«Арайлы,алтын
күз!»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің
ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер
пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен
нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз
айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға,
сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация,
жеміс-жидек, көрме.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!
Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке! (хормен)
Би:
Айару
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Бексұлтан
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді
Гүлдана
Алтын ,сары ,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жүргізуші. Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың
айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?
Нұртілеу
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді.
Менің-атым-Қазан.
Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін.
Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні
бар.(Іңкәр). Күздіңтсоңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің
суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға
қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім
біледі?
Нұртілеу
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып
салайық.
Ойын: « Көкөністер мен жемістерді
ажырат»
Ойынның шарты.
Балалар айтыңдаршы,жемістер қайда өседі? (Бақта)
Көкөністер қайда өседі?(бақшада)
Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін
тамашалайық.
Пияз (Нұрбол)
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ (Нұрай)
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап қоюға.
Қауын(Ахан)
Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Жүргізуші: Күз қуанышы
болған жемістерді де
тамашалайық..Дильназ
Қамба толды астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық,та,
Қап-қап астық алдық біз.
Ерасыл
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын,диқаннан,
Егін егіп,нан жиған.
Жүргізуші:Білім – теңіз,
мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын
күз» ертеңгілігі аяқталды.
.