Тақырыбы: «Ардақтаймыз
ананы!»
Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз Аналар
мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды мейірімділікке,
ұстамдылыққа тәрбилеу. Бала бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға,
адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге
баулу.
Көрнекіліктер: Мерекеге сай безендірілген
зал, нақыл сөздер, гүлдер, үнтаспа.
Өтілу
барысы:
Жүргізуші: Қыр астынан бәйшешек бой
көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі
келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың
астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты
нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға
төзімді.
Армысың әжелерім,
аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл
даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы
мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді
балаларың,
- дей келе, бүгінгі «Еркетай»
тобының балаларын қошеметпен қарсы алайық.
-
Бүгінгі балалық сезіміміз,
әсем әніміз, көңілді күйіміз, әдемі
кешіміз, барлығы сіздерге
арналады. Олай болса, балалардың әніне кезек
берейік.
Ән: «Біз көңілді
қуыршақпыз»
(Музыка ойналып ортаға жаңбыр
шығады)
Тәрбиеші: Ой, жаңбыр, сен мұнда қайдан
жүрсің? Мұнда неге келдің?
Жаңбыр: Мен сіздерді іздеп келдім. Құр
келген жоқпын, сіздерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А -
а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштаспақшы
болады.
Жүргізуші: Жаңбыр, саған үлкен рахмет.
Сен сонау ұзақ жолдан бізді іздеп келіп, хатты жеткіздің. Біздің
балалардың асыл аналарымызға арнаған тақпақтарын
тыңда.
Жаңбыр:
Жарайды.
Назерке:
Ең алғашқы
күлкімді,
Ең алғашқы
сөзімді.
Ең алғашқы
қадамды,
Анашыма
сыйлаймын.
Бауыржан:
Мен гүлдерді
жұлмаймын,
Торғайларды
қумаймын.
Айтқан сөзін
тыңдаймын,
Анашымды
сыйлаймын.
Бақдәулет:
Ана деген
ақылшың,
Анаң бар да
батырсың.
Қасыңда кім болса
да,
Тек анаңа
жақынсың.
Айбике:
Ақыл құйған
санама,
Күннен артық
расында.
Күн алыста ал,
анам
Ылғи менің
қасымда.
Жаңбыр қоштасып
кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен
келді екен? Кәне, оқып көрейік.
(Бейне роликте қыс
ханшайымы сөйлейді).
- Сәлеметсіңдер ме,
балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен
бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен
сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым
болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер
бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем
аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала
құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер
гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!
Сәлеммен Қыс ханшайымы!
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер
– деді. Олай болса, көңіл көтерейік.
(Музыка ойналып ішке күлдірген
кіреді)
Күлдірген:
Сәлем, сәлем менің кішкентай
достарым. Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп көңіл күйлеріңді
көтеремін.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, күлдірген
біздің ертеңгілігімізге қош келдің?
Күлдірген: Мұнда қандай мереке тойланып
жатыр?
Тәрбиеші: Аналар
мерекесі.
Күлдірген:
Мен барша аналарды, әдемі
қыздарды, ақ жаулықты әжелерімізді мерекелеріңізбен
құттықтаймын.
Мен билегенді жақсы көремін
кім менімен билейді.
Тәрбиеші: Тоқта, тоқта күлдірген. Біздің
қыздардың дайындаған қуыршақ биін
тамашала.
Би:
«Қуыршақтар»
Күлдірген:
Олай болса, мен балалардың ата
– аналарымен ойын ойнағым келіп тұр.
Дайынсыздар
ма?
Ата – аналармен
ойын:
«Бокс қолғабымен кәмпит
тасу»
Күлдірген:
Жарайсыңдар, бұл балабақшада
шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Мен барып көктем
аруын оятайын. Ал, сендер мені мерекеге шақыруды ұмытып кетпеңдер!
Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар, Қариясы бар үйдің, қазынасы деп
бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізге арнаған балалардың
тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
Мади:
Әжем менің әлі
де,
Ұқсамайды
кәріге.
Шай қайнатып
береді,
Біздің үйде
бәріне.
Алуа:
Әр сөзімді
жаттағам,
Жүрегімде
сақтағам.
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
анам.
Рауан:
Аналарды
сүйеміз,
Ақылын ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен бас
иеміз.
Жүргізуші:
балалар, біз әнде айттық, би де биледік. Ал,
көктем аруы әлі жоқ. Не болды екен
балалар?
(Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы
шығады)
Ғажайып сәт: «Ару
көктем»
Көк көйлек киген, көктем аруы
келеді. Құшағында бір құшақ гүлі бар.
Ару
Көктем
Мен көңілді
көктеммін
Былтыр келіп
кеткенмін
Көзін ашып
бұлақтың
Түбіне тал
еккенмін
Гүл боп қырда
егілем
Дән боп жерге
себілем
Жамбыр боп, жауам
да
Нұр боп көктен
төгілем
Шуағын төгіп
әлемге
Жылуын күннің
әкелем
Табиғаттың
төсіне
Тіршілігін
сыйлаймын
Жүргізуші: Амансың ба? Ару Көктем! Ұлан
байтақ елімізге қош келіпсің! Шуағыңмен шаттандырып нұрыңды мол
төге бер.
Ал, Ару Көктем біздің
балаларымыздың дайындаған биін
тамашалаңыз.
Би: «Мен кішкентай
жұлдызбын»
Жүргізуші: Ана бір қолымен бесікті
тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген аналарымызға
арналған тақпақтарымызды тыңдайық.
Ануар:
Жарқын жүзді жан
анам,
Сендей болсын бар
адам.
Сендей болса, бар
адам
Шаттық кетпес
баладан.
Нұрсұлтан:
Достықты біз
ойлаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Қыздарды
құттықтып,
Мерекесін
тойлаймыз.
Сұңғат:
Құшағыңа
кіргенде,
Жылынамын бір
демде.
Не жетеді
көзіңе,
Мейірімді күннен
де.
Көктем
Аруы:
Ал, балалар менде құр қол
келмедім. Мен сендермен мына құшағымдағы гүлдермен ойын ойнағым
келіп тұр.
Ойын: «Гүл шоғын
жинау»
Жүргізуші:
-
Бүгін наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың
негізі
Әдемі сөз
баланың,
Анаға айтар
лебізі,
-
дей келе келесі кезекті
балалардың аналарымызға арнаған орыс тіліндегі тақпақтарына
берейік.
Алуа:
Встану утром
рано,
Поцелую
маму.
Падарю цветов букет
-
Лучше мамы в мире
нет.
Мади:
Будь всегда
счастливой,
Мудрой и
красивой.
С праздником
родная!
Снова
поздравляю!
Айбике:
Мама
– солнышко, цветочек
Мама воздуха -
глоточек,
Мама – радость мама смех,
Наши мамы лучше всех.
Бауыржан:
С
праздником весенним!
В
светлый этот час,
Мамочки родные
Поздравляем вас!
Шахназар:
Кто на свете всех
милее,
И теплом своим
согреет.
Любит больше, чем
себя?
Это мамочка
моя.
Жүргізуші: Шалқып – тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз
Ана, сені
құттықтап
Әндетеміз
бәріміз.,
- дей келе балаларымыздың
орындауында «Құттықтаймын анашым» әнін
тыңдаңыздар.
Ән: «Құттықтаймын
анашым»
Көктем:
Балалар, менің себетімде
тағы да гүлдер бар, ол гүлдерді асыл аналарымызға
сыйлайық.
(Балалар, ата – аналарына
гүлдерді табыстайды).
Балалар менің қоштасатын
уақытым таяп қалды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен
сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда
көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.
(Музыка ойналып, Көктем залдан шығып
кетеді).
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше,
Осымен ертеңгілік
аяқталды.
Аяулы аналар, көктемгі күндей
жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз
құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей
құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық,
көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Құрметті қонақтар,
біздің «Ардақтаймыз
ананы!»
атты ертеңгілігіміз
аяқталды.
Сөз кезегі балабақша
меңгерушісі: Ж. Ізтілеуқызына сөз кезегі
беріледі.
Астана қаласы
әкімдігінің
№64 «Асыл бөбек» арнайы
балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Ардақтаймыз
ананы»
ортаңғы «Еркетай»
тобы
Тәрбиеші: Бекеева Ұлбосын
Жасановна
Астана,
2018ж.
«Еркетай»
-
Балалардың
кіруі
-
Ән: «Біз көңілді
қуыршақпыз»
-
Жаңбырдың
шығуы
-
Тақпақтар
-
Жаңбыр
қоштасады
-
(Бейне роликте қыс
ханшайымы сөйлейді).
-
Күлдіргеннің
кіруі
-
Би
«Қуыршақтар»
-
Ата аналармен
ойын:
-
Күлдіргеннің
қоштасуы
-
Тақпақтар
-
Көктемнің
кіруі
-
Би «Кішкентай
жұлдызбын»
-
Тақпақтар
-
Балалармен
ойын
-
Тақпақтар
-
Ән «Құттықтаймын
анашым»
-
Балалардың аналарына
сыйлықтарын табыстауы
-
Көктемнің
қоштасуы
-
Соңы