Материалдар / арттерапия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

арттерапия

Материал туралы қысқаша түсінік
арттерапия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
174
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: ұсақ қол моторикасын дамытуда арттерапия элементтерін қолдану

Мақсаты: оқушыларға жайлы эмоция қалыптастыра отырып ұсақ қол моторикасын дамыту

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не?

Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың  ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы.

Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. 

Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:

1. Сөйлеу тілі жетіледі.
2.
Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.
Икемділігі арта түседі.
4.
Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
5.
Танымдылық деңгейі артады.

Баланың бойына сенімділік пайда болады, құлшынысы артады. Ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға деген ынтасын, белсенділік пен қызығушылық, жалпы танымдылық қабілеттерін дамытамыз.

«Саусақпен сурет салу» әдісі

Мақсаты: оқушылардың түсті дұрыс ажыратып, оны саусақтарымен сезіне отырып, ұқыптылықпен жұмыс жасауына үйрету

Қажетті құралдар: ақ параққа салынған түрлі бейне, гуашь бояуы, су, бір реттік файл.

Нұсқау:оқушы алдымен суға өзіне қажетті түсті бояуды ерітіп алады. Алдына берілген суретті бейнесі бар парақты бір реттік файлға салып,

қажетті жеріне таңдаған сулы бояуын құяды. Бояуды файл сыртынан саусақтарымен жылжыта отырып жайып, суретті өз қалауымен бояйды. Соңында дайын болған суретті файлдан алып, кептіреді немесе файлда сол күйінде қалдырады.

Талқылау:Қандай әсерде болды? Ұнағаны-ұнамағаны?


Сиқырлы алақан” жаттығуы

Мақсаты: оқушыларға жағымды сезім қалыптастыру, ішкі қысымнан арылуына қолдау көрсету

Қажетті құралдар:Гуашь, ақ парақ, қылқалам, су

Нұсқау:оқушы өзі қалаған түстегі бояуды қолына жағып, ақ параққа өз қиялынан шыққан бейнелерді салады. Оқушыға жұмыс барысында сұрақтар қойылып, алған әсері, жұмыстың жеңілдігі-қиындығы, ерекшелігі сұралады.

Талқылау:Бояумен жұмыс барысында қандай сезімде болды?

ЖАРМАМЕН ЖҰМЫС

Арт-терапияда Жарма қолдану идеясы Юнгиялық құм психотерапиясының негізінде пайда болды, неге?

  • Біріншіден, бұл еркін басқарылатын және қолмен тікелей жұмыс жасауға жағымды кинестетикалық сезім беретін борпылдақ материал.

  • Екіншіден, бұл материалды манипуляциялау тәсілдерінің әртүрлілігі (оны құйып, сүртуге, тегістеуге, лақтыруға және т.б.) еркін жұмыс жасауға ыңғайлы, өйткені сіз жасалған кескінді бірнеше рет түзете аласыз.

  • Үшіншіден, онымен жұмыс істеу арнайы дағдыларды қажет етпейді, сондықтан танымдық көзқарастарды жоюға, шығармашылық энергия мен қиялдың ұшуына ықпал ететін оқыту дағдысы жоқ.

  • Төртіншіден, Жарма (құм) су сияқты теріс энергияны "Жерге" алады.

Ғажайып ертегі” жаттығуы

Мақсаты: оқушыларды ішкі қысымнан арылтып, жағымды эмоция қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру

Қажетті құралдар: ақ парақ, желім, манка жармасы, трафарет

Нұсқау:оқушыға алдын ала дайындалған түрлі бейнедегі трафарет беріледі. Оны бір парақтың бетіне қойып, ойық бейнелердің үстіне желімді толық жағады. Барлығын жағып болғаннан кейін трафаретті алып, үстіне жарманы сеуіп шығады. Артық жарманы төккен кезде желімге жарма жабысып, ерекше бейнелер пайда болады.

Талқылау:оқушыдан алған әсері сұралады.


«Ерекше бейне» жаттығуы

Мақсаты:әртүрлі түстердің әсерімен ішкі жағымды сезімдерді арттыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Қажетті құралдар: ақ парақ, жарма, гуашь бояуы, су, ыдыс

Нұсқау:оқушыға ыдысқа салынған жарма беріліп, оған су құя отырып, өзі қалаған түсті бояумен араластыруға тапсырма беріледі. Өзі қалағанша әртүрлі түске боялған ерітінді жасап болғаннан кейін ақ параққа ерітілген бояуларды пайдалана отырып, қолымен жағып түрлі бейнелерді, суреттерді салады.

Талқылау:Ерітіндімен жұмыс барысында қандай әсер алды?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!