Материалдар / Арал ауданының тарихи ескерткіштері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Арал ауданының тарихи ескерткіштері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға конференцияда пайдалануға тиімді жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
918
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А рыстан Баб



Арыстан Баб Қорымы. Жеті жердегі жайының бірі- Ақирек биігінде орналасқан. Бұл баба жөнінде алғашқы деректерді Қазалыда қызмет істеген ғалым И.Аничков жинаған. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Сырдария, Қамыстыбас, Райым көлдерінің ортасында арал болыпты. Басында бұлақ та болған көрінеді. Оны үдере көшкенде қарақалпақтар бұзып кеткен деседі. Бүгінде баба басына келіп ем алушыларға, зиярат етушілерге арналып үй салынған.

Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстанбаб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстанбабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "әуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстанбабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: "Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, "кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен" деген өтінішіне 300 жастағы Арыстанбаб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстанбабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстанбабқа 11 жасар бала: "Ата, аманатымды беріңіз" дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен". Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: "Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстанбабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи". Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстанбаб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстанбабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. "Хикметтер" мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сунниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің "Аманат" деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстанбабтың тегі — араб ("Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз", 90-хикмет). Яғни Арыстанбаб пен Салман Фарс екі заманада өмір сүрген екі бөлек тарихи тұлға.





















Құрым би баласы Байкісі

Тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Халық арасындағы аңыздардан майдан қыл суырғандай ақиқатын алып , ел тарихын бүтіндей беруіміз қажет» деген ұлағатын басшылыққа ала отырып, ел басына күн туғанда төңірегімізден шығып, еліне қорған болған хандар мен билерді , батырларды, байларды- жалпы ел ағаларын дәріптеуде ешкімді де тасада қалдырмауға тырыстық. Солардың бірі- Қамыстыбас ауылының үстінен өтіп, Райым , Ескіұра, Қызылжар елді мекендеріне қарай бағытталған жолдың жиегіне орнатылған ескерткіш иесі- Шектінің биі Құрымның баласы Байкісі .

Байкісі - сонау ел басына күн туған шақта әкесі –Шектінің биі Құрымға ас беріп , үш жүздің басын қосқан атақты бай .Тарихи деректерге, ел арасындағы әңгімеге қарағанда , Бұл бас қосудың тарихи аты - «Қарақұм құрылтайы» .

Жиын тарихи деректерде 1710 жылы өткен. Бұл жиынға қазақтың ханы Әз –Тәуке басшылық жасап , Кіші жүздің ханы Әбілқайыр –жоғарғы бас қолбасшы болса ,Қанжығалы Бөгенбай , Табын Бөкенбайлар бас сардар болып бекіген. Бұл деректердің анық –қанығы нақты айтылған.

Біздің басты мақсатымыз- Шектінің биі Құрымның баласы Байкісінің осы жиынға демеуші болғанын келер ұрпаққа айтып жеткізу. Жол бойындағы ескерткіштің сырын білдіру. Қазақ тарихының алтын беттеріне жазып қалдыру.













Жетес Қыстаубайұлы

(1828, Қызылорда облысы Арал ауданы — 1914, Арал ауданы) — би, шешен. Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің Райым, Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.



Әңгімелері

Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, "кімсің, Жетес би" атанған жақайым Жетес би әуелі өзін ел-жұртқа таныстырарда:



Арты атам ұлы Шекті, Жібек апам,

Сонан соң Тілеу, Қабақ, ол да бабам.

Бергі атам қойлы Дәкен, Жетес бимін,

Мекенім - Арал, Шалқар, құмды далам... -

деп термелеп алады екен. Атағы бүткіл елге жайылып кеткен, қыз біткеннің сұлуы Қыз Жібектей арудың атын есіткен жұрт "ә, Шекті елінен шыққан атақты Қыз Жібектің ұрпағы екенсіз ғой" деп, Жетес биге айрықша құрмет көрсетіпті.







Күнсүгір Ахун

Сырдың Аралға құяр сағасында ислам дінінің ілім-білімін оқып тауысқан, керемет қасиеттерін игерген, елді рухтандырып, оқытып елге тәрбие берген, үлгі-насихат таратушы киелі адамдар көптеп кездеседі. Біз баяндағалы отырған Күнсүгір ахун да киелі, қасиетті, ілім-білімі бар ғұлама, өте көреген, әулие адам болған. Күнсүгірдің шын аты – Гүлшүкір, кейін Күнсүгір атанған, оған себеп алдындағы ағалары Жансүгір (атақты Сары жырау) осы күні Ә.Махановтың «Аралым айдын шалқарым» деген толғауының ән авторы, кіші ағасы Айсүгір ісмер, шебер, зергер ұста болған. Тіккен етігіне біз шанышпай тігетін шебер деген атақ алған, ал жасаған зергерлік бұйымдарын Арал, Қазалы аймағы әлі күнге дейін пайдаланып келеді.

Күнсүгір ахун Қанатұлы Арал ауданы, Райым елді мекенінің жанындағы Қуқора деген жерде 1845 жылы өмірге келген. Кейін қазіргі Қамыстыбас бекетінен 35 шақырым жердегі Шеңгел түбек деген жерде өмір сүріп, осы жерде 1905 жылы қайтыс болған.

Аталық жолмен жіктесек, Жақайым, одан Асан, Бәйбіше Асан, бес бәйбіше, Асаннан Шеру, Шеруден Құдыс, Құдыстан Қойбағар, Қойбағардан Қанат, Қанаттан Жансүгір, Айсүгір, Күнсүгір болып келеді.

Бала Күнсүгір жасында үйінен қашып шығып, керуеншілерге еріп Хиуадан шығады. Бар арманы оқу оқып, ілім-білім алу. Хиуадағы медресе баланы қабылдай қоймайды. Үсті-басы кір-қожалақ, көйлек-штанынан басқа киімі жоқ баланы кім оқытуға ала қойсын. Ол сонда да мектептің есігінен қарап тұрып, ғұламалардың айтқанын қайталап, жазғандарын жадында сақтап, күнде оқудан қалмай жүреді. Осыны көріп жүрген бір ғұлама ұстаз есіктен сығалап тұрған баланың басынан сипап «қайдан келдің, кімнің баласысың?» деп сұрайды. «Сыр бойынан келдім, Қанат деген кісінің баласымын. Оқу іздеп керуенге еріп келдім» дейді ол. Ғұлама баланы үйіне ертіп апарып, жуындырып, киіндіріп, тазартып, қайтадан мешітке әкеліп, «бұл менің балам, оқуға қабылдаңдар» деп оқуға кіргізеді. Содан бала оқып, медресені бітіріп, «санадит хама» (аттестат) алып, Бұқараға келіп, 4 жыл оқып, «шатырхат» (диплом) алады. Өте жақсы оқыған Күнсүгір Түркия мемлекетіндегі «Күміс хадауи» медресесіне жолдама алады. «Күміс хадауи» деген сөз есік-терезелері күмістен істелген, күмістен қапталған деген мағынаны білдіреді. Осы оқу орнын өте үздік бітірген ол «Кәмәли хат» «академик» деген атақ алып шығады. Сөйтіп, елге қайтатын болады. Елге қайтарында Саида Әбдірахман атты таза араб ғұламасы (Саида – ұлы, Әбдірахман – аты) сені пірлер қорғап жүреді, күндіз оқу оқыдың, түнде түнімен Алла сөзін жарға жазып шығасың, соның арқасында барлық оқуды тауысып, үздік шәкірт болдың, енді саған пендешілік, көреалмаушылықтан қастандық жасалынуы мүмкін, сондықтан кідірместен тез арада еліңе қайтып, уағыз айтып, өзің де шәкірт дайындауың керек дейді. Күнсүгір ахун менің әке-шешем жарлы адамдар, олар маған мешіт салып бере алмайды. Сондықтан осында қалсам деп едім дейді. Енді кідірсең, қауіп-қатер болар деп, жақсы арғымақ ат, жақсы алтынмен апталып, күміспен қапталған ер-тұрман дайындап, жолға шығарып салады. Шығарып тұрып «қандай бір жағдай болмасын, аузыңнан Алла түспесін» деп қош айтысып, еліне аттандырып жібереді.

Елге жақындап келіп қалған шамада ахунның алдынан 4 қарақшы шығып, аттан түсіріп, бауыздайды. Ахун «Аллалап», Аллаға сыйынып тұра береді. Тамақтан шалып жібергеннен кейін есінен танып құлап жатып қалады. Бір ет пісірімдей уақыттан кейін тұрса, қарақшылар ат-матымен қоса өліп жатыр екен. Өз аты ұзамай қасында жайылып жүр екен. Тамағынан әлі қан ағып тұр екен дейді, дереу жерде жатқан сәлдесін алып, тамағын орап, атына мініп, ауылы отырған Шеңгел түбекке жетеді. Елге келген ахунды ешкім де танымайды. Сөйлейін десе, дауысы шықпайды, бірақ үй-іші бір жолаушы шығар деп күте береді. Алланың құдіретімен бір күні сәлдесі өзінен өзі қиылып жерге түседі. Күнсүгір ахун сөйлей бастайды, бірақ дауысы қырылдап шығады. Сөйтіп, әке-шешесіне, бауырларына, ел-халқына 11 жылдан кейін қауышқан ахун кейін «қырылдауық қара ахун» атанады. Сол кезде Шеңгел түбекте 200-ге жуық үй отырған. Елге келген ахунға Итайлар, бес бәйбішенің біреуі бала оқытып, шәкірт дайындайтын үлкен мешіт салып береді. Кейін тағы бір кіші мешітті Күнсүгір ахунның өзі салдырып, балалар оқытады. Екі мешіттің арасы 100 метрдей болған.

Елге келген соң түс көреді, түсінде ою-өрнегі келіскен үлкен тостаған толы шұбат көреді, шұбат беті толған жазу, үштің бірі «биссимиллә рахман рахим», аяғында «лағылта». Бұл не болды екен деп әкесінен сұрайды. Әкесі өмір-өмірің оқумен, бала оқытып, шәкірт дайындап, елді рухтандырумен өтеді депті. Сол әкесі айтқандай, Күнсүгір ахун алдынан осы еліне белгілі көптеген дарынды ахундар, ишандар, әулиелер дәріс алып, елге қызмет еткен. Бұлар: Ұзақ Көпбергенұлы, Оңғар ахун, алтынбай Тәжібай ахун, алтынбай Нұрғайын, Нұрғали, палуан Рысмамбет ишан, алтынбай Ізмағанбет, Дәулет Асан Оразымбет, Орман молда, Қазанғап әулие, тағы басқа да көптеген шәкірттері елге шерепеттерін тигізіп, халқына қызмет еткен. Жоғарыда айтылғандардың ішінде Байтөре баласы Қазанғап әулие Дәулет Асанға жиен болып келеді.

Күнсүгір ахун өмір бойы ешқандай да дүние жинамаған. Осы елдегі намаздың бәрін де өзі шығарады екен. Елдің айтуы бойынша намазға шақырғанда дәл уақытында ұшып келетін болған. Енді келмейтін шығар деп басқа адамға намаз шығартайын деп жатқанда келіп, намазды шығарып болып аққу болып ұшып кететін болған. Әрине, мұның бәрін сол уақытта ел білмеген, кейін өлген соң білген.

Намазға берген мал немесе ақша, заттарды кейін әкеліп беретін болған. Бірақ бұл дүниелерді, малдарды өз басына жаратпаған. Сол кезде бүкіл дүниенің түкпір-түкпіріне даңқы алысқа кетіп жатқан Күнсүгір ахунды көруге, уағыздарын тыңдауға және ауру-сырқау, бала көтермей жүргендер, балдарын оқытуға алып келетін ел-жұрт қара-құрым болып ағылып жататын болған.

Үсір, зекет, садақа, жаназадан түскен мал-мүлік, дүниелер осы келіп-кетушілерге жұмсалатын болған. Бірде-бірін өз басына, жанұясына пайдаланбаған. Аурудың барлық түрін жазған. Әсіресе, ең қиыны жынданып, құтыратын аурулар, белі жоқ ер адамдарды, тілі шықпаған, есі жоқтар, соққы алғандар. Әсіресе, бала көтере алмай жүрген әйелдерді бөпелі қылып, қуанышқа кенелткен. Бұған мысал ретінде: Сапақта Мешітбай деген азамат тұрады. Мешітбай ағамыздың анасы ахун атамызға келіп түнеп, дұға алғаннан кейін өмірге келген. Ахунмен рулас Шеру Досмағанбет деген кісінің баласы болмайды. Досмағанбеттің үйі Кәрібөгетте тұрады екен. Шеңгел түбекпен Кәрібөгеттің арасы 7-8 шақырымдай жер. Досмағанбеттің әйелі Кәрібөгеттен жаяу қатынап екі рет түнейді. Күнсүгір ахун «келін-ай, Алла қаласа, Айсағын атты ұлды боларсың» деп бата берген екен. Сол ахун айтқандай жылға жетпей, Айсағын өмірге келеді. Күні кеше қайтыс болған, ауданымызда әр салада қызметте болған Темірхан Мақсұт Қалиев те осы Күнсүгір ахунның ішірткісі, оқуынан дүниеге келген. Бұлармен қатар жұқпалы аурулар диспансерінің бас дәрігері Жақсылықов Жолдасбай да осы кісінің керемет қасиетінің арқасында өмірге келген. Қазалы ауданының Арықбалық елді мекенінде бір перзентке зар болып жүрген бір бақуатты адам өмір сүрген екен. Қанша әйел алса да ешқандай перзент көрмейді. Сол кісі 12 үй тіккізіп, Сыр бойында Арал, Қазалыға белгілі ишандарды шақырып, бір перзентке зар болып жүрмін, шерепеттерің тие ме екен деп бата сұрайды. Сонда бірде-бір адам үндемейді. Топтан суырылып Жақайым Бида руынан шыққан Смағұл ишан (бұл кісіні кейін Смайыл, репрессия, саяси қуғын-сүргін жылдары Таубай атайды): «Біз батамызды береміз ғой, бала керек болса, бір көзін жұмып, Алламен тілдесетін, бір көзін жұмып, пірлермен тілдесетін Күнсүгір ахуннан неге сұрамадың?» дейді. Сол Смағұл ишан айтқандай, кейін келіп Күнсүгір ахунға түнеп, ішірткісін алып, дем салғаннан кейін балалы болады.

Күнсүгір ахунға алты Алаштан, басқа да көршілес мемлекеттерден келіп түнеп, ем алып балалы болған адамдар жүздеп емес, мыңдап кездеседі және де сол балалар қазір азамат болып, еліне қызмет істеп, бізбен бірге өмір сүріп жатыр.

Парсыша-арабша сауатты Күнсүгір ахун ауру адамдарды ішірткі, дем салу, «афсұп» оқуы немесе теріс, пері оқуы арқылы жазатын болған. Ауру адам келген соң, «афсұп» оқып түшкіретін болған. Түшкіргеннен кейін аурудың иесі көрінеді екен. Олар әртүрлі болып көрінеді, мысалы, адамдар орыс-қазақ т.б. немесе мал, айуан болып көрінеді. Осы көрініс аурудың иесіне, қажетіне қарай ем-домын беріп жазатын болған. Өте тақуа адам болған. Қамырды қолымен жұп-жұқа етіп, ағаштың жапырағына жайып қойып, күннің қызуына пісіріп жейді екен.

Күнсүгір ахун жұма күндері түнімен қорым жағалап, өлген адамдармен сөйлесіп, көрден шығып қалған адамдарды қайтадан жерлейтін болған. Бір күні ахун таңғы намазға келмей, кешігіп келеді. Сейітмәмбет деген адам: «Ахун-ау, неге кешіктің?» дейді. «Бір адам көрден шығып қалған екен, соны қайтадан жерлеп жүріп қалдым» деген екен. Сол Сейітмәмбет айтады екен: Күнсүгір ахун атпен өте қатты суыт жүріп келе жатыр екен. Сейітмәмбет ахунды танып, алдынан шығып жөн сұрайды. «Қамыстыбастың жанындағы «бөлек құмға» перілер көшіп келе жатыр дейді. Тез арада барып басқа жаққа көшіріп жібермесе, елге бәле-жала, ауру-сырқау тарайды, соларды көшіріп жіберуге асығып келе жатырмын» депті. «Бөлек құм» деп отырғаны Қамыстыбастағы Кеңес Үкіметі кезінде салынған мал бордақылау шаруашылығы орналасқан жер. Сол бөлек құмда бір күн, бір түн отырып, оқуын оқып перілерді көшіріп жіберген.

Күнсүгір ахунның пірлермен, өліктермен, перілермен сөйлескенін өзімен бірге оқыған Құлымбет Мұхамеди ишан ғана біледі екен. Кейін Күнсүгір ахунның шырақшысы болған Бегел сұпы да біліп қойған. Бегелге ауылда, сыртта, дүзде Күнсүгір ахун менің ізіммен артымнан жүрме деп ескертеді екен. Пендешілік осы кісі не істейді екен деп, Бегел сұпы бірнеше рет ізіне түсіп, артынан келсе Күнсүгір ахун өліктермен сөйлесіп отыр екен дейді. Бегелдің келгенін білген ахун отыра береді. Біршама уақыт өткеннен кейін тұрып: «мен саған артымнан келме дегенім қайда? Сені де, өзімді де осы тұрғанда шақ дегенде алып қалдым» деп кейіген екен. Сол Бегел сұпы өмірден ұрпақсыз өткен. Күнсүгір ахун 1906 жылы 59 жасында дүние салды.

Әулие Қазанғап Ата

(1868-1949)



«Мен жеті атамыздың ұрпағына зерттеу жүргізу барысында өзіміздің Әулие Қазанғап атамызды таныдым. Атамыз Қамбаш ауылынан жеті шақырым қашықтықтағы Тасарық деген жерге жерленіпті.

Бұл кісінің «әулиелігін» Арал, Қазалы өңірлерінің халқы мойындаған екен. Тіптен Ақтөбе облысынан да басына зират етушілер бар болып шықты. Бейіт басына барғандар ол кісіге зират етеді, түнейді, құрсақ көтере алмай жүргендер бала сұрайды, дуа түсіру, дерттерінен айығу, желеп-жебеу, өмірлеріне жол ашу сияқты т.б қасиеттерін пір тұтады», - дейді атамыздың жақында қайтыс болған Қонақ атты жиенінің шырақшы баласы Ерсұлтан.

Ойды ой туғызады ғой. «Осындай атамыз өмірден өткен болса, неге ол кісі ұмыт болып бара жатыр?» – деген ой келді. Сөйтіп, бүгінгі ұрпақ алдында үнсіз жүруді санама сыйғыза алмадым.

Әулие Қазанғап ата туралы іздену жұмыстарын жүргізу керектігін, оны баршаға тереңдете тануды және әулиелігін саралайтын салаларды сабақтай түсу ойлары ойыма орала берді.

Зерттеуімде, ел аузынан аңыз болып тарайтын Әулие ата туралы деректерді негізге алғаным жоқ. Қайта «Әулиені көзіммен көрдім, қасиеттерін өз көзіммен көріп байқадым, өз басым осындай таңқаларлық жәйттердің куәсі болдым» дейтіндердің деректерін жинадым.

Ондағы ойым, осы жазылғалы отырған деректер тек шынайы шындықтың кепілі болсын, көзімен көргендердің көмегімен Әулие Қазанғап ата туралы ақиқаттың ажарын ашу болсын дегенім еді.

Менің алға қойған мақсатым – дерекке тікелей өздері қатысты болған ағалардың айтқанымен атаның осы қасиеттерін халыққа жеткізу болды.

Қазір Жамбыл облысының Б.Момышұлы ауылында тұрып жатқан ағамыз Әмірхан Садықов:

- 1938 жылы тоғыз жастағы ойын баласы едім,- дейді. – Ұлы Отан соғысынан оралмаған, менімен бірге туған Өмірбай ағам үйде төсек тартып қатты ауырып жатқан. Дәрігерге апару үшін аудан орталығына бару керек. Оған жетудің өз қияметтері бар болатын. Заманның қат уақыты. Мен жаспын. Қолымнан келер дәнеңе жоқ. Бір күні азанғы шай үстінде шешем, әкеме: «Мына кесел балының бойын меңдеп бара жатыр. Түнімен ұйқысы жоқ. Меңзеген ауруы сай-сүйегін сырқыратып барады, «аяғым-аяғым» деп түнімен зар жылап шығады. Осылай болғанына біраз күннің жүзі болды. Бақсыға апармадық-ау, - деп отырғанын естіген едім. Бақсы дегені – Қазанғап ата екен. Сол күні түске жақын артына құлынын ергізген аттан үйге түсіп жатқан кісіні көрдім. Ол түсіп жатып: «Әлгі, ауырып жатқан бала қайда? Ем жасап жіберейін»,- деді де , үйге кірді.

Бойы аласалау келген, селдіреген сақалы бар, көзі көкшілдеу кісі екен. «Мына баланың науқастанып жатқанын көрдім. Қане , маған, бір уыс бидайды әкеліңдер»-деді де, ауырып жатқан Өмірбай ағамның жанына жайғасты. «Не істер екен?» – деп мен де қызыға қастарына барып отырдым.

Ол кісі шешем әкелген бір кесе бидайды алып табаққа салды.Табақты отқа қойып бидайды қыздыра бастады. Сосын қолымен астын үстіне , үстін астына аударып сапырып отырды. Сөйтті де, аузымен күбірлей бастады. Сонан соң алақанымен бидайды сипалады. Одан кейін алақынын ағамның бетіне, денесіне, аяқ тұсына апарып ерсілі-қарсылы қолдарын жүргітті. Үпіледі, сүпіледі. Бір уақытта: «Енді еш пәле де жоламайды, аяғыңа мініп кетесің», - деді де, әлгі кісі орнынан тұрып, шай дайындалған бөлмеге оралды.

Сол түні Өмірбай ағам тыныш ұйықтады. Ертеңіне ағам басын көтеріп сыртқа шығып жүрді. Оның осыдан кейін-ақ сауала бастағанын көрдім. Ағам көп ұзамай ауруынан айығып, үйдің шаруашылығына араласып кетті».

Бұл дерек – Шаһмаран (Шәкен) Қайырланұлы Исмаилдің естелігінен үзінді болатын.

«Бұл кісі 1868 жылы Қамыстыбас көлінің етегінде дүниеге келген –дейді шырақшы Алжанов Ерсұлтан Қонақұлы. -Қазанқап ата 40 жасқа келген кезі еді екен . Ұйқыдан оянғанда, басында аққу қонып отырыпты . Сол күннен кейін ауырып, емшілік жолын ұстанған. Атаның өз жұрты да , нағашы жұрты да өте киелі , әулие атанған адамдар болатын. Нағашылары Райым елді мекеніне танымал қазақы жолын ұстанған адамдар еді . Олар- Бөрі атамыз, әулие атанған Аппақ әже болатын. Бір күні түсіне Арыстан баб кіріп: « Балам, батамды бердім», -депті. Сол күннен бастап атамыз адамды емдеп, қазақы жолға түскен . Атамыз дуаны түсірген , нәресте тілегендерге батасын берген батасының арқасында балалы болғандар көбейді. Көлік өткенде, зиратына бәрі тоқтап өтеді. Тоқтамаса, бір бәлеге ұшыратады деседі. Қазақы жолмен ауырған адамдарды зікір салып емдеген , алысты божаған .

1949 жылы қыс айында атамыз 81 жасқа қараған шағында дүние салған . Зираты Қамбаш елді мекенінен жеті шақырым жердегі Тасарық маңына жерленген. Казіргі күнде зиратының қасында мешіті бар . Ұрпақтары ұмытпай, зират басына келіп, мінәжат етеді.

Бүгіндері 1947 жылы туған туысы, ішкі істер бөлімінің ардагері , кәсіпкер Лиман Сүлейменова Қазанқап әулиенің тұсынан өтер жолға ағайындарын жұмылдырып , зәулім ескерткіш қоюға ықпал етті.









Тасқынбайұлы Рысмағанбет ишан

Қамыстыбас өңірінің Палуан аталығынан шыққан Рысмағанбет ишан Тасқынбай баласы 1865 жылы дүниеге келген. Жас кезінде Күнсүгір ахун мешітінен мұсылманша білім алып, жергілікті халықтың балаларын оқытып, мұсылманша сауаттарын ашқан. Кейін Ташкент, Бұхар шаһарларының медреселерінде мұсылманша білімін жетілдіріп, исламдық шатырхат алып, 1905 жылдары елге қайтып келген. Келгесін, өзі бас болып туысқандарының көмігімен Қамыстыбас көлінің «Ұзын Арал» деген жерінен мешіт салып, бала оқытқан, мұсылманша дәріс берген, 1935-37 жылдары Кеңес үкіметінің саясатына байланысты мешіт жабылып, ол бұзылған. Өзі ишан ретінде ұсталып, 2 айдай Ақтөбе түрмесінде қамауда отырып, ақталып елге келіп, Ақбай колхозында жасы ұлғайғанша еңбек еткен. 1940 жылдары Қамбаш станциясына көшіп келіп, осы күнгі мешіттің жанынан үй алып, өмірінің соңына дейін, яғни 1954 жылға дейін тұрған. Рысмағанбет ишан атындағы жаңа мешіт 1995 жылы салынып пайдалануға берілді.











Жанназар ишан



Қарашаның бойды қарыған қарасуығы кәріне мінген шақ. Екпіні нарды құлатады дейтіндей долы жел де сәт санап күшейе түскен. Десе де Қамбаш көлінің маңына қоныс тепкен іргелі қоныстағы қабырғалы қауым табиғаттың адуын қылығын елер емес. Тарихы тереңнен басталатын Жанназар ишан мешітінің жанына жиналған шоғырдың қарасы қалың. Үлкен де, кіші де құдды тойда жүргендей тым көңілді. Олай болатын реті де бар. Бүгін мұнда асқан ғұлама, емші, хақ жолына баулыған ұстаз ретінде көпшіліктің жадында сақталған Жанназар ишан Арланбайұлының есімімен аталатын ескі мешітке күрделі жөндеу жасалғаннан кейінгі салтанатты рәсім өткізілуде. Шараға Арал, Қазалы, өзге де аудандардан, Қызылорда, Байқоңыр қаласынан, Ақтөбе облысынан жамағаттардың, ишан ұрпақтарының қатысуы бабаға деген баршаның алғаусыз пейілін аңғартты. Ақ кірпішпен қапталып, заманауи үлгідегі есік-терезе орнатылған ғимаратқа халықтың қаражатымен сапалы жүмыстар жүргізілді. Біздің білгеніміз, игілікті іске Өткелбай Жолмырзаев пен Жұбатыр Әбілдаев, өзге де ел ағалары мұрындық болып, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, белгілі кәсіпкерлер Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп, Бекқали Бекбауылов қомақты үлес қосыпты.

Ағайынның ауызбіршілігін аңдатқан бүгінгі жиында ишан атамыз туралы естеліктер айтылды. Мал шалынып, әулие рухына құран бағышталды. Ас соңында баба ұрпақтары жиналған қауымға ризашылықтарын білдірді.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!