400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақын Жұбан Молдағалиевақа 100 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын Жұбан Молдағалиевақа 100 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шорнақ ауылы, Аша елдімекені, Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы орта мектебі









Shape1

"Жыр қыраны - Жұбан ақын"атты виртуалды кітап көрмесі

























Кітапхана меңгерушісі: Ахметова Жанар













2020-2021 оқу жылы



































Ақын Жұбан Молдағалиевқа 100 жыл (1920-1988)

Құрметті оқырмандар!

Жұбан Молдағалиевтың 100 жыл толуына орай Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасы "Жыр қыраны - Жұбан ақын"атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп тұтас бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған, ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен талайды тәнті еткен, көзінің тірісінде-ақ қазақ өлеңінің жыр -дариясы атанған Жұбан Молдағалиевқа 100 жыл.

Биыл ақынның туғанына тура 100 жыл толып отыр. Жұбан Молдағалиев Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Тайпақ (қазіргі Ақжайық) ауданының Жыланды деген жерінде өмір есігін ашқан. 1940 жылы Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітіргеннен кейін 1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1948-1952 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1955-1956 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, ал 1958-1963 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1979-1983 жылдары бірінші хатшысы болды. Ол сондай-ақ КСРО Жазушылар одағы басқармасының, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналы мен «Библиотека поэта» басылымы редакциялық алқасының мүшесі қызметін атқарып, КСРО және Қазақстан Жоғары Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Атақты ақынның тырнақалды туындылары Орал қаласында жарық көрді. Атап айтқанда, «Ленин тірі» атты алғашқы өлеңі облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде 1939 жылы жарық көрді. Сол жылы облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде (қазіргі «Орал өңірі») «Менің антым», «Кел, жолдастар, жырлайық» өлеңдері баспа жүзін көрді. Тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы басылды. Содан кейінгі жылдары ақынның алпыстан астам кітабы жарық көріп, атағы жалпақ әлемге жайылды. Әсіресе, 1964 жылы «Мен - қазақпын» атты поэмасын шығаруы әдебиет әлемін дүр сілкіндірді. Сол кездің өзінде-ақ «Мен - қазақпын!» деп айдай әлемге жар салып, туған халқының өткен өмірі мен қилы тағдыры туралы тебірене жырлауы ақынның даңқын көкке көтерді. Оның қаламынан «Жесір тағдыры», «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» сынды поэмалар туды. Ал «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Арада сегіз жыл өткенде КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Өлеңдері мен дастандары көптеген шетел тілдеріне аударылып, өз бағасын алды. КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев атындағы алтын медальдің иегері. Ол Ленин, екі мәртеден Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Отан соғысы, сондай-ақ «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. 1985 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. «Мен - қазақпын!» деп жырлап қана қоймай, Жұбан қысылтаяң сәтте халқын қорғай білген ұлы тұлға еді. Бұған 1986 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар одағына кездесуге келген Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Г.Колбинге қаймықпай айтқан атақты сөзі дәлел. Аяусыз соққы жеп, итке таланған қазақ жастарына араша түскен ақынның бұл хас ерлігі еді

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы сарқылмайтын өміршең туынды, Жұбан Молдағалиевтің сөзіне және Ілия Жақановтың әніне жазылған, бүгінде дарынды дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың орындауындағы "Еділ мен Жайық" әні халықтың сүйікті әніне айналды, әсем ән сазының астарында ақынның туған еліне, жеріне шексіз махаббаты сезіледі. Ақынның азаматтық ұстанымдары публицистикалық сипатта келіп, адамға қажет ой толғаныстарға, қасиет құндылықтарға толы.

Ақын өмірі мен шығармашылығы лайықты тарихи бағасын алды, Орал қаласында ақын ескерткіші тұр, жерлестерінің, халықтың ақынға деген махаббаты мен сүйіспеншілігінің белгісі.

Академик Зейнолла Қабдолов кезінде: «Жұбан өлеңдерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары» деп бағалағаны белгілі, ақынның идеялық мұраты ізденістерге итермелесе керек: ол азаматтық, табиғат, көңіл күй, махаббат лирикаларында кезінде молынан көрінді, олар халықтың талғамына құйылды, танымал өлең жолдарға айналды:

Өмірде ащы қандай, тәтті қандай –

Кім қалай біледі өзі татып алмай?

Ұғасың, ардақтайсың адамды да

Адамға іс болса татығандай.

*****

Адамды тіріде тек бағалайық,

Ардақтап апалайық, ағалайық

Бас дейік, батыр дейік, биік дейік

Жоқ болса ожданына татар айып.

1-оқушы:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

2-оқушы

Жем қайда, Жайық қайда, Сағыз қайда?

Ескі өлең еске түсті бағызда ойға.

Ашылып үрпілері, әне өзендер,

Далаға дән тасқынын ағызған ба?

Тіл білсе толғар еді тұмса Нарын -

Куәсі газ түздердің, құм сонардың.

Қысы жұт, жазы жалақ жылдар өтті,

Тартпады тауқыметін кім солардың?

Шөлдетті Исатай мен Махамбетті,

Құмар боп құмаршыққа атам да өтті.

Күй қылып кісен үнін Құрманғазы,

Қарғаған топан дертті, жапанда орны...

3-оқушы:

Жұбан Молдағалиев - ХХ ғасырдың екінші жартсындағы қазақ совет әдебиетінің, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлесін қосқан әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, мемлекеттік қайраткер.

Қорытындылай келе, «Мен – қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат» деп өткен Жұбан Молдағалиевтің ғасырлық тойы басталды. Енді оның елге, әсіресе жас ұрпаққа берер ғибраты молынан болғай.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2020
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі