Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ф-ОБ-012/006А
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Өнер» факультеті
«Дене мәдениеті» кафедрасы
Мамандық аты шифры 5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»
Пән оқытушысы: А.И.Алтынбеков
«Әскери саяси география» пәнінен
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Түркістан -2018
Лекция кешені университетттің СМЖ (ЖН-СМЖ-013-2014) лекция, практикалық (семинар), лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу ережесі негізінде дайындалған.
Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: п.п.ғ., PhD докторы А.Алтынбеков
Лекция тезистерінің жинағы кафедраның № 1 хаттамасы,
« 01 » «09 » 2018 ж. мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі _______________ п.ғ.к., доцент Абусейтов Б.З.
Лекция тезистерінің жинағы Өнер факультетінің №1 хаттамасы,
« 01» «09» 2018ж. оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды.
Оқу- әдістемелік кеңес төрағасы: ___________п.ғ.к., профессор Анарбаев А.Қ.
№1 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Әскери саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік»
1. Жоспары:
-
«Геосаясат» терминінің әр түрлі анықтамалары
-
Геосаяси факторлар
-
Геосаясаттың зерттеу объектісі
2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге әскери саяси география жайында, беріп, геосаяси фактрлар жайында, оның зерттеу объектісі жайында толыққанды мағлұмат беріп, олардың білім аясын кеңейту.
3 Лекция мазмұны:
Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік. Саяси география салыстырмалы түрде кейiн пайда болған ғылым саласы, ол 18 ғасырдың соңына қарай дүние жүзi елдерiнiн ерекшелiктерi мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттейтiн ғылым ретiнде қалыптаса бастады. Саяси географиялық ғылым ретiнде негiзiн немiс ғалымы Фрядрях Ратцелы қалаған, оның осы салалары негiзi тұжырымдамалары 1897 жылы жарияланған *Саяси география* атты еңбегi жарық көрген.
Казiргi заманғы саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамуда Географтардың анықтамасы бойынша,саяси география геосаясат, географиялық мемлекеттану мен саяси аймақтану, аймақтың саясаттаяуды бiрiктiретiн ғылымның саласы.Саяси география саласындағы маман ғана елдiң әкімшілік-аумақтық бөлiнуi мен мемлекеттiк құрылымның сапасына мемлекеттiң бiртұтастығын сақтау тұрғысында баға бере алалы.
Қазіргi кезде әсiресе саяси географияның құрамдас бөлiгi болып табылатын саясаттың ғылыми-қолданбалы маңызы артып отыр. Геосаясат терминін швед ғалымы Рудолыф Челлен кез келген мемлекет нығайып, күшеюi , демографиялық,әлеуметтiк, әскери саясатты жургiзумен қатар,геосаясатқа үлкен көңiл бөлуi қажет деп есептеген. Ресейлік географтардың анықтауынша, геосаясат — көлемдi билеудiң* ғылымы, ол ғаламдық мәселелердi шешуде қандай шешiмдер қабылдау қажет екендiгiне жауап бередi. Геосаясат мемлекеттердiң сыртқы саясат пен олардың бiр-бiрiмен қарым қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара қатынастар тұрғысынан эерттейдi
Алғашқы геосаяси теориялар. ХХ ғасырдың басында саяси географияда геосаяси бағыт басым дами бастады. Бұл кезеңдегi геосаясат белгiлi бiр мемлекеттің саяси жағдайына талдау жүргiзу арқылы оның саясатқа қатысты нақты мақсатын көздедi. Осы тұрғыдан алғанда,түрлi аумақтарға бақылау жасалып, қамтитын мемлекеттердiң экономикалық және саяси мүмкiндiктерi зерттелдi.
Геосаясатшылар сол кездің өзiнде-ақ әлемдiк саясатта шешушi рөл атқаратын географиялық факторларды анықтаған болатын. Геосаясатшыар осы фактор толығымен ұштасқан жағдайда ғана ел нығайып, күшеюi мүмкiн деген болжам жасалды.Ал аумағы үлкен және бiртұтас еркiн қозғалу мүмкiндiгi шектеулi болды, мұны ХХ ғасьтрдын басында жылы теңіздерге шыға алмауымен түсiндiруге болады. Күштi теңiз флоты бар Ұлбритания, керiсiнше, дүниенiң төрт құрлығына еркiн бара алатын едi, ел отарлар мен доминиондарды көбейту есебiнен аумағын да ұлғайтты.
Қазiргi заманғы геосаяси ағымдар. Қазiргi кезде көптеген жаңа геосаяси тұжырымдар дүниеге келуде.Геосаясаттың ХХ ғасырдың екiншi жартысында дамуында америкалық геосаясатшы Солом Коэ енбектерiнің маңызы зор болды. С.Коэ әлемнiц ‘көп полюстiлiгi’ туралы тұжырым жасап,әлемiнiң анағұрлым күрделi геосаяси үлгiсiн (моделiн) ұсынды.Мұнда бүкiл әлем екi С.Коэнюн пiкiрiнше,геостратегиялық облыстардың шекарасында жатқан аудандарға (Африканың Сахарадан онтүстікке қарай жатқан бөлiгi, Таяу Шығыс,Оңтүстiк-Шығыс Азия) саяси тұрақсыздық пен, мұнда мемлекет аралық және ұлтаралық жанжалдардың жиi болуының өзi бұл аймақтардың шекаралары орнымен түсiндiрiледi.
Қазақстанның геосаяси жағдайы,ең алдымен,оның Жер шарындағы ең алдымен құрлық — Еуразияның орталығында орналасуымен анықталады.ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бiрi, этногенез теориясын жасаған әйгiлi орыс ғалымы Л.Н.Гумилев өзiнің еуразиялық екендiгiн айтқан.Қазақстанның еуразиялық сипаты тарихы кезеңдерде оның мемлекет ретiнде қалыптасу бағытын және қазақ халқының ұлттық ерекiшелiктерiн анықтап бердi. Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн алуы елдiң геосаяси жағдайын бiршама өзгерттi. Қазақстан ядролық қаруды өз еркiмен бас тартқан тұңғыш мемлекетке айналды.1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президентi Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабатындығы туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның геосаяси жағдайы оның әлемдiк саясатта айрықша орны бар Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемiнің аралығында орналасуымен де анықталады.Еліміздің ТМД құрамына енетін Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан және Түрiкменстанмен ортақ шекараларының болуы оның геосаяси жағдайына қолайлы әсер етедi.Көршілес мемлекетгермея бiрте Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетiн Қазақстан аймақтық кауiпсiздiк, шекараны бейбiт жолмен реттеу, халықаралық терроризммен бiрлесе күресу, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi ортақ мәселелердi шешуге атсалысуда.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы — немiс географы Ратцель. Оның ұлт тарихы «лебенераумға» — өмiр сүру кеңiстiгiне қарай қалыптасады дейтiн идеясын кейiн доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы негiзде Мюнхен университетi жанынан Геосаясат институтын құрған (институт «Туле ложасының» жариядағы ресми бүркемесi, ал Хаусхофер ложаның көрнектi мүшесi едi). Доктор герман жастарын бағзыда арий нәсiлi мекендеген Азияға баруға үндедi. Хаусхофер тевтондық «Дранг нах Остен» (Шығысты, славян жерiн басып алу) ұранын көтердi деген сөз, тегiнде, кейiнгi антифашистiк насихаттың жанынан шығарып жүргенi. Байқағанға, Туле мүшелерi алғашқыда немiстер Шығысқа, Азия жерiне ағылшындармен күш бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды құнттады. Егер Англия немiстiң Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе, немiстер ағылшындардың Үндiстан беттегi қимылына бөгет жасамауға мақұл едi. Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь — Лена аралығына, американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi. Бұл жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды тұтымында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман Геринг фюрерге Англияға «қонақ» болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi. Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты. Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер Англияға басып кiру үшiн жасалған «Теңiз арыстаны» жоспарынан айнып, КСРО-ға шабуыл жасаудың «Барбаросса» жоспарына кiрiсiп кеткен едi.
Қайбір тәуелсіз мемлекет
өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден өзінің орнын ала
отырып, айналасымен қарым-қатынастық ауан дәйектейтіні бар. Саяси
айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз
ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі
болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан
бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар.
Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын
қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген
жөн:
- экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың
аса икемділігі, жастығы кепіл;
- географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс,
оңтұс-солтұс көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны
куә;
- этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарих та,
объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала
орналасуы да итермелейді;
- діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса
жақтаспайтын зайырлы мемлекет.
Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап
сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.
Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғымның пайда болғаны белгілі. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылар және басқа да ғалымдар үңіле зерттеп, ден қойып отырған ғылыми сала десек те болады. Тақырыптың өзегі өміршең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топшылауға жетелеп отыр. Қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер бар.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Секретариатының жауапты қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Шайхутдиновтің “Геосаясат, жаһанданушылық және ұлттық қауіпсіздіктің теориясы: әдіснамалық және қолданбалы аспектілері”, “Қазақстан және Ресей жаңа геосаясат түйістерінде”, “Геосаясат: тарих, теория, тәжірибе. І-том, Батыстың геосаясаты” деп аталатын үш бірдей кітабымен – ғылыми-зерттеу туындысымен және аталмыш институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Мұрат Лаумулиннің “Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатта. І-том, Орталық Азия мен Қазақстан қазіргі саясаттануда” деген кітабымен таныстырды.
М.Шайхутдинов пен М.Лаумулин геосаясат үдерісі жағдайында көп айтылып, көп жазылып жүргенін еске сала келе, Қазақстанның әлемдегі орны, арғы-бергі тарихындағы және бүгінгі күнгі даму кезеңіндегі рөлі жайында шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын салғастыра қарау қажеттігін айтты. Бұл ғылыми еңбектерде әлемдік саясаттануды ой көкжиегінің аясында талдау, айқындау және тұжырым жасау тұстары барынша қамтылған. Сондықтан да бұл зерттеу кітаптарының құндылығы бірден көзге шалынды. Орыс тілінде жазылған еңбектердің қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жету қажеттілігі де ойға оралды.
“Дөңгелек үстелге” қатысушы саясаттанушылар мен ғалымдар бұл ғылыми еңбектердің бағалы жақтарын атап өтіп, қазіргі геосаяси жағдай туралы өз ойларын ортаға салды
4 Оқытудың техникалық құралдары: интеракт. тақта, карта .
5 Лекцияның әдістері мен түрлері: баяндама
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар
1 деңгей:
1. «Геосаясат» терминіне жайында не білесіз?
2. Геосаяси факторларды атаңыз.
3. Геосаясаттың зерттеу объектісіне тоқталыңыз.
2-деңгей:
1.Алғашқы геосаяси теориялардың даму бағыты жайында не білесіз?
2. Қазақстанның саяси географиялық жағдайына тоқталыңыз
3. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар жайында айтыңыз
3-деңгей
1.Қазіргі әскери саяси географияның категорияларын атаңыз
2. Әскери саяси географияның мәдени-психологиялық және концептуалды
астарлары жайында мәлімет беріңіз
-
Әскери саяси географиялық зерттеулердің салыстырмалы сипаттама әдісін талқылап
беріңіз
7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары
-
Әскери саяси географиялық зерттеулердің салыстырмалы сипаттама әдісін талқылап беріңіз
-
Әскери саяси географиялық зерттеулердің статистикалық әдісін талдаңыз
-
Әскери саяси географиялық зерттеулердің картографиялық әдісі айтыңыз
-
Әлеуметтік және саяси география категорияларының тереңдігі, концепциялары және теорияларын атаңыз
-
Әлеуметтік және саяси география категорияларын талдаңыз
8 Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы, 1995
2. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. М., 2000 г.
3. Гаджиев К. С. Геополитика. - М.: Международные отношения, 1997. -384 c.
4. Дугин А.Г. Основы геополитики. Геополитическое будущее России. М.,2000г.
5. Дергачев В.А. Геополитика. Учебное пособие. Киев, 2000 г.
6. Казахстанская политологическая энциклопедия. - Алматы, 1998. – 447.
7. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география:
№2 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Карта жайлы түсінік»
1. Жоспары:
1.Топографиялық карта жайлы түсінік.
2.Карта масштабтарының қолданылуы.
3.Карталар масштабы.
2. Мақсаты мен міндеттері: Білімгер топографиялық карта жайында, карта масштабының есептелуі, оның қолданылуы жайында мағлұмат алып, болашақта оны өз тәжірибесінде пайдалана білу қажет.
3. Лекция мазмұны:
1. Топография (грек тілінен topos – жерглікті жер, grapho - жазамын)- картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді. География ғылымы өз тарапынан картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Карталар далалық түсірулердің және олардың материалдарын өңдеудің негізінде немесе түрлі картографиялық, географиялық, экономика – статистикалық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өңдеу әдістерімен топография және аэрофототопография ғылымы шұғылданады. Топографиялық карталарды жергілікті жерді бағдарлау үшін саяхатшылар, географтар, геологтар, туристтер және әскери жасақтар пайдаланылады. Өткен кездегі сияқты қазіргі кезде топографиялық карталар бөтен жерде жаяу , көлікпен жүрген кезде, самолетпен ұшқан кезде көмекші жол сілтеуіш болып табылады. Сонымен қатар топографиялық карталар жергілікті жерді далалық зертттеудекеңінен қолданылады. Далалық зерттеу процесінде топографиялық карталар бақыланып отырған объектілердің бұрышын, бағытын, ара қашықтығын өлшеуде, жергілікті заттардың сандық және сапалық сипатын, олардың байланысын анықтауда қолданылады. Далалық зерттеу үшін көбінесе ірі және орта масштабты топографиялық карталар қолданылады. Топография геодезия, картография географиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картографияға жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді.
Жергілікті жерді бағдарлау – бұл өзіңнің тұрған жеріңді горизонт тұстары, жергілікті заттар бойынша анықтау және дұрыс бағытты табу. Жергілікті жерді бағдарлау кезінде екі маңызды сұрақ туады: жоспарланған жеріңе жету үшін қай жерде тұрсың және қай бағытта жүруің керектігін білу. Орында тұрып бағдарлау жылдамдығы мен тиімділігі мен жолдың бағытын ұстау жергілікті жердегі бағдарлаушыны таңдау мен қолдануға байланысты. Кез келген жергілікті заттар мен рельефтің бөліктері бағдарлаушы бола алады, олардың ішінде жақсы көрінетін және нашар көрінетіндері болады. Жақсы көрінетін бағдарлаушыға алыстан көрінетін: мысалы, теледидарлық вишкалар,зауыт трубалары, шіркеудің қоңыраулары және т.б.
Бағдарлау – бұл жергілікті жерде жүргендегі үзіліссіз іске асатын процесс. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлану өте қиынға соғады, ол жерлерде бағдарлану картамен, соның ішінде топографиялық картамен іске асады. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлануда ең алдымен горизонт бағыттырын, содан кейін өзінің тұрған жерін анықтау керек.
Карта-бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мен әскери істің қажеті үшін түрлі қарталардың көп мөлшері дайындалады. Оларды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы (мысалы, географиялық, топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқулық) бойын-ша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы - оның масштабында.Оларға-1:25000-1:100000 масштабына дейінгі карталар жатады.
2. Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллеристер, ракеташылар, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлану жасаланылады, ұрыс бөлек қимыл-дарын жүргізуге шешім қабылданады: марш жасалады: ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталады, нысананы көрсету жүзеге асырылады.
3. Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000- он мыңдық, 1:25000-ж жиырма бес мыңдық, 1:100000- жүз мыңдық, 1:200000- екі жүз мыңдық, 1:500000- бес жүз мың-дық, 1:1000000 - миллиондық. Қабылданған масштабтық қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын қанағаттандырып, бір масштабтан келесіге жеңіл ауысады(көшуді) қамтамасыз етеді.
1: 25 000 (1 см-ге 250 м) масштабтағы карта - ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген учаскелерін мұқият зерттеп, бағалауға арналаған. Ол артиллерияның атысқа даярлануы кезінде жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру жөнінде шараларды орындау мен жоспарлауды дәл өлшеу және есептеу үшін қолданылады.
1: 50 000 (1 см-ге 500 м) масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға, бағдарлауға, нысананы көрсетуге арналған және оны, әдетте, бөлімшелер мен бөлімдер әр түрлі ұрыстарда, әсіресе қорғаныс ұйымдастыруда қоданады. Шабуыл кезінде ол қарсылас қорғанысын, су тосқауылын бұзуда, әуе және теңіз десанттарын түсіруде, сондай-ақ елді-мекендер үшін ұрыс әрекекттерін жүргізуде жергілікті жерді зерттеп,бағалау үшін қолданылады. Бұл карта сондай-ақ артиллерияны атысқа даярлау, әскери-инженерлік имараттарды жобалау және жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру бойынша есептеулерді орындау үшін де қолданылады.
1: 100 000 (1 см-ге 1 км) масштабты карта жергілікті жерд зерттеп, ұрысты жоспарлау, әскерлерді басқару және өзара іс қимылды ұйымдастыру кезінде оның тактикалық қасиетін бағалау, жергілікті жер мен нысананы көрсетуге бағдарлануға, қарсылас объектілерінің (нысаналарының) координаттарын анықтауға арналған, сонымен бірге әскери-инженерлік имараттарды жобалау мен жергілікті жерді инженерлік жабдықтауға байланысты шараларды орындауға қолданылады.
1: 200 000 (1см-ге 2 км) масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға арналған. Ол әскердің ұрыс әрекеттерін жоспарлау және оны қаматамасыз ету шараларында, әскерді басқаруды жоспарлау кезінде қолданылады. Жол картасы ретінде жиі қолданылады, өйткені онда жол тораптары мен оның ұрыстық және басқа техникамен жүруге жарамдылығы көрнекі әрі жеткілікті дәрежеде толық бейнеленген. Жол торабынан басқа бұл картада жер бедерінің жалпы сипаты, негізгі су тосқауылдары, ірі ормандар мен елді мекендер жақсы бейнеленген. Сондықтан ол жолдан тыс жерлердің өтпелілігін, оның қорғаныш және бүркемелеу қасиетін зерттеуде қолданылады.
1: 500 000 (1 см-ге 5 км) масштабты карта операцияға дайындық пен оны жүргізу кезінде жергілікті жердің жалпы сипатын зерттеу мен бағалауға арналған. Ол әскерлердің өзара әрекеттері мен басқаруды ұйымдастыруда, әскер қозғалысы мен нысананы көрсетудің бағдарлауда, сондай-ақ жалпы ұрыстық жағдайдың бағыттарын жазу үшін қолданылады.
1: 1000 000 (1 см-ге 10 км) масштабты карта жергілікті жерді жалпы бағалауға және ірі географиялық аудандардың табиғи жағдайларын зерттеуге, ұрыс әрекеті театрын әскери-географиялық бағалауға, әскерді бағалауға және басқа міндеттерді шешуге арналған. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады.
Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкндік жасайды. Карта масштабы-ның кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшек-терінің саны да кішірейтіледі. Картада бейнеленген аумақтық кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды.
Карта шетінің оң (төменгі) жағында сандық және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.
Сандық масштабы алымы бірге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсетеді. Мысалы, 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50000 ретке кішірейтілген, яғни картаның 1 см-і жергілікті жреде 50000 см-ге немесе 500 м-ге, болмаса, 0,5 км-ге сәйкес келеді. Сандық масштабпен жұмыс істеу карта сызығының ұзындығынан жергілікті жер ұзындығына және керісінше ауысуға келтіріледі.
Бірнеше масштабтарды салыстырғанда, қай масштабтың бөлімі кіші – сол аса ірісі керісінше. Мысалы, 1: 10000 масштаб 1: 50000 масштабына қарағанда едәуір ірілеу.