Материалдар / Ақыл-ой мен технологияның тоғысуы – білімдегі жаңа белес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақыл-ой мен технологияның тоғысуы – білімдегі жаңа белес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мəселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде білім алушыларға ғылым негіздерін меңгеруде білімді əлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен əдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мəселе болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2022
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ

Инновациялық білім беру және

ақпараттық технологиялар кафедрасының

аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Сандугаш Оралхановна Комекова



Ақыл-ой мен технологияның тоғысуы – білімдегі жаңа белес

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мəселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде білім алушыларға ғылым негіздерін меңгеруде білімді əлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен əдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мəселе болып отыр.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелерінің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты əдістерді дəстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатта өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тəрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Елімізде білім және жаңа технологиялар туралы EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби мамандар жаңа білімді меңгеруге, тәжірибе алмасуға келді.

EdCrunch Reload педагогтарға, тәрбиешілер мен ата-аналарға, мектепке дейінгі ұйымдарға, ерте даму орталықтарына, мектептер, гимназиялар мен лицейлер басшылары мен педагогтеріне, әдіскерлерге, университеттер, колледждер мен техникумдар сандық трансформация жөніндегі басшыларға, оқу-әдістемелік басқармалардың басшыларына, сандық платформаларды әзірлеушілерге, бизнес корпоративтік университет басшыларына HR-директорлеріне L&D-мамандарына, стартап негізін қалаушыларға, өнім менеджерлері және маркетологтарға арналған.

Конференция жұмысы барлық сала педагогтері үшін алты үлкен бағыттағы тақырыптар мен идеялардың кең спектірін қамтиды. Конференцияның бағдарламасы технологиялар, нейробиология мен оқу туралы ғылым, оның ішінде когнитивті неврология арқылы білім берудің трансформациялау жайындағы қызықты мәлімдемеден басталды. «Мектегі білім беру», тәжірибе алмасу, цифрлық технологияларды пайдаланып, оқытуға шығармашылықты қосу, білім алушыларды қызықтыру бойынша халықаралық деңгейдегі спикерлер өз ойларын ортаға салуда, басқада өзекті тақырыптар «Пайдалы мазасыздық», «Білім берудегі нейроәртүрлілік», «Жұмыс, оқу және өмір үшін эмоциялар», «Сөйлеуді тану және оқу дағдылары», сондай-ақ 10 канал арқылы тікелей эфир жүргізілді.

EdCrunch қонақтарымыздың болашақтың дағдылары, технологиялар мен нейроғылымдар тоғысатын тақырыптарды қызықты талқылау барысында өзіндік ойымызды тұжырымдадық. Қазіргі уақытта жаңа туылған баладан, еңкейген қарияға дейін интернетке және заманауи құрылғыларға тәуелді.

Бала – гаджет – ересек адам: қарым-қатынастың жаңа түрі. Біз әрқашан ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа ересектердің мүмкіндіктері мен мол тәжірибесі тұрғысынан қараймыз. Бірақ компьютер мен интернет келгелі адамзат тарихында алғаш рет балалар ата-аналардан жылдамырақ және сәтті игерген, өмір үшін аса маңызды дағды пайда болды. Бұл жайтқа қалай қарау керек, ересек позициясын сақтау керек пе, баланың гаджеттерді шексіз пайдалануын жазаламай етіп шектеу жолдарын қарастыру және басқа да мәселелер конференцияда кеңінен талқыланды.

Digital parenting: сымсыз әлемдегі балалармен байланыс. Цифрлық әлемнің артында жасырылған стресс пен проблемалар шынайы өмірден артық болмаса, кем емес. Мамандар оның әсерін мұқият зерттеуде және қазірдің өзінде оның жылдан-жылға артып жатқаны белгілі. Бұрын үйдегі жалғыз гаджет кешкі астан кейін ғана көретін теледидар болатын. Ал, қазір әркімнің өз планшеті немесе смартфоны бар, сәйкесінше, бір нәрсені талқылау үшін бәрінің бір бөлмеге жиналу қажеттілігі де жоқ. Гаджеттер мен әлеуметтік желілер расында да жанұядағы салауатты қарым-қатынастың ыдырауына әкелді.

Заманауи техникалар біздің ажырамас бір бөлігімізге айналды. Интернет біздің параллельді өмір сүру ортамызға айналды. Интернет ақпараттар мен қызметтердің сан алуандығымен адамдарды өзіне баурайды.

Қазіргі кезде адамның өз зейінін реттей алмауы туралы нейроғылымдар саласының өкілі Ричард Дэвидсон: «Мені алаңдататын дүние, ол бүкіл халық зейіннің жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр, біздің зейініміздің бәрі өзіміз реттей алмайтындай болып құрылғыларға бекітілген. Біз ескексіз қайықпен алпауыт мұхитқа жіберілген жалғыз теңізші секілдіміз: бізді мақсатты бағытпен емес, цифрлық желмен алға қарай жетелейді. Зейінді өз қалауымен бағыттай алу мүмкіндігі тек адамдарға ғана тән. Бірақ біз бұл қабілеттің өте төмендегенін байқап отырмыз» - деп өзінің алаңдаушылығын білдірген болатын. Қабылдаудың маңызы бар: басқаша көру туралы ғылым. Белгісіздік – жеке тұлғалар да, білім беру ұйымдарындағы білім саласында жиі кездесетін проблема болып отыр. Ұлы ғұламалар, көшбасшылар мен педагогтар эволюция үдерісінде жек көретін нәрсе – білместікті жеңуге қауқарлы болса, жетістікке жетері сөзсіз. Бо Лотто интеллектуалдық қабылдауға негізделген бейімділік мәдениетіне қатысты және қалай іске асыруға болатын ойларымен бөлісті.

Педагогтеріміздің барлық құрамы білім саласында этикалық нормалар мен ғылыми қағидаларға сәйкес нейроғылымдағы жобаланған зерттеулер жүргізіп, мәліметтер жинақтау керек. Кәсіби маман ретінде білім саласындағы жетістер мен нейроғылымның заманауи жетістіктерін анықтау және бейімдеу негізінде орта білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтері үнемі біліктіліктерін жетілдіріп отыру қажет.

Денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, маркетинг және қоғамның сұраныстарына сәйкес нейрокибернетика және адам-компьютердің өзара әрекеттесуі саласындағы әзірлемелерді қолдану қажеттігі туындап отыр. Пихологиялық, нейрофизиологиялық интеграциялауға негізделген нейроғылымдағы мәселелерді шешуге бағытталған эксперименттік зерттеулердің дизайндарын қарастыру маңызды.

Қорытындылай келе, білім саласында қызмет етіп жүрген әрбір педагог нейроғылымдағы зерттеу міндеттерін жүзеге асыруға арналған заманауи компьютерлік технологияларды қолдану, және статистикалық талдау жасау, бағдарламалау, модельдеу негіздері іс-шараларына қатысу педагогикалық тәжірибеде жаңа көзқарастарды қалыптастыруға, тәжірибені дамытуға және кәсіби дамудың жаңа стандарттарын белгілеуге көмектеседі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!