Материалдар / "Арайлы Алтын күз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Арайлы Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арайлы Алтын күз» ертеңгілігі

Ортаңғы "Шаңырақ" тобы.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

Барысы: Мерекеге сай безендірілген зал (музыка ырғағымен залға балалар кіреді).

Тәрбиеші: Көптен күткен "Алтын күз" мерекелеріміз келіп жетті. Құрметті қонақтар, балалар күз мерекелеріңіз құтты болсын!

-Балалар сендер білесіңдер ме, біз қандай мерекені тойлағалы отырмыз?

- "Алтын күз" мерекесін!

-Ал, балалар сендер осы мерекеге дайынсыңдар ма?

-Балалардың жауабы.

-Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық. (Ортаға 3 бала шығады).

1. Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын соғайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

2.Айнала сары-ала,

Қырманға дән тола.

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

3.Ендеше не тұрыс,

Болмасын жан қалыс.

Тойлайық күлейік.

Қуанып, билейік.

Хор: "Жапырақтар"

Би: "Қолшатырлы қыздар"

Осы биден кейін бір бала әлсірей құлайды.

Тоқтаңдар, тоқтаңдар.

Бойымнан әл құрып,

Көздерім бұлдырап,

Басым айналып барады. (Жанындағы балалар көмектесіп демейді.).

1 бала: Енді, енді не істейміз?

Мирасқа қалай көмектесеміз?

2 бала: Сабыр сақтайық, саспайық,

Дәрігер шақырайық. (Қалтасынан қол телефонын шығарып "Жедел жәрдемге" телефон шалады)

( "Жедел жәрдем" машинасының дыбысы шығады. Дәрігер киімін киген бала кіреді).

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай арыз, шағымдарың бар?

3 бала: Мирасқа дәрігерлік көмек керек.

Дәрігер: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын. (фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Дәрігер: А-а-а-а деп қане, ауызыңды ашщы (тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген.

Қызуың ыссы екен.

Қол-аяғың әлсізденген,

Білдім неден ауырғаныңды!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа дәрумендер жетіспеген.

Мирас: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс.

Көп-көп көкөністер жеуге тырыс.

Тәрбиеші: Қазір күз мезгілі түсті-ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой.

Қоймаға қоңырау шалайық,

Күз өнімдерін осында алдырайық.

3 ші бала: Алло, алло! Қойма ма?

Бізге көкөністер мен жемістер керек.

Машинаға тиеп жіберіңіз,

Мүмкін болса тезірек! (Машина дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала көкөністер мен жемістерді "тиеп" әкеледі).

1. Мен-алмамын, алмамын,

Таңдандырар бал дәмім.

Пісіп толдым мінекей!

Баптап ерек бағбаным.

2. Мені бәрі жүзім дер,

Бір-бірлеп, дәмдеп үзіп жер.

Қызықтырам көркіммен,

Қатар-қатар тізілген.

3. Алмұрт деген жеміспін,

Күз айында мен пістім.

Дастарханның сәнімін,

Мені сүйер бүлдіршін.

4. Мен-шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қажеттімін адамға,

Оны жақсы білемін.

5. Мен қиярмын, сәндімін,

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің,

Жегенге қуат сыйлаймын!

6. Таңдандырар бәрін,

Асқабақпын дәмді.

Кептірілген дәнім,

Таптырмайтын дәрі.

7. Мен-картоппын, картоппын,

Бір қарасаң доппын?!

Немен жесең де жағам,

Мені қоссаң, тәтті болар тағам!

8. Менің атым, қызанақ,

Тұзды сеуіп молырақ,

Банкілерге салыңыз,

Ауызын мықтап жабыңыз.

Тағамға дәм қосамын, қыста тәбет ашамын.

9. Арамызда достарым,

Жасыл түсті боламын.

Айтқаным егер болмас,

Жылатып өшті аламын.

Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі,

Таптырмайтын дәрі.

Өнімдерді ортаға ала,

Тойлайық енді шаттана!

( "Күз ханшайымы" кіреді. Балалармен сәлемдеседі.)

Балалар сендермен бірге күз мерекесін тойлауға асыға жеттім.

Сендердің өнерлеріңді тамашалайын, егер бәрің жақсы өнер көрсетсеңдер, сендерге деген сыйлығым да бар!

Хор: "Алтын күз"

Күз ханшайымы: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз.

Суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын, мәрт күздің тойында.....

- Шаршауды білмеуге!

- Көңілді би билеуге!

- Әсем-сазды ән салып!

- Бір-бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!

Балалар: Ант етеміз, ант етеміз!

Тәрбиеші: Олай болса; қане, ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалайық.

"Джентелмен" ұлдар биі.

Ойын: Күз ханшайымымен ойын ойнатылады.

"Гүлдер мен көбелектер"

Ән: "Жау жаңбыр" Айзада, Камила,

Мирас, Ақниет, Арсен.С.

Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер,

Жаңалықтарды біле жүріңіздер.

-Әп сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата-анаға сыйлығымыз бар. "Асығыңыздар"

Тәрбиеші: Әсем әнсіз той болама?

Ән арнайық күзге жаңа.

Ағылшынша тақпақтар.

Ағылшын әні.

Ойын: "Апельсинді алмаға ауыстыр"

"Қай жеміс екенін ата"

Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап қалмаңыздар, қыздарымыз керемет өнерлерін көрсетеді.

"Күз-2017" сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар. (Сәнді киімдер шеруі)

Тәрбиеші: Енді бір сәт назар сап,

Мақтауменен, сыйға лайық,

Сурет өнерін тамашалайық!

(Күз тақырыбына сурет салған ата-аналар өз туындыларын қорғайды).

Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз,

Сыйлығымыз сіздер үшін!

Тосын сәт!

Күз ханшайымы: (ғажайып, үлкен алма тауып алады) Балалар қараңдар мен осында келе жатқанда бақтан үлкен алма тауып алдым, бұл алма жәй алма емес сыйқырлы алмаға ұқсайды екен, осында жеткенше әзер көтеріп келдім (аң-таң болып,айналдыра қарайды). Балалар, мен сендерге жақсы өнер көрсетсеңдер сыйлық беремін дегенмін, ал мына алманың ішінде бәріңе жетерлік сыйлық бар екен.

Енді бізге бала бақша меңгерушісі мен ата-аналардан күзге арнап тілектер айтса.

Осымен біздің берекелі де, мерекелі "Алтын күзге" арналған ертеңгілігіміз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!