Материалдар / Астана-"Мәңгілік ел" тарихының жаңа беті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Астана-"Мәңгілік ел" тарихының жаңа беті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана- «Мәңгілік ел» тарихының жаңа беті


Астана-елімнің жүрегі. «Ару Астана»-мадақ етіп,жырға қосатын киелі мекен. 120 этнос өкілдері бас қосқан, мақсат пен мүдделері бір ешбір қауіпсіз өмір сүретін қалалардың бірі.

Қазақ елінің тарихында Түркістан,Верный,кейін келе Алматы т.б. іргелі қалалар елорда болды.Халық пен бірге жасап,қилы қиын күндерді бастан кешті.Бұрынғы астаналарымызда да тарихи неше түрлі оқиғалар орын алды.Халық басынан әр түрлі күндер өтті.

Дегенмен, Астананың орны ерекше.Оны-«Мәңгілік ел» тарихының жаңа беті деуге тұрарлық.Ата-бабам аңсаған сан ғасырлық тарихы бар халықтың,елдің елордасы болу-көркем қала Астанаға ғана бұйырған бақ деп білемін.Тәуелсіздіктің арайлы таңы мен бірге Астана қаласының іргетасы көркейіп,өсіп келеді.Бұрынғы атауы Ақмола қаласын Астана деп атау туралы Елбасының орынды ұсынысы оның басындағы бағын еселемесе,кеміткен жоқ.Елбасы Н.Назарбаев өзінің тарихи еңбектерінде Астананың түпкі атасы Бозақ қаласы екенін баса айтып көрсетеді.Сондықтан болар,Астана әлемге ең жас қала,жас киелі астана ретінде тез таңылды.Оның айғағы,1997 жылдан екі жыл өтер өтпестен 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» деген атау беріліп,арнайы медальмен марапатталуы.Әлемді аузына қаратқан Бразилия мемлекетінде өткен байқауда 12 жас қаланың ішінен Астана қаласы жоғарғы атақты иеленді.

«Тәуекел-нардың ісі» демей ме атам қазақ.Көш керуені Астананы беттеп бой түзегелі бері 20 жылдан асып барады.Астана-болашақтың қаласы.Қаламызда зәулім ғимараттар өнер мен білім ордалары,мәдени ошақтар,саяси-әлеуметтік маңызы зор кешендер бой көтерді.Бүгінде Астананың бойтұмары –«Бәйтерегіміз» тамырын жайған алып ағашты көзге елететеді.Бәйтерек-тамырын тереңге жаятын,жердің дәл кіндігінде өсетін,діңі адам басы рухтар мекені болып табылатын алып ағаш.Монументтің идеясы да самұрық құс туралы ежелгі қазақ аңызында жатыр емес пе?

Әлемнің қай түкпірінде тұрып Астана оның құшағында қайнап жатқан қызу еңбек пен қажырлылықты айтсақ та жарасады.

Ұлттық нақышта келбеті мен салтанаты жарасқан-Ақорда «Бәйтерек», «Астана Арена» спорт кешені, «Хан Шатыр» мен Тәуелсіздік сарайы, «Конгресс Холл», халықаралық Астана әуежайы,өнер мұражайы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры,Қазақ ұлттық өнер университеті,Астана циркі осы мәртебесі биік елордадан орын тебуі оның көркін одан сайын асқақтата түскені тарихи шындық.

Астананың тарих бетінде тез дамып келе жатуының тағы бір белгісі-халық санының артуы.Елордаға айналмай тұрып 225000 халық болса,2004 жылы тұрғын саны 2 есе артып, жарты миллионға жеткен.2017 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін бас қалада халық өсімі 53489 адамды құраған.2018 жылдың басында 1 026 181 адамға жетті.

Астананың тарих қойнауына еніп,ілгерілеуінің тағы бір дәлелі-саяси тұрғыдан өсуі.1998 жылдан бастап еркін экономикалық аймақтық қауымдастығына кірген.Астана қаласы-еліміздің саяси басқару орталығы ғана емес экономикасын ілгерілетуші орталық та қызметін атқарып келеді.

Бүгінде Астана жыл сайын түрлі форумдар, конференциялар, фестивальдар мен саяси мәні бар жиындар үшін бас қосатын киелі мекенге айналды.

Астана елорда мәртебесін алып,құшағын әлемге жайған күннен бастап халқымыздың зиялы қауым өкілдері,ғалымдар,ел таныған тұлғалар Астанаға қарай ат басын бұрды.Ақындар өзінің жүрек жарды жырларын паш етті. Қалқаман Сарин ағамыздың:

Астанам!Ару қалам,асқақ ордам,

Қалың жұрт,қазағыма қақпа болған,

Ту ұстап,тұлпар мінген бабаларым,

Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

Бозоғым,бозбеткейім,баққа оранған,

Тарихтың қойнауынан тапқан олжам-деп жырлаған екен.

Ендеше, ару Астананың тарих бетінен алған орны тұғырлы болсын,ағайын! Бейбітшілік пен келісім,құт-береке дарыған киелі мекен болсын!Бүгінгі жас ұрпақ,біздер Астананың беделі мен бағы үшін үлес қосайық!Елбасының көрегенді саясатының арқасында тәуелсіз елдің ұрпақтары Астана төрінде бақытты да салтанатты өмір сүрейік!

Ибраим Айназ

8 сынып оқушысы

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Екіаша орта мектебі КММ

Жетекшісі Рымбаева Заурехан Адилхановна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!