Материалдар / Ашқ сабақ Тақырыб: Алжапқышты модельдеу 6 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашқ сабақ Тақырыб: Алжапқышты модельдеу 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алжапқышты модельдеу әдістері мен таныстыру, таңдап алған алжапқыш фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



6- сынып

Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты модельдеу.
Білімдік: Алжапқышты модельдеу әдістері мен таныстыру, таңдап алған алжапқыш фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.
Дамытушылық: модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс- дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету; еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, модельдеу бойынша кестелер, дәптер, сызғыш, пішу үшін қажет сызба, қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Сабақты жүргізу әдістері: Сұрақ-жауап,түсіндіру, сызба жұмыстары

Сабақ құрылымы:

I.Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.

II.Өткен сабақты қайталау – 5 мин.

III.Жаңа сабақ – 10 мин

IV.Сергіту сәті – 3 мин.

V. Сарамандық жұмыс – 17 мин

VI. Сабақты бекіту – 5 мин.

VII. Үйге тапсырма, бағалау – 3 мин

I.Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім жоқ?(Оқушыларды түгендеу)

Сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын сұрап, артындағы суреттер арқылы топқа бөлу.

II. Өткен сабаққа шолу, пысықтау:

1.Масштаб дегеніміз не?

2.Сантиметрлік таспа дегеніміз не?

3.Конструкциялау дегеніміз не?

4.Өлшем алу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

5.Дене бітімдегі негізгі сызықтарды ата?

6.Сызба дегеніміз не?

7.Бжа дегенді қалай түсінесің?

8.Бтұ дегенді қалай түсінесің?

9.Кұ өлшемінің қолданылуы?

III. Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Киімді модельдеу – пішімнің негізгі сызбасын таңдалған модельге сәйкес өзгерту процесі (66 – сурет). Киімді модельдеу кезінде пішім бөлшектері өзгертіледі және түрлі әрлеу түрлері таңдап алынады. Бір пішім бойынша әртүрлі фасонды бұйымдар тігуге болады. Алжапқыштар әртүрлі фасондарына қарай бір – бірінен пішіні, түсі мен өңделуі бойынша ерекшеленеді (67 –сурет). Бір модельдің екіншісінен айырмашылығы фасон деп аталады. Бұйымдардың фасоны бөлшектердің пішіні, сызықтары әртүрлі әрлеу түрлерімен анықталады. Әрлеу тігілетін бұйымның таңдалған фасонына сәйкес болуы тиіс.

Сәндік тігім матамен түстес немесе кереғар түсті жіптермен тігіледі. Сәндік тігім біртүсті боялған матада әдемі көрінеді. Сәндік тігіс әдетте ұсақ бөлшектер – қалта, белдік, аспабаулардың контуры бойынша жүргізіледі.

Шілтер бұйымды ерекше сәнді көрінеді. Шілтерді алжапқыш жиегіне қосып тігер алдына бүрмеге жинап, ал содан кейін бөлшектің үстінен бастыра тігуге немесе бөлшектің өңделген шетінің астынан тігуге болады.

Жапсырмалау әртүрлі түсті матаның бір немесе бірнеше кішкене қиықтарынан жасалуы және оның қалта, көкірекше немесе алжапқыштың төменгі бөлігінде орналасуы мүмкін.



IV. Сергіту сәті:

Ал оқушылар аздап шаршасақ сергіту сәтін жасайық. Ал мен сендерге жұмбақ жасырам ал сендер жауабын мына үстел үстінде тұрған заттардың ішінен табасыңдар.

1.Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне

Киім тігіп береді ол өзіңе (Ине)

2.Ине серігі (Жіп)

3.Жарқылдаған қос қылыш

Қолға тисе жоқ тыныш (Қайшы)

4.Саусақ басына киетін темір қалпақ (Оймақ)

V. Сарамандық жұмыс:

Жұмысты бастамас бұрын, қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз. Ине, қайшы мен жұмыс істегенде атқарылатын қауіпсіздік ережесін қайталау. Оқушыларға түсіндіру. Ұйымдасып істеген әрбір істің сәні бар демекші, Екі топқа мата,ине, жіп, тесма,бисер,оюлар беріледі. Оқушылар осы бұйымдарды пайдаланып алжапқышты әшекелейді.

VI. Сабақты бекіту:

1.Киімді модельдеу дегеніміз не?

2.Фасон дегеніміз не?

3.Шілтер дегеніміз не?

4.Жапсырмалау дегеніміз не?

VII. Үйге тапсырма:

93 – бет, №21 тақырыпты оқуға.

Бағалау. Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.











«Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналды мемлекеттік мекеме



Бекітемін........................ Азимбаева. А.Р

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары





Shape1





Пән мұғалімі: Жұмағалиева. Г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!