Материалдар / Астана арман қала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Астана арман қала

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана күніне арналған тақырып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2018
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана-арман қала



Тәрбиеші: Наурузбаева Н.С.

10 «Нұр әлемі» ортаңғы тобы

МКҚК №11 «Арай балабақшасы»

Көкшетау2018ж.

С абақтың тақырыбы: Астана-арман қала

Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелігі:Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері,
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, слайд, тақпақтар. 
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалармен амандасу;

Шаттық шеңбер:

-Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

-Еліме тыныштық тілеймін!

-Күніміз жарық болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Дұшпанымыз жоқ болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Нанымыз көп болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

Қызығушылықты ояту.

-Балалар алда қандай мереке келе жатыр?

-Ия, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр.

-Балалар, еліміздің бас қаласы, жүрегі қай қала?
Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласының құрметіне арналмақ.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті, «Думан» ойын-сауық орталығы.

Тәрбиеші:

Балалар ортаға астана туралы тақпақтарымызды айтайық:

Рамазан:

Ел орда менәі Астана

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп

Көрікті сондай жас қала

Айзере:

Алтын күннің астында

Желбірейді туымыз

Қазақ деген халықтың

Ұлы менен қызымыз.

Алишер:

Арайлы таң Астана

Бір өзіңмен мақтанам

Есіл өзен бойымен

Көркейген менің жас қалам.

Айнель:

Астанаға қарашы

Елімнің жас қаласы

Неткен ұлы неткен тең

Қазағымның даласы

-Ең алдымен Қазақстанның астанасы қай қалалар болғанын біле кетейік.



Астана туралы мәлімет:

Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Бүгінде Астана -71014 га аумақты алып жатқан ірі мегополис.

-Астана Есіл өзеннің бойында орналасқан

-Балалар, енді біз барлығымыз бірге теледидардан Астананың көрікті жерлерін тамашалайық.

"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.Құрылыс 2004 жылдың ақпанында қолға алынды. Шеңбер көлемі - 90 метр. Күмбез көлемі - 70 метр. Қабаттарының биіктігі 4,75 метр.Бұл ойын - сауық орталығына - 3360 адам сыйады екен.

  -Бас әріптерден сөздер құраңдар.

А-ару

С-сәулетті

Т-тамаша

А-ажарлы

Н-нұрлы

А-арман қала






2-Ақ Орда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың отыратын орыны яғни жұмыс орыны. Ол жерде елбасымыз халықтың жағдайы үшін бірнеше жұмыстар атқарады.

Сергіту сәті:

«Сөйлем құра»
1.Астана, мысық, автобус.
2.Бәйтерек, лифт, тышқан
3.Аю, Ханшатыр, қоян
4.Қоңыз, Есіл, серуен.

3 - «Бейбітшілік және келісім сарайы» орталығы.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған.

Б ейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы,  1,5 мың орынды опера залы мен қысқы бақ орналасқан.

4- Міне Бәйтеректің негізгі идеясы-Бейбітшілік ағашы. 97 метірлік биіктікте орналасқан.Бұл ел ордасы Астанаға Алматыдан көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 жылға сәйкес. Бәйтеректің негізгі белгісі ағаш басындағы самұрық құсының алтын жұмыртқасы тәрізді.





Сөзжұмбақ шешу:

1.Елбасының есімі кім? (Нұрсұлтан)

2.Қазақстанның туының түсі қандай? (Көгілдір)

3.Ас атасы? (Нан)

4.Қазақстан Республикасының рәмізі? (Елтаңба)


Қорытындылау: Балалар Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырлар, әндер, және көптеген күйлер бар.

Осымен, бүгінгі Астана-арман қала атты сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!