Материалдар / ашык сабак №7 бөбекжай балабақшасы ересектер тобы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашык сабак №7 бөбекжай балабақшасы ересектер тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың математикалық қарапайым ұғымдарын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2021
292
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Артық», «кем», «тең» ұғымдары

Мақсаты:

Білімділік: «Артық», «кем», «тең» ұғымдарын түсіндіру. Салыстыра, талдай білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Математикалық тілдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, бір-біріне деген достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: цифрлар, геометриялық фигуралар, стикерлер, заттық суреттер, үлестірмелі құралдар, оқулық, дәптер.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, салыстыру, ойын, қызығушылығын ояту.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Амандасу. Оқу құралдарын түгелдеу. Зейіндерін сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық:

  • Қазір қандай сабақ?

  • Сабаққа дайынбыз ба?

  • Көңіл – күйлеріңіз қандай? Көрсетіңіздерші.  (Смайликтер алу, қолдарымен көрсету)

  • Ендеше, мен де сіздерге жағымды көңіл-күй, сәттілік тілеймін.

3.Мақсат қою: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

4.Қызығушылығын ояту:

- Бүгін күн сәулесі жарқырап тұр. Айнала тыныш. Аулада бір тауық балапандарын ертіп, жайылып жүр.

- Қараңдаршы, тауық нешеу, балапандары нешеу.

- Қайсысы көп?

- Қалай білдіңдер?

(Тауықтың, балапандардың даусы, түлкінің даусы)

  • Ой, балалар, қу түлкі аңдып жүріп балапандарды алып кетті. Тауыққа көмектесу керек. Балапандарды құтқарайық. Ол үшін түлкінің тапсырмаларын орындап, балапандарды сұрап аламыз.

  • «Балапандарды құтқарайық» ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Өткен тақырыптарды пысықтау, жаттығулар орындай отырып, жарыса есептеу.

Керекті құралдар: тауықтың және балапандардың суреттері, карточкалар, түлкінің суреті.

  • Балалар, түлкі бізге тапсырмалары бар сандықша беріп жіберіпті. Кілтін ашсақ, ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.

  1. Өткен тақырыпты қайталау:

(Бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында орындайды)

  1. Ауызша санау: 10-ға дейін, керісінше санау.

  2. «Көршісін тап» ойыны:

Мақсаты: Сандар қатарын пысықтау.


1, ---, 3, ----, 4; ----, 2, ----; ------4 ------ ------ 2--------


( Бір балапанды құтқардық)

  1. Қосу, азайту амалдарының компоненттері:

А) Екі қызыл алма, бір сары алма алыңыз. Барлығы нешеу болды. Осыны цифрмен жазайық: 2+1=3 Қалай оқылады?

  • Бірінші қосылғышты ата.

  • Екінші қосылғышты ата.

  • Қосындының мәні қайсы?

ә) Төрт көк алма алыңыз, одан үш алма алып тастаңыз. Нешеуі қалды? Осыны цифрмен жазайық: 4-3=1 Қалай оқылады?

- 4 дегеніміз не?

-3 дегеніміз не?

- Айырманың мәні қайсы?

( Екі балапанды құтқардық)

2. Өздік жұмыс: (Сандықшадан тапсырманы алу)

3, 4 сандарының құрамы: (карточка)

2+2 = 4-1= 2+1 = 3-1=

( Үш балапанды құтқардық)

  1. Жаңа сабақ: (Сандықшадан тапсырманы алу)

А) Екі тіктөртбұрышты салыстыру:

- Фигуралар қалай аталады?

- Қандай ұқсастықтары бар?

- Қандай айырмашылықтары бар?

ә) Үлестірмелі құралдармен жұмыс:

-Өрікті алыңдар, алмұртты алыңдар? Не байқадыңдар?

- Қайсысы артық, қайсысы кем? Қалай білдіңдер?

- Әр жеміске сәйкес келетін цифрды алыңдар.

- Сандардың «Артық», «кем» белгілейтін таңбалар бар. (Таңбаларды көрсету).

-Таңбаларды қояйық.

- Үш сары қонжық алайық, осыған тең көк қонжық алыңдар. Неше қонжық алдыңдар?

Осыған сәйкес цифрларды алыңдар. Арасына қандай таңба қоямыз?

( Төрт балапанды құтқардық)

СЕРГІТУ СӘТІ

     Қоян шықты далаға

     Жан -жағына қарады

     Жүгірді, секірді

     Орнына отырды


  1. Оқулықпен жұмыс:

1.

Не артық кружка ма, тарелка ма?

НЕ кем қасықтар ма, тәрелкалар ма?

Шанышқылар ма пышақтар ма?

2

Салыстыр.

3*4 3*2 3*3 2*3 2*2 1*2 2*1 1*3

3 Фигураларды ата. Кесінділерді өлше.

4

Артық фигураны тап. Өз таңдауыңды түсіндір.

( Бес балапанды құтқардық)

  1. Дәптермен жұмыс:

А) Көркем жазу минуты:

> < =

1 2 3 4

2

3*4 3*2 3*3 2*3 2*2 1*2 2*1 1*3


3

Суретін сал және салыстыр


4

Саны бойынша тең фигураларды боя.


( Алты балапанды құтқардық)


СЕРГІТУ СӘТІ:

  1. Сабақты қорытындылау:

Рефлексия:

  • Саған сабақ ұнады ма?

  • Сабақ қызықты болды ма?

  • Қай тапсырма оңай болды?

  • Қай тапсырма қиын болды?


















 

Рейтинг материала:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!