Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақын Әлмағамбет Оспанұлының қоғамдық-ағартушылық қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын, ағартушы Әлмағамбет (азан шақырып қойған аты-Әлмұхаммед) Оспанұлының есімі ұлт көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ақталғаннан кейін ғана ел арасына тарай бастаған тұлғалардың бірі. Әлмағамбет Оспанұлы саналы ғұмырын имандылық ілімін насихаттауға, ұстаздыққа арнаған, саяси мекемелердің бақылауында болып, өмірінің көп бөлігін қуғын-сүргінде өткізген. Әлмағамбет Оспанұлының өлең-жырлары елді адамгершілікке, оқу-білімге, ынтымақ- бірлікке үндейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Ақын Әлмағамбет Оспанұлының қоғамдық-ағартушылық қызметі.

Ақын, ағартушы Әлмағамбет (азан шақырып қойған аты-Әлмұхаммед) Оспанұлының есімі ұлт көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ақталғаннан кейін ғана ел арасына тарай бастаған тұлғалардың бірі. Торғай уезі,Тосын болысында 1886 жылы өмірге келген Әлмағамбет саналы ғұмырын имандылық ілімін насихаттауға, ұстаздыққа арнаған, саяси мекемелердің бақылауында болып, өмірінің көп бөлігін қуғын-сүргінде өткізген. Әлмағамбет Оспанұлының өлең-жырлары елді адамгершілікке, оқу-білімге, ынтымақ- бірлікке үндейді.«Әлмағамбет 13 жасында Торғай қаласындағы 4-кластық орыс қолөнер мектебіне түсіп, «ағаш ұстасы» деген мамандық алып шығады. Содан кейін 17 жасында осы Торғай қаласындағы 6 жылдық орыс мектебінің 4-класына қабылданып, оны 1905 жылы бітіреді. Қаражат жинап, 1911 жылы Троицк қаласындағы Зейнолла ишан салдырған «Расулия» медресесіне түседі. Оқи жүріп, «Айқап» журналына,«Қазақ» газетіне өлеңдерін бастырып, мақала жазып тұрады. «Сол медіресіні бітіргеннен кейін Уфа шаһарындағы мүрсе Ғалиға барып, оқуға та- лап етіп жүргенімде 1916 жылғы июнь Жарлығы шығып, 31 жасымда приемға ілігіп, туған жерге қайтып келіп, арапша оқудан да тоқтап қалдым»- деп жазады ақын. Бұл жердегі мүрсе Ғалия медресесі. 1917 жылы туған жері-«Бестау», «Суықбұлақ», «Шилі» маңындағы, «Үшқарасу» басындағы мешітті «Бостандық» мектебі деп атап, ауыл балаларына орысша-қазақша білім бере бастайды. Осы мешіт-мектепте үлкендер жағы ғибадатты жалғастыра береді. Халық Әлмағамбет атамды мешітке-имам, ал мектепке-мұғалім етіп сайлайды. Мектеп-мешітке «Бостандық» деген ат берілуіне орай жұрт үлкен той жасайды».

Ақынның «Қазақ шежіресі» атты тарихи дастаны (1931) көркемдік және танымдық мәні жоғары туынды. 1938 жылы жазылған «Арақ туралы» деп аталатын поэма қазақ әдебиетінде ішкілік сынды қоғамдық-әлеуметтік дертті сынайтын бірден-бір көлемді дидактикалық шығарма болып табылады. Әлмағамбет Оспанұлының халыққа сіңірген еңбегін бүгінде тәуелсіз еліміз лайықты бағалап отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен Арқалықтағы орталық мешітке Әлмағамбет Оспанұлының есімі берілді. Ауылымызда осыған орай 100 жыл бұрын кірпіші қаланған Бостандық мектебінің орнына Әлмағамбет Оспанұлының ұрпақтары атынан мәрмәр тастан арнайы белгі қойылып, оның ашылу салтанаты өтті. Осындай рухани маңызды іс-шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған Әлмағамбет Оспанұлының баласы Сұлтанғали Әлмағамбетұлы сөз сөйлеп, арнайы белгінің салтанатты ашылу рәсімін Жангелдин ауданы әкімі Шота Оспанов пен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Шилі ауылының мақтан тұтар перзенті Серікбай Оспанұлына табыстады.

Сұлтанғали Әлмағамбетұлы тарихи құнды мәліметтермен бөлісіп, былайша тебіренді: «Бала кезім әлі есімде, әкем Әлмағамбет Оспанұлы үнемі ауылдың тарихын айтып отыратын. Бұл жер Үшқарасу деп аталады, кейіннен III-ші интернационал колхозы,содан соң 12-ші ауыл атанып, алпысыншы жылдардың басында Шилі совхозы болып қайта құрылған. 1916 жылғы июнь жарлығы халыққа үлкен ауыртпалық түсірген көрінеді. Заман өзгеріп, кеңес үкіметі орнаған 1917 жылы Үшқарасу (Шилі) деген жерде тұратын 40-50 шақты үй бірігіп, ислам діні үшін ғибадат қылуға, ел болашағы үшін орысша-мұсылманша заманына лайық жаңа тәртіппен жастарды оқытып, мойындарындағы міндетті борыштарын өтеу үшін орталарынан Шиліден бір мектеп, бір мешіт үйін салуға қаулы қабылдапты. Сол қаулы бойынша салынатын мектепке «Бостандық» атауы берілген. Ақсақалдардың ұйғарымымен салынған мектепте жастар білім алса, қарттар мешітте намаз оқыған екен. Әкем Орынбордағы үкімет орындарына барып, Бостандық мектебі деп бекіттіріп, оқытушылар тағайындатыпты. Өзі сол мектепте мұғалім-имам болып, халық ағарту ісіне белсене араласқан. Төңкерістен кейін қазақ балалары үшін ашылған мектеп туралы 1917 жылғы 11 маусымдағы «Қазақ» газетінде көлемді мақала жариялады». 1937 жылғы зобалаң басталғанда, Әлмұхаммед Оспанұлы «аурудың алдын алып», Троицкіге көшіп келеді. 1939 жылы Қостанай облысының Комсомол (бұрынғы Қарабалық) ауданындағы «Мағынай» мектебінің интернатында меңгеруші болып істейді. Ал, 1940-1941 оқу жылында «Бозкөл» мектебінде орыс балаларына қазақ тілінен сабақ береді. Осында жүргенінде «халық жауы» ретінде ұсталып, үшінші рет түрмеге отырады.  1948 жылы босап шығып, Пайғамбар жасына келгенде елге оралып, жұртшылықты имандылыққа үндейді. Әлмұхаммед Оспанұлы туған жері «Шиліде»  1966 жылдың 18 шілдесі күні тура 80 жасында қайтыс болады.

Қайраткер ұстаздың мұрасы әдебиеттанушы ғалымдар, өлкетану­шылар тарапынан зерттелуде. Ә.Оспанұлы­ның шығармашылығы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында» (Алматы – 2009 жыл) жан-жақты сөз болады. Өлеңдері мен дастандары бірнеше рет жеке жинақ болып басылып шықты.

























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Хабаршы «вестник» журналы,2011(29).

Жетпісбай Бекболатұлы :Ақын Әлмағамбет Оспанұлы – «Айқап» журналының авторы.

2.Нұрлы таң газеті.23.11.2017.

3.Nurlytan.kz. сайт.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1079
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12