Материалдар / Армысың, Әз - Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Армысың, Әз - Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой- қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армысың, Әз - Наурыз!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой- қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

«Армысың, Әз - Наурыз!» шарасының жүру бағдарламасы:

1. Наурыз әже мен Қыдыр атаны ортаға шақыру, бата сұрау.

2.Қазақтың ырым-тыйымдары туралы түсінік беру.

3. «Қара жорға» биі.

4. Ойын: «Хан талапай»

4. Бесікке салу.

5. «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.

6. Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Мекемеміздің меңгерушісі Жадыра Ерболқызына сөз беріледі...
Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық.

Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме?

Балалар: Қыдыр Ата, Наурыз Әже!

Жүргізуші: Ендеше, ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

Қыдыр Ата:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!



Наурыз Әже:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу).

Жүргізуші:

Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасып отырыңыздар! Біздің ауылды үлкен той болуда. Бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата:

Жарайды, құрметпен бізді төрге шақырсаңдар, ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Балалар:

НҰРҚАДІР:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуларын шашайық.


АЗАМАТ:

Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,

Әз-Наурыз келіп еліме Жер-Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,

Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы.

АСЫЛХАН:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.


Жүргізуші:

Рахмет, балалар, енді біздің мекемеміздің атынан би шашуды қабыл алыңыздар. Қазақтың ұлттық биі, қара жорға.

Би: «Қара жорға»



Ойын: «Хан талапай»

Шарты: Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп таңдап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтың жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады.

БЕСІККЕ САЛУ:

Немересі: «Сүйінші, сүйінші» сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата:

Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер, азан шықырып атын қояйық!

Немересі: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата:

Сен Наурыз мерекесі күні дүниеге келіпсің, сенің атыңды НАУРЫЗБАЙ қоямыз деп, Сенің атың «Наурызбай». Сенің атың «Наурызбай». Сенің атың «Наурызбай» үш рет құлағына айқайлайды.





Наурыз Әже:

Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік керек. Бесік- қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Жүргізуші: Наурыз Әже баланы бесікке салу рәсімін жасайды. Тыштырманы барлық отырған қонаққа таратып береді.

«Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
Ұлттық киімдегі қыз бен бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Ата-аналар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі тапсырмадағы сұрақтарға бірігіп жауап береді.
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.
«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.
«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.
«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.


Ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші: Ортаға ұл –қыздар шығып, екіге бөлініп арқанды екі жаққа тартады.


Жүргізуші: Енді тақпақтарды жалғастырамыз.


НҰРАСЫЛ:

Жыл басы – Наурыз мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.



АЙДАР:

Қош келдің, Наурызым Ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты,

Жылда осылай келе бергің жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

ЕРХАН:

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз.

Осынау байтақ елімде,

Айтылады жырымыз.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге көп-көп, халқымыздың біршама ырым тыйымдарымен танысып, біліп қалдық сіздердің арқаларыңызда. Осындай данагөй әже – аталарымыз көп болғай.





Наурыз Әже:

Менің балаларым, наурыз- біздің жаңа жылымыз. Осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Құрметті қонақтар, менің жеті түрлі дән салынған наурыз көжеден ауыз тиіңіздер.

Қыдыр Ата:

О, халқым, кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгінгі өнерлеріңізді тамашаладым, үлкен тойдың куәсі болдық. Тойларың тойға ұлассын! Халқымыз тыныш, еліміз аман болсын. Мен еліме қайтайын, аман сау болыңдар!





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!