«Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы, ерінбе....» әдеби кештің
сценарийі
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбайұлының даналығын, рухани
асыл мұраларын насихаттау,
құрмет ету. Ұлы ақынның шығармаларына шолу жасау,
өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу, көріністер
қою.
Көрнекілігі: Абай портреті,
кітаптар, шығармалары, қанатты
сөздер,
Фотослайдтар, видео, аудио
жазбалар
Абай туралы қанатты
сөздер:
« Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ »
Ахмет Байтұрсынұлы
«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық үні. Бүгін
ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып
тұр».
Мұхтар Әуезов
«Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғабит Мүсірепов
«Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің
алыстағы сарынын сезе білді… Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар
гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты».
Шыңғыс Айтматов
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ
халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы
тиіс».
Нұрсұлтан Назарбаев
1- жүргізуші: Ақжол
Армысыздар, саналы сөзді сары
алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар
және оқушылар! Биыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының
данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер
Абай атамыздың 175 жылдығын
тойламақпыз.
2-
жүргізуші: Дильназ
Ақыл-ой ақындықтың
киесі-Абай!
Түгел сөздің түбі бір
жүйесі-Абай!
Адалдық, ар ұяттың
данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі
Абай!, -демекші бүгінгі өткізгелі отырған
«Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы, ерінбе....» атты әдеби кешке қош
келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Ақжол
Жүрегімнің түбіне терең
бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да
ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде
өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп
келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да
бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол
халықтың мүддесін, арман - мұңын
жырлады.
1- жүргізуші: Дильназ
Туғаннан дүние есігін ашады
өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... деп, Абай атамыз айтқандай
келесі сөз кезегін Абай өлеңдерінен нәр алған оқушыларға
берсек қайтеді.
1- жүргізуші:
Ақжол
Өлең демекші,
С.Торайғыров:
Асыл сөзді
іздесең,
Абай оқы
,ерінбе!
Адамдықты
көздесең
Жаттап тоқы көңілге,-деп
жырлаған екен олай болса 9- сынып оқушыларын ортаға
шақырайық
(Ортаға оқушылар шығып өлең
оқиды)
2- жүргізуші:
Дильназ
Жаманға «жар» деген-ақ ,ән
көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім
ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның
еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,- осы жерде ән
салып жіберсек қайтеді, Ақжол
?!
1- жүргізуші:Ақжол
Әннің де естісі бар, есері
бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,- деп Абай атамыз жырлағандай
тыңдасақ тыңдайық .
Ортаға 10 Ә сынып оқушылары
Мерқали Сағыныш пен Ұзақова Адинаны шақырайық.(Ән- қазақ, орыс,
ағылшын тілінде орындалады)
Абайдың әні «Көзімнің
қарасы»
1-жүргізуші: Ақжол
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
2-
жүргізуші: Дильназ
Қара сөзі, қара өлеңі
қарымды,
Толғайды
Абай мұңым менен
зарымды.
Абай
сынды дана туған
халықтың,
Ұл-қызы
да болу керек дарынды, -дей
келе кезекті ақынның қарасөздеріне
берейік.
Қарасөздер
оқылады . 6, 16, 18, 19,
29,31
1-жүргізуші:
Ақжол
Абай атамыздың қасиетті қара сөздерінен
ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау
алдық.
2-жүргізуші
: Дильназ
Қазақ сөзінің киесі қонған бұл
қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл
қосушы.
1-жүргізуші:
Ақжол
Әр сөзінде астарлы ой
тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
2-жүргізуші
: Дильназ
Ол
қалдырған күй даланы кернейді
Ұшқан оттай құс қанатын
сермейді.
Тыңдар
құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа
өлсе де, Абай сөзі өлмейді.
1-жүргізуші
:Ақжол
Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын
бір сала- оның поэмалары. Олар : «Ескендір», «Масғұт»,
«Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да, өлеңдеріндегі секілді
әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді. Соның бір дәлелі «
Ескендір» поэмасы.
2-жүргізуші
: Дильназ
«Ескендір» поэмасы бойынша 9-сынып
оқушыларының дайындаған көрінісін
тамашалаңыздар
КӨРІНІС
1-жүргізуші
:Ақжол
Иә, халық қазынасының қайнар бұлағынан
сусындап өскен Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа,
парасаттылыққа, имандылықпен ізгілікке тәрбиелейтін
дүние.
1- оқушы Жүрегін шырақ етіп
жандырған кім?
1- оқушы Жырымен жан сусынын
қандырған кім?
1- оқушы Өзіне –өзі
орнатып ескерткішті, Мұрағып, кейінгіге қалдырған
кім?
1- оқушы Ерте оянып , ойланып
, ержеткен кім?
1- оқушы Талабын тас
қияға өрлеткен кім?
1- оқушы Құбажан, құрбақан
құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен
кім?
1- оқушы Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өскен кім?
1- оқушы Үнінен әділдіктің
лебі ескен кім?
1- оқушы Арманын
атандырып келешекке , Біздермен осы күнгі тілдескен
кім?
1- оқушы Тайсалмай, мыңмен
жалғыз алысқан кім?
1- оқушы Жауына найза
сөзін шанышқан кім?
1- оқушы Өзендей
құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан
кім?
Бәрі хормен
ол-АБАЙ
1-жүргізуші
:Ақжол
Ол – Абай, дара
ақын, дана ақын.
Қалдырған
дәмді, асыл сөздің парқын.
Әр сөзі
үлгі – өнеге, жанға сая,
Тілге
жеңіл, жүрекке өте жақын.
2-жүргізуші
: Дильназ
«Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,
өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – дегенді айтқан да өзі емес
пе?
1-жүргізуші
:Ақжол
Айтқанда да, тауып айтты! Абай – артына
өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін
кемеңгер.
2-жүргізуші
: Дильназ
– Абай Әлемін бүкіл дүниеге
таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп
қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас
қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.
Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден
жалықпайық.
1-жүргізуші
:Ақжол
Көп адам дүниеге бой
алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп
шалдырған.
Өлді деуге сыя ма,
айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған,- кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың175 жылдық
мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби
кешіміз осымен аяқталды.
2-жүргізуші
: Дильназ
Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды
кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау
болыңыздар!
«Желсіз түнде жарық ай» әні
орындалады бәрі хормен айтады.
Жеке дауыста орындайтындар 9Ә
сынып оқушысы Валитова Виктория мен Сейсембек
Алмас