Материалдар / Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан» атты тәрбие сағат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан» атты тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан» атты тәрбие сағат
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 25.11.2022

Сынып сағатының тақырыбы : Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан»

Мақсаты : Оқушыларға ақын Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Сазгер ақынның өскен ортасы, өмірінің айтулы кезеңдері, шығармашылығы жайлы өз бетінше білім алуға бағыттау, эстетикалық тәрбие бере отырып, халқымыздың дәстүрлі әндеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік мәні : Оқушыларға Әсет Найманбайұлының мол мұрасын насихаттау, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігіне тоқталу, әуезді әндерін тыңдату, насихат өлеңдерінің тәрбиелік мәніне тоқталу.

Көрнекілігі : Әсет Найманбайұлың портреті, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы видео слайд, буклеттер,кітаптар т.б

Жүргізуші:

Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.

Аман-есен жүрмісіздер жалпыңыз.

Армысыздар жиылған жұрт халқымыз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар?! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға - Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына арналады.

Ендеше, бүгінгі сабағымызда ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны мен өшпес мол мұралары туралы танысамыз.

Жүргізуші:

Арғынмын, атым- Әсет арындаған

Арындап ән сала ма дарымаған

Аспанның аясында ән шалқытқан ,

Бұлбұлмын , дауысым көкте дамылдаған -, деп аспан мен жердің арасын әнмен қосқан алаштың ардақтысы ақын, әнші, сазгер, аудармашы , дастаншы, айтыскер ақын Әсет Найманбайұлының шығармашылығына арналған «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы бар ақындық өнердің өрен жүйрігі, айтыскер, импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлының нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген,мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең-толғаулары, айтыс-қағыстары мен қисса-дастандары, асқақ әндері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, әдеби-мәдени мұрамыздағы көрікті де, көрнекті үлгілердің қатарын молайтуда.

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын . Ендеше, Әсет шығармашылығы ұлттық музыка өнерінің асқар шыңы.Ұлы Абайдың алдын көрген ақын шәкірттерінің бірі төкпе ақын, әйгілі әнші , дарынды композитор, қазақ өнерінің тобығын томарға қақтырмаған, дауылпаз, дара тұлға Әсет Найманбайұлына Барқытбелдің күнгейінен орын беріп , Алакөлдің айдыны асау толқынында тербеткендей сағынышы мен мақтанышы ерекше .

Ал ендігі кезекті Әсет Найманбайұлының өміріне арналған слайдқа назар салайық.

Жүргізуші:

Әсет өлеңдерінің көбісі насихат, өмір, дүние белестері, адам тіршілігінің мәні, жақсы мен жаман, асыл мен жасық, адалдық пен залымдық сияқты өмірде адам пенде бойында кездесетін кереғар қасиеттерді салыстыра термелеу, аллегориялық тәсілде суреттеу арқылы мәңгілік мәнін жоймас заңдылықтарды сипаттауға көтеріледі.Тәмсіл, шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол, имандылық, этикалық, этикеттік жайларды қамтиды.

Кезекті Әсет Найманбайұлының өлеңдеріне берсек.

Жүргізуші: ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық мәдени өнерінің біртуар өкілдері –Біржан Ақан, Естай, Мұхит, Мәди, Балуан Шолақ , Жаяу Мұса сынды ұлы даланың талант иелерінің қатарына сол ғасырдың соңын ала Әсет Найманбайұлы да келіп қосылды. Ол қатарға Әсет жай келіп қосылған жоқ. Өзінің тәңір сыйлаған дарынының, тума талантының арқасында өнердің асқақ үлгісін көрсете келді. Жай келген жоқ, ағыны қатты тау суындай өзен болып қосылды. Арқадан Алтайға дейінгі ұлан –ғайыр даланы жырға бөлеп арындатып ән салып, аспандағы аққуға үн қосып ,бұлбұлдай даусы көкте дамылдаған , күміс көмейінен төгілген ән нөсері сар далаға інжу -маржандай сауылдаған XIX ғасырдағы қазақ саз мәдениетінің сарқылмас саңылақтарының бірегейі болып қосылды.

Жүргізуші: Әсет-қазақтың көрнекті лирик ақындарының бірі . Замана шындығын шынайы суреттеу , айналасын қоршаған тылсым дүние бояуларын өлең-жыры, тамаша сөздерімен сол қалпында жеткізу тек қана Әсетке тән қасиеттердің бірі . Халық ақыны Кенен Әзірбаев «Мен осы жасыма дейін Әсеттің дауысындай зор дауысты естімеген едім , болса Әміренің дауысы Әсетке жете ғабыл болар »-деген екен . Шынында , Әсеттің ән айту ерекшелігі өте күрделі.

Ендігі кезекті Әсет Найманбайұлының «Әпитөк» әніне берсек.

Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Ақынның мол мұраларының бірі – қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның тұңғыш белгілі болған шығармасы -  «Евгений Онегин». Абайдан кейін Евгений Онегинді қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және орыс әдебиетіне қосқан үлесі десек болады. Біраз дастандарын Шығыс әңгіме-аңыздарының оқиғасынан алып жырлаған Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлаған. Сертке беріктік, уәдеге адалдық – Әсет шығармаларында ең көп жырланған тақырып. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады.

Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік –Дарай», «Жұмсап» , «Кешубай» атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» романын аударып оны өзі қисса етіп жырлаған.

Әсет-негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің айтыскерлігіне тоқталсақ, Әсет бабамыздың тағы бір үлкен қыры ол-айтыскерлігі. Айтыстағы қалыптасқан дәстүр бойынша, әр ақын өз руының атақты адамдарын, бай-мырзаларын, жер, суын, елін айтып мақтанатын, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсеткісі келетін.

Ендігі кезекті айтысқа берсек. «Әсеттің Әріпжанмен жұмбақтасуы».

Әсет шығармашылығының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Оның әуен саздары да, өлеңі де өнерімізге қосылған зор үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі, бүкіл жан дүниесі сезіледі. Оның әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған, эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.

Кезекті «Қазақ биі» не берсек.

Қорытынды.

Өттік біз өкінішпен Әсет, Біржан,

Меңіреу қара түнді әнмен бұзған

Шалықтап, шалқып жүріп салған әндер ,

Мұра боп естілсе екен ұрпағымнан,



Гүлдерім қайта өнерме өрімдеген

Жібегім кетті-ау талай өрілмеген

Өмірдің өрге басқан жолын қумай

Өттім-ау бос үмітке еруменен -, деп жырлаған ақын мұрасы толық ашылып, егілмеген гүлі егіліп , терілмеген сөзі халық санасына жиналып, жұртының жүрегіне қайта себіліп келеді. Ақын бабамыздың ақындық өнері , артында қалған асыл қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып , жемісін төккен ағаштай өнер биігіне жемісін беріп келеді. Біздей өнерді сүйетін ,өнерді бағалайтын ұрпақтары барда Әсет әндері, өлеңдері, айтыстары қазақ аспанында мәңгі қалықтайды дегіміз келеді.

Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, жақсы сөз жерде қалмайды. Артына аталы сөз қалдырған, қазақ әдебиеті тарихынан орын алған, қаншама жыл өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Әсет бабамыздың рухы одан әрі биіктей берсін!-деп ашық сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рақмет!























71 жалпы орта білім беретін мектебі





Тексерді ДТІЖО:________________







тәрбие сағаты

Тақырып: «Атым-Әсет, ұраным-арғын шордан ».

(Әсет Найманбаевқа 155 жыл)

Күні: 25.11.2022

Жауапты мұғалімдер:

Исламова Г.

Якубова Н.

Хожимуратова Д.









2022-2023 оқу жылы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!