Материалдар / А.Құнанбайұлының табиғат лирикасына арналған шығармаларындағы ауыл тұрмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А.Құнанбайұлының табиғат лирикасына арналған шығармаларындағы ауыл тұрмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. Қазақ әдебиеті пәні бойынша мектеп оқушыларына, колледж, институт студенттеріне сабақ барысында қолданылуға ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
271
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АУЫЛ ТҰРМЫСЫ

Табиғат Абайға,оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Абай табиғатты құр пейзаж түрінде ғана суреттеп қоймайды.Ол адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырған,табиғатпен біте қайнасқан.Ақын өзі өмір сүрген дәуірде қарапайым адамдардың табиғат аясындағы бейнетін,құты мен жұты аралас тұрмыс-тіршілігін көрсете білді. Қазақтың кең даласындағы халық тұрмысы ақын өлеңдерінде әсерлі,тартымды да шынайы суреттелген.Мал бағумен күнелткен көшпелі елдің жазда жадырап,қыстың қатал күнінде әлек болатынын анық көруге болады. Қазақ даласындағы табиғат көріністерін, оған бөленген қазақ даласындағы өмірді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған.

Әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін “Жазғытұры”, “Жаз”, “Күз”, “Қыс” өлеңдері көшпелі ауылдың күйі мен тіршілігін анық суреттейтін шығармалар. Бұл өлеңдерде тек табиғат суреті ғана емес,сол табиғат аясындағы адамның көңіл-күйі терең сезілген. Табиғат туралы өлеңдерінде А.Құнанбайұлы қазақ ауылының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мән берген. Табиғат тек халық өмір сүретін орта болып көрінген.Ақын көшпелі елдің өмір тұрмысының ауырлығын да, мәз-мейрам жайдары қызықшылығын да көре білген. Мысалы,“Жаз”,”Жазғытұрым” өлеңдерінде ауылдың абыр-сабыр қызық өмірі сипатталады.Мұнда құлын-тайлардың шапқаны,қыз –келіншектердің сыңқылдап күлгені әсерлі суреттеліп , көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Табиғат ата-анадай елжіреп мейірімін шашады.”Қырдағы ел ойдағы елмен араласып” бір-бірімен көріскен ел қуанышты,”түйе боздап,қой қоздап”,”ақ пен ас көбейген.Ауада неше түрлі құстар мен көбелектер ұшып ,соларды қуып жүрген балалар мәз.Күннің шуағына жылынып отырған кемпір-шал,шулап жүгірген балалармен бірге ақын да өзінің қуанышты сезімін білдіреді.Ақын өлеңдерінде пейзаж басты шумағында ғана суреттеліп, қалған шумақтар ауылдағы елдің тұрмысын ,шаруалардың іс-әрекетін бейнелейді. Ал ақынның “Күз” өлеңі табиғаттың онсыз да жабырқау мезгіліндегі ауылдың күйбең тіршілігі ,кедейлердің шарасыз күй аса бір шынайы суреттелген.Көз алдымызға тозған күзеуде отырған ауылдың күнкөріс әрекеті күздің жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді.Осы өлеңде айтылған теріні малмаға салып илейтіні, әйелдер жіп иіріп киіз үйдің жыртығын жамауы,от жақпай жаурап отырғаны,суыққа тоңған балалар мен кемпір –шалдардың “құржаң қағып”отырғаны-бәрі де көшпелі ауылдың күнделікті жағдайы,тұрмысы.”Қыс” өлеңінде қыс мезгілі адам бейнесінде суреттелген.Бірақ бұл “адам” соқыр ,мылқау “танымас тірі жанды”.Түсі суық кәрі құда ауылға келіп “әлек салды”.Мұнда да шидем мен тондарын қабаттап киген малшылар бет қаратпайтын боранда мал соңында жүр.Суықтан титығы құрыған жылқысын қасқырдан қорыған жылқышылардың жанаярлық еңбегі суреттелген. Қыстың келгеніне тек балалар мәз.Беті-қолын үсік шалса да қарды қызық көрген олар суықты елемей ойнап жүр.Бұл өлеңде қыс мезгілі- шаруаның аса бір қиналатын кезі.Қыстан малын аман сақтап қалу қамымен жүргені көрінеді.Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері оның қоғамдық өмірге көзқарасын да ашық көрсетеді. ”Диханшылар жер жыртып,егін егер шаруаның бір малы екеу болып , -деген шумақтардан шаруаның еңбегін, қарбалас тіршілігін көреміз.Бұл екі өлеңде А.Құнанбайұлы ауылды аса бір мейірімділікпен,көтеріңкі көңіл-күймен суреттеген. Ал ақынның “Күз” өлеңі табиғаттың онсыз да жабырқау мезгіліндегі ауылдың күйбең тіршілігі ,кедейлердің шарасыз күй аса бір шынайы суреттелген.Көз алдымызға тозған күзеуде отырған ауылдың күнкөріс әрекеті күздің жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді.Осы өлеңде айтылған теріні малмаға салып илейтіні, әйелдер жіп иіріп киіз үйдің жыртығын жамауы,от жақпай жаурап отырғаны,суыққа тоңған балалар мен кемпір –шалдардың “құржаң қағып”отырғаны-бәрі де көшпелі ауылдың күнделікті жағдайы,тұрмысы.”Қыс” өлеңінде қыс мезгілі адам бейнесінде суреттелген.Бірақ бұл “адам” соқыр ,мылқау “танымас тірі жанды”.Түсі суық кәрі құда ауылға келіп “әлек салды”.Мұнда да шидем мен тондарын қабаттап киген малшылар бет қаратпайтын боранда мал соңында жүр.Суықтан титығы құрыған жылқысын қасқырдан қорыған жылқышылардың жанаярлық еңбегі суреттелген. Қыстың келгеніне тек балалар мәз.Беті-қолын үсік шалса да қарды қызық көрген олар суықты елемей ойнап жүр.Бұл өлеңде қыс мезгілі- шаруаның аса бір қиналатын кезі.Қыстан малын аман сақтап қалу қамымен жүргені көрінеді.Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері оның қоғамдық өмірге көзқарасын да ашық көрсетеді. Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.Абай дәуіріндегі қазақ ауылының сұлу табиғаты көз алдымызға елестейді. Абай бұл өлеңдерде оны қазақтың ұғымына сай “біреу малма сапсиды”,”енесіне идіртіп шуда жібін,”күн-күйеу,жер-қалыңдық”,«кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды.Ауылдың қазақы өмірін сөзбен суреттейді.Абай ландшафтты қазақтардың көшпелі әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты табиғи тіршілік ортасы, адам өмірінің орны ретінде қарастырады. “Жаз” өлеңін оқығанда қазақтың дархан даласында думандатып жүргендейсің,көктемнің жаймашуақ күнінде ауыл адамдарымен бірге күліп- ойнап қызу еңбекке кірісіп кетіп,сайраған құстар мен ұшып жүрген көбелекті қуасың.«Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.Ұлы Абайдың осы өлеңдері кәзіргі ұрпақтардың ауыл өміріне деген көзқарасының түзу болып,”ауыл-алтын бесігімізді” ерекше құрметтеп,салт-дәстүрлеріміз бен тарихымызды ұмытпауға әсері мол.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!