;

- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алады;

- шығармашылық деңгейін көрсете алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі

Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


























Сабақтың ортасы




























І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

І. Қызығушылығын ояту. «Қайталай отырып, жатта»

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге. С.Торайғыров

Оқушылардың қайталай отырып жаттқа айта білу, есте сақтау дағдысы қалыптасады.

Тапсырма. «Сәйкестендіру».



Дескриптор:

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды сәйкестендіреді.

ҚБ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Ой қозғау

Бала Абай дана Абайға қалай айналды?


Өлеңнің жазылу тарихы

М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді.

«Сөз сырын ұғыныңыз» әдісі

I-жұп. Абайдың ақын-жазушы шәкірттеріне қандай ақыл-кеңес, насихат айтып тұрғанын, өлең жолдарынан тауып көрейік.

II-жұп. Көңілінің көзі ашық, көкірегі сезімді, тілі орамды, Түзу кел, қисық- қыңыр, қырын келмей,Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей деген сөз тіркестерінің мағынасын ашайық.

Дескрипторы:

-Өлеңнен қандай ақыл кеңес айтқандарын табады;

-Сөз тіркестерінің мағынасын ашады.

Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу.

Тапсырма. «Болмасаң да ұқсап бақ..» Ұйқасқа өлең құрау, шығармашылық тапсырмасы.

……………………………….күлеміз

……………………………….білеміз.

………………………………алып,

……………………………....жүреміз.

Дескриптор:

-берілген ұйқасты пайдаланады;

-шығармашылық қабілетін көрсетеді.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Оқушылардың қайталай отырып жатқа айта білу, есте сақтау дағдысы қалыптасады.



Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды сәйкестендіреді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Сұраққа жауап береді.







Қосымша ақпаратпен танысады.






























1-жұп ақынның шәкірттеріне айтқан ақыл кеңестерін айтады.


2-жұп барілген тіркестердің мағынасын ашады.







Бөліктерге бөлінген өлең жолдарын жұп болып құрап, өлеңді мәнерлеп оқиды.


Берілген ұйқасқа байланысты өлең жолдарын құрайды.














Мұғалімнің ауызша бағалауы.









Мұғалімнің ынталандыруы





Мұғалімнің ынталандыруы













































Жұптық бағалау. Екі жұп бір-бірінің жұмысына баға береді.













Жұптық бағалау. Мұғалімнің ынталандыруы.




6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Презентация



https://wordwall.net/ru/resource/65071278/%d1%81%d3%99%d0%b9%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%83





Презентация









"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің жазылу тарихы.






























Оқулық, дәптер, презентация














Қима қағаздар



Презентация








Сабақтың соңы


Рефлексия

- өлеңді мәнерлеп оқи алдым;

- өлең үзіндісін жатқа айта алдым;

- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алдым;

- шығармашылық қабілетімді көрсете алдым.

Үйге тапсырма. «Өлең жазу өнері туралы» тақырыбына эссе жазу.

Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Презентация











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!