Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Армысың әз-Наурыз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Армысың, Әз-Наурыз!
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп
қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі
дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену
негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа,
халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақ үй,
буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа, көрме,
қазақтың үйінен көрініс.
1-
жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз
тойларыңыз құтты болсын! Ж.Қалдығараев атындағы орта
мектептің 5,6,7 –сыныптары арасындағы «Армысың, Әз Наурыз»
атты мерекелік кешіне қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Наурыз қазақтың шын
мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - де күн мен түн
теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы
үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы - өте
ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол
парсыша «Нау - рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн
теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың
аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп
атайды екен.
1-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз
далам,
Тойла бүгін қарттарым мен
бозбалам.
Мереке боп келген бүгін
Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
2-
жүргізуші: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық, - дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп
директоры Жубанов Сағатбек мырзаға
беріледі.
1-
жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр
сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен
бірлікке!
2-жүргізуші: Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
1-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз
мерекесін өзінше тойлайды. Ал біздер Ақылбай ақсақалдың ауылында
наурыз мерекесін тойлағалы жатырмыз. Соны тамашалайық.
Наурыз
ана (Рысгүл): Наурыз
келсе,
Құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін тойыңдар! (Шашу шашып кіреді)
Немере
(Жалғасов Аслан): Уа
жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!(деп Қыдыр ата, Наурыз ана бала шығады
бірге)
Ақылбай ата(Рахат): Ал, балаларым! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! (Отырып жайғасады)
Наурыз ана: Уа халқым, күн мен түнің теңеліп, ортамызға келгені құтты болсын! Ырзық несібелерің артып, жастан жасқа аман шыға беріңдер қарақтарым!
1-жүргізуші: Қош келдің жас Наурыз жылдың басы
Жұрттың күткен, мінеки ықыласы
Көже құйып күйбеңдеп басын
асып,
Құрт, ірімшік, су, тұз, соғымнан қалған сүр ет қосылады.
-Иә, балалар, Наурыз мейрамын
наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сіздерге арнап мектебімізде
наурыз көже дайындалды. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық
тағылымы өте зор. Ырысымыз мол болсын деп наурыз көжеміз де мол,
балалар. Барлығымыз наурыз көжеден дәм татайық (Оқушыларға наурыз
көже ұсынылады).
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ақылбай
ата: Балам-ау Наурызтөл
дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі»
деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны
ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде
сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет, ата келесіде біліп жүретін
боламын.
2-жүргізуші: Ақылбай атамыздың ауылында ұлттық ойындардан жарыстар болып жатыр. Үміткерлер болса қол жекпе-жегі мен арқан тартыс сайыстарына қатысуға болды.
1-жүргізуші: 5 «Е» сынып оқушыларының «Қазақ қонақжайлылығы» көрінісін
тамашалайық.(Ақылбай атамыздың үйіне келген қонақтарды қарсы алуын
көрсетеді).
Оқушы: Ата наурыз
мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге
көрісіп кетуге келдік.
Ақылбай ата: Ия балам өркенің
өссін!
Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл
сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер
үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен
басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен
адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің
ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата
береді.
Оқушы : Ата, біз ел
аралап, серілік құрып
жүрген бишілер едік. Мерекеңізге арнап бір қонақкәдеміз болсын, бір би билеп
берсек. Оқушылар өз билерін
орындайды.
Ақылбай ата: Балам, сен де келген қонақтарға арнап өз өнеріңді көрсет. Қонақкәделеріне тартуымыз болсын!
5 «В» сынып оқушысы Жұмабеков Нұрбек куй.
2-жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен
жасалған?
1-жүргізуші: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке,
ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен,
ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша
айтсақ:Дүние – үлкен көл, Заман – соққан жел.
2-жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге»
ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың
суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген
қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың
дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал
айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге
дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса
керек.
1-жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол
болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген
таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт
тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында
ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен
жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып
тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге
тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған.
Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты,
ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол
болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса
керек.
1-жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан
несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу
керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.
Наурыз
ана: Көже пісіріп,
қазан-ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата
сұрайық.
Көже істеген келіңдер,
Көпке жаққан елшіл бол!
«Бата
беру» дәстүрі 6 «Б» сынып
оқушылары.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле-жәле жерге енсін
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып кәрі-жас,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жұмырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын! Әумин!
2-жүргізуші: Қазақ халқының тамаша музыкалық аспаптарының бірі –
домбыра. Қазақ халқы домбырада ойнап ән айтқан, күй тартқан.
Ендеше, 6 «В» сынып оқушылары Убайдуллаев Алпамыс пен Зинекешова
Жаннұрдың күй тартысын
тамашаласақ.
1-жүргізуші: Бесікке салу қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Бала шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап жасалынатын жөн-жоралғының бәрі өз қадір- қасиеті бар, ерекше ұғыммен жасалатын дәстүрлер. Осы дәстүрдің қадір-қасиетін бізге 7 «В» сынып оқушылары ұғындырмақ. Ендеше, олардың дайындаған «Бесікке салу» көрінісін тамашалайық.
Наурыз ана: Бүгін ұлыстың ұлы күні немеремді бесікке салып, шілдеханасын бергелі жатырмын. Соған қонақтарымды шақырып салт-жоралғысын жасамақшы едім.
2- жүргізуші: Ән «Қазақтың дәстүрлері-ай». Орындайтын 6 «А» сынып оқушылары.
1-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп
еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар нар халқым!-дей келе келесі кезекті Наурызға
арнаған 6 «Ғ» сынып оқушыларының жыр шашуларына
берелік.
2-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр
сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана,
Алып кетіп жер бетіне гүл көктем!
1-жүргізуші: Желпіген аққу құстың
қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай
1-жүргізуші: Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді
білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан
басталады.
2-жүргізуші: Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды.
Ақылбай ақсақалдың ауылында тек жақсы жаңалықтарға толы екен.
Бәріміз бірге «тұсаукесер»тойын
тамашалайық.
1-жүргізуші: 5 «Б» сынып
оқушылары дайындаған екен.
Аружан
(оқушы): Құдағи, бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып
құдамызға немереміздің тұсауын кесірмекші едік
сіздерге.
1-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып
аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп,- деп келесі кезекші 5 «А» сынып
оқушыларының қазақ биі «Тар жорғаны»
тамашалайық.
2-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
1-жүргізуші:Аспанымда ақша бұлттар
аунайды,
Наурыз тойы көңілімді
баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз
мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан
аумайды.
Жадыра(7
«А»): Ата біз сіздің мерекелік көңіл
күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымыздан қалыспай біз
де әнімізді орындап берейік.
1-жүргізуші:
Ән: «Мереке». Орындайтын: 7
«А» сынып оқушылары Абирова Назгүл мен Жексенбаева
Жадыра.
Ақылбай ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.
1-жүргізуші: Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын ата мекен кең далам.
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Нереме: Ата, ата! Есік алдында балалар болып асық атып ойнамақшы
едік. Соған қосылсам болады
ма?
Ақылбай ата: Әрине, балам, бара ғой. Асық ойыны қазағымның ежелгі ойыны. Біз де сендердей бала кезімізде асық ойнап жарысушы едік.
2-жүргізуші: Ұлттық «Асық ату» ойыны. 5 «В» сынып оқушылары.
Немере: Ата, бізге қонақ келді. Қазақ палуаншылары екен.
Ақылбай ата: Айналайын, күттірме, кіргіз үйге. Қазақ палуандарын сый-құрметпен күтіп алу керек қой. Келінжан көже құй.(Қазақ палуандары келеді. Өз өнерлерін көрсетеді 5 «Г» мен 5 «Ғ» сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді ).
Ақылбай ата: Бүгін Ұлыстың ұлы күні құт келді біздің үйге.
1-жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен
боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда
тозбаған!
2-жүргізуші: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе, деп ендігі кезекті 6 «Г» сынып қыздарының «Адай» биіне берсек.
1-жүргізуші: Иә, Жадыра, Ақылбай атамыздың үйіне келіп, көрісіп, батасын алуға асыққан өнерлі жастарымыз өте көп екен. Солардың бірі 7 «Б» сынып оқушысы Төлеп Қосай.
2-жүргізуші: Бауыржан, 7 «Ғ» сынып оқушылары да бос келмепті. Соны тамашаласақ қайтеді?!
Қонақтар: Ақылбай ата, жастар сіөзден бата алуға асық. Батаңызды берсеңіз.
Ақылбай атаның
батасы:
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты!
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті
50 елдің бірі болсын! Әумин
1-жүргізуші.
Ұлыстың Ұлы күні аталған
Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман -
есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп,
жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде
елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы
ниет - тілектеріңіз қабыл
болсын!
2-жүргізуші: Жарқырасын берекелі
Бейнеу жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз,
кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне
елімнің,
Малға толып жатсын барқыт
беліміз!
2-жүргізуші: Осымен оқушылар дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты
мерекелік кешіміз аяқталды.
Жүргізушілер
бірге:Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!