Материалдар / "Асығың алшысынан түссін!" 5 сынып оқушылары арасындағы сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Асығың алшысынан түссін!" 5 сынып оқушылары арасындағы сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған ұлттық ойындарымыздың бірі асық ату ойынын дәріптеу. Асық ату ойыны балалардың қимыл-қозғалысының артуына, ойлау қабілетін жақсартып, мергендікке машықтандануына көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақшұқыр мектеп-лицейі

































2021-2022 оқу жылы


Күні:14.03.2022ж

Сыныбы: 5


Ұлыстың ұлы күні наурыз, яғни амал мерекесі баршамызға құтты болсын!


Сабақтың мақсаты:

Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді



Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. –

Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады


Кітапханашы :

- Асық туралы не білеміз?



- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны

- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.

- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған


Кітапханашы:

  • Балалар асық түрлерімен танысып өтейік.



Асықтың түрлері:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Кітапханашы:

  • Бүгін біз осы асық ойынын 5 – сынып оқушылары арсында өткіземіз. Ер балалар осы сызылған шеңбердің ортасына асық тіземіз, ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеміз.Баллар асықты кезегімен атып бастайды,кімнің асығы шеңберден шықса ол жеңеді, шеңберден асыра алмай қалса онда сұрақтарға жауап беруге тура келеді

Сұрақтар:



  1. Наурыз мейрамы қашан болады? 22- наурыз

  2. Бұл күні табиғатта қандай өзгеріс болады? Күн мен түн теңеледі

  3. Наурыз мейрамының басты асы не? Наурыз көже

  4. Бұл тағам неше дәмнен тұрады? 7

  5. Наурыз сөзі нені білдіреді? Жаңа күн дегенді

  6. Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді? Қыдыр ата

  7. Ат әбзелдері қандай болады?  

ер, тоқым, құйысқан,  үзеңгі,  айыл,  пыстан, жүгенноқтакөпшікшылбырқамшы т.б.

  1. Көп қойды отар деп атайды

Көп сиырды не деп атайды? Табын

  1. Көп түйені қалай атайды? Келе

  2. Көп жылқыны қалай атайды? Үйір

  3. Көкпар ойыны қалай ойналады?

  4. Киіз үй есігі қалай аталады? Сықырлауық

  5. Керегеге жабатын киіз аты? Туырлық

  6. Уықтың үстін жабатын киіз? Үзік

  7. Шаңырақты жабатын киіз аты? Түндік

  8. Киіз үй неше қанатты болады?

Асық туралы қандай мақал білеміз?

  1. Асығын ата алмаған,
    Сақасынан көреді.
    Сөзін сөйлей алмаған,
    Атасынан көреді.

  2. Асық ойнаған — ақтық,
    Доп ойнаған — тоқтық.

Қосымша сұрақтар:

  1. Көктемде бірінші гүлдейтін гүл? Бәйшешек

  2. Наурыз сөзінің мағынасы қандай? Нау –жаңа, рыз - күн

  3. Наурыз мерекесі тағы қалай аталады? Амал





Мақалдар

  1. Отан – елдің анасы

... – ердің анасы (Ел)

  1. Отан – қуат,

... – шуақ. (Отбасы)

  1. Ел іші – алтын ... (Бесік)

  2. Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің .... жақсы. (Бәрінен)

  1. Су жүрген жер – береке

Ел жүрген жер - .... (Мереке)

  1. Іргесі берік елді жау ала алмас,

Бірлігі бар елді ... ала алмас. (Дау)

  1. Пана болар елің болсын,

... тірер жерің болсын. (Табан )

  1. Адамнан үлкен ат жоқ,

... үлкен ас жоқ. (Наннан)

  1. Адам туа жаман емес, ... жаман. (Жүре)

  2. Адам құлақтан азады, .... семіреді. (Көңілден)

  3. Қағазға тіл бітірген - адам,

Жансызға жан бітірген - .... (Адам)

  1. Мың адам салған көпірді, бір адам бұзады,

Бір адамның жаққан отына ... адам жылынады. (Мың)

  1. Бәйтерек ... жасайды,

Адам ұрпағымен жасайды. (Бұтағымен)

  1. Киіміне қарап қарсы алады,

... қарап шығарып салады. (Ақылына)

  1. Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой,

Орта жүзді қамшы беріп, дауға қой,

Кіші жүзді .... беріп, жауға қой. (Найза)

Қорытынды: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін. Асықтарыңыз алшысынан туссін -дегім келеді барлықтарыныздың.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!