Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырып: «Әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі»
Мақсаты: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінез-құлықтың прагматизмін қалыптастырудың маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру. Прагматизм туралы қоғамдық пікір қалыптастыру. Ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалануды білетін Қазақстан патриотын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел
Мұғалім: Қазақстандай жас мемлекет үшін өркениетті елдердің қатарына қосылу, қосылып қана қоймай жаһандану процессінде көшбасшы елге айналу міндеті тұр. 25 жылдық кезеңді артқа тастаған жас мемлекет өнер мен білімде, мәдениет пен әдебиетте, ғылым мен жаңа технологияларда, медицина мен спортта, саясат пен экономикада үлкен ізденістерді басынан өткерді. Болашағы айқындала бастаған ел экономикалық жолын нақтылап, саясат пен руханият көкжиегін кеңейтіп, өнер-білімін өркендетті, медицинасын жаңартып, білім-білігін арттырды. Жаңа инновацияларға бет бұрып, озық технология тілін меңгерді. Барлық салада жасарып, жаңарған елдің алдына енді өзге де мұраттар шықты. Танымалдығы ұлғайып, әлем елдерінің алдындағы беделі артқан Қазақстандай жас мемлекет үшін енді халқының ұлттық тұрғыда жаңғырып, жасампаз, жаңашыл елге айналуы керек-ті. Ел президенті Н.Назарбаев өз халқының дәл бүгінгі таңда сусап отырған осындай қажеттілігін тамыршыдай тап басты. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.
Ләззәт: 1-оқушы. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Шыңғыс: 2-оқушы. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Нигара: 3-оқушы. Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.
Жәйна: 4-оқушы. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Мұғалім: Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы
мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен
қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске
сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық,
кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет
басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»
қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан
бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын
қалаймын. Яғни, реализм
мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды» деген
ойды алға тартады.
Қазақы прагматизм Елбасы өзінің «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық
сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете
отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы
күшіне айналдырудың маңыздылығын атап
өткен.
Сонымен, прагматизм идеологиясы – қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұстанымдарымыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы. Ол бәсекелікке қабілеттіліктің де, білім сапасы мен салтанат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қатынастарымызды, санамыздың ашықтығы мен өзгеру бағытымызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы. Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, «прагматизм» ұғымына сәл үңілген артық болмас.
Дәулет: Прагматизм термині – іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жеткілікті, ақиқаттың өлшемі практика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағидаларды ұсынады. АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр.
Ерасыл: Елбасының прагматизм философиясына назар аударып отырғандығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстанымдарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, ментальдық болмысымыздың сипатына айналған кейбір дағдылардан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі – аста-төк ысырапшылдық, даңғойлық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқарады, ұлтты үнемшіл болуға, байлықтың құны мен қадір-қасиетін бағалауға үйретеді деген ой-пікірдің де болғаны белгілі. Нарық заманының ширек ғасырын артқа тастасақ та, әлі сол ысырапшылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз.
Салтанат: Ысырапшылдық – жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мемлекет деңгейінде көрініп отырғаны мәлім. Біздің әлі де болса, еңбекті, байлықты бағалай алмай жүргеніміз байқалады. Келген байлық адал еңбектің нәтижесі болса, маңдай теріңмен келсе, мүмкін ойланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Байлықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі болғанмен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адамшылықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл – бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер – надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шектен шыққан тұтынушылық психология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейінен асып, қоғамдық нормаға айналып бара жатқаны да белгілі. Рухани жаңғырудың менталдық кедергілері де осында.
Мұғалім: Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыздың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мінез-құлықтық негізі, іргетасы ретінде қалыптастыру, бүгінгі ұлттық идеологияның басты бағыттарының бірі екенін баса көрсетуі өте орынды. Ұлт менталитетінде өзіндік орны бар құндылықтардың бірі үнемшілдік, қанағатшылдық. Соңғысы астамшылдық пен ысырапшылыққа жол бермеудің тегеріштері, тосқауылдары.
Ерсұлтан: Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан іздегені белгілі. Еңбекқорлық, тәртіп адалдық, үнемшілдік кәсіпкерліктің рухани негізі ретінде қарастырылып, оларды протестантизм дінінің өркениеттік дамуға қосқан үлесі ретінде қарастырды. Адамдар бойындағы еңбекқорлық пен үнемшілдікті тек протестанттық діни этика қалыптастырды десек артық айтқан болармыз. Осындай астамшыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сынға алған болатын. Олай болса, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет.
Мұғалім: Яғни, ұлт мәдениеті неғұрлым осы жоғарыда аталған құндылықтарды адамдар іс-әрекетінің негізі ретінде қалыптастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күшті болса, саналы түрде бағытталса, аталған құндылықтар солғұрлым адамдар санасы мен мінез-құлқында көрінері сөзсіз. Елбасының ұлт менталитетінсіз, мәдениетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы. Астамшылдық пен ысырапшылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақтың мақал-мәтелдерінде, дүниетанымы мен философиясында сайрап жатыр.
Мысалы: Шашу оңай, жинау қиын. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді. Бір жоқ бір жоқты табады. Шығасыға иесі басшы.
Ендігі кезекте Дана Абай атамыздың қара сөздерін тыңдап, талдайық.
Абайдың қара сөзі оқылады
№
№
№
№
№
№
Эльвира: Мәселен, Абай өзінің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туатын бала емес, көрсем, білсем, үйренсем деп туатын баланы тәрбиелеп, оны білімге, ғылымға үйретіп, жеңдіріп, қанағатшылдық пен үнемшілдікке үйрету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақтаншақтықтың түрлерін көрсетіп, «десін» дейтіндердің «демесін» дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ.
Эльмира: Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, – деп, ой түйген болатын. Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл – білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерекшелігі. Ол адам бойындағы ізгілікті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәйкес мінез-құлық салтанатын орнықтыруды үйретпейді. Себебі, қоғамда тұтыну психологиясын насихаттайтын ұстанымдар басым. Ол табиғат, жер, адам және қаржылық, технологиялық, экологиялық ресурстарымызды пайдаланған кезде көрініп жатады. (Мысал келтіреді)
Аружан: Абай: «ғылымсыз ахирет жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды », деген еді. Сол тәрізді, бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс.
Арай: Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі. Сондықтан да, білім беру жүйесінде тұлғаны қалыптастыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерекшелігі де осында. Елбасының прагматикалық философиясы осындай ойларға жетелейді.
Елдар: Елдің басшысы өз мақаласында ұлттық салт-сананы сақтай отырып, сананың заманға сай саңылауы бар, тозығы жеткен үлгілерінен бас тартуды тілге тиек етеді. Яғни, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Дәстүрдің озығы да, тозығы да болғаны сықылды сананың да кертартпа тозығы болады. Сананы өзгертудің бір жолы – бұл прагматикалық ойлау жүзінде іс жасау. Яғни, кез келген істе белгілі бір мақсатқа жетуді көздеу әрі мақсатқа жету жолында барлық мүмкіндіктерді пайдала отырып, қандай да бір пайдалы нәтиже шығару. Шынайы прагматика асып таспайды. Қолда барын оңды-солды құр шашып, күн көрмейді. Керісінше, қолында бар қаржысы мен мүмкіндігін пайдалы істерге жұмсайды.
Димаш: Мәселен, жастардың арасында шектен тыс мақтанқұмарлықты, кердең мінез, келіссіз істерді байқаймыз. Қарапайым ғана, қазақтың тойының өзінде ысырапшылдыққа салып, оның құт-берекесін қашырамыз. Өзін прагматик санайтын тұлға мұндай шектен тыс әуесқойлыққа бармайды. Дәстүрдің де, сананың да тозығы осы емес пе?! Еуропалық таным бойынша қолда бар ресурс жаңа бастамаларды мен идеяларды жүзеге асырушы құрал болатын болса, біздің ТМД-лық санада бұл өз мәртебесі мен мүмкіндіктерін көрсетудің қарабайыр, дүрсін тәсілі болып кетті. Бұдан арылатын сәт келді. Кез келген бастаманың қалай жасалатындығына емес, нәтижесіне көп мән береді.
Мұғалім: Сонда «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді». Прагматик тұлға үйренуден жалықпайды, зейін-түйсігін тәрбиелеумен болады. Кез келген істі ақылға салып, ұтымды жолын ойластырады. Қолда бар ресурсты жұмсауда минимализм мен табыс тауып жетістікке жетуде максимализм қатар көрініс табатын тұлға шынайы прагматик десек болады. Олай болса экономика мен нарық көрсеткіші тәрбиелеген келешек тұлғаның барлығы прагматик боларына сенімдіміз. Заман ағымынан қалыспай ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз.
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, Сіздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екендеріңді аға ұрпақ зор сенім артып отырғандарын түсінулерің керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
Синквейн
стратегиясы (бес жолды өлең): Синквейн француздың «бес»
деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу
әдісі.
-
Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
-
Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
-
Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
-
Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
-
Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
«Прагматизм: болашаққа жоспар»
Дәріс барысында жастарға прагматизм мен реализм құндылықтарының жағымды жақтары түсіндірілді. Қатысқан студенттер болашаққа жоспар құруға байланысты өз ойларын ортаға салды.