Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға асқорыту мүшелері жайлы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әйтеке би ауданы.

Қарабұтақ орта мектебі.

Биология пәнінің мұғалімі: Акмалаева.М.Е.

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, үйқыбез, бауыр, ішек бездері).

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға асқорыту мүшелері жайлы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру,қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Сабақ турі: ЖИГСО, топтық және жеке жұмыс.

Сабақ әдісі: ауызша

Көрнекіліктер: Карточкалар, интероактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: валеология

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2. Үй тапсырмасы (сәйкестендіру тесті 8 мин )

3.Жаңа тақырып, постер қорғау (25мин)

4. Бәрін білгім келеді, бекіту тапсырмалары (5мин)

5. «Бейнет түбі зейнет» Бағалау (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

7.Рефлексия.

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сәйкестікті тап

1Тағамдық заттардың қызметі

А) Ет, балық, жұмыртқа, жаңғақ, асбұршақ

2Нәруыздардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Б) Сүт өнімдері, жұмыртқа

3Нәруыздар қандай тағамдардың құрамында кездеседі?

В) 500г

4Майлардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Г) Құрылыс материалы, энергия көзі

5Майлар қандай тағамдардаң құрамында кездеседі?

Д) Көмірсу

6Жануартекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

Е) 100-120г

7Ағзаға қажетті көмірсудың тәуліктік мөлшері

Ж) 70-100г

8Өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

З) Нәруыз

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,

Г, Е, А, Ж, Б, З, В, Д.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сыныпты 4 топқа бөлеміз (жұмыс тобы):

Бұл топтар жұмыс тобы деп аталады. Осы топтардағы оқушыларға 1-4 дейін белгіленген карточкалар таратылады. Содан кейін 1 карточканы алған оқушылар 1-ші топқа, 2 карточканы алғандар 2-ші топқа,...... барады

Ауыз қуысы Жұтқыншақ,өңеш Асқазан Аш ішек Тоқ ішек.

Әрбір топтағы оқушыларға тақырып бойынша жеке тақырыпшалар бөлініп беріледі. 7 мин ішінде барлық топтардағы оқушылар берілген тақырыпшаларды бірігіп оқып, бір-біріне түсіндіреді. Берілген тақырыпшаны толық түсініп алған соң барлық оқушылар бастапқы жұмыс топтарына қайтып барады да, өздері оқыған жеке тақырыпшаларды бір-бірлеріне түсіндіреді (10-15 мин). Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, түсініп алған соң карточкаларды пайдалана отырып жаңа тақырыпты бекітеді.

Қосымша материалдар:

Жұту – рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Ас кесегі тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға тақап қысады да жұтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды. Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ таңдай мен тілшік, жұтқыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетпеуіне кедергі жасалады. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды.

Сіңіру – күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішіндегі бүрлер арқылы белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүрлердің көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлары келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады.

4.Жаңа тақырыпты бекіту 5. Оқушыларды бағалау 6.Үйге тапсырма беру  §43 оқу, кесте толтыру, ас туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

7.Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерге жазып үш қоржынның біреуіне салады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі