Материалдар / Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтің өмірі мен қара сөздері, өлең сөздері туралы мәлімет беретін сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығын, шығармаларындағы сөз байлығын, тәрбиелік мәні зор еңбектері арқылы жастарды білімділікке, алғырлыққа, шеберлікке, терең ойлылыққа, ұлттық құндылықтарға баулу.

Жүргізуші:

Ұлы ақынды, одан қалған ұлы мұраларды кейінгі ұрпақ әріп танып оқи бастағаннан ақ танысып, оқып біліп, асыл сөздерімен сусындайды. Ұлы ақынның өмірі мен құнды туындылары біз бен сізге үлкен мұра, рухани мол азық болып табылады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!

(Абай өлеңдері оқылады)

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Күз»

«Қыс»

«Жазғытұры»

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Топқа бөліп отырғызу


Shape3 Shape2 Shape1

Қайрат

Жүрек

Ақыл





Жүргізуші:

Абай өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт берген биік тұлға, ақынның адамгершілік мұраттары тек өлеңдерінде ғана емес қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан, Абай өзінің оқырман мен тыңдаушыларымен әңгімелеседі. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орысқытайфранцуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.


Бірінші қарасөзін тыңдау \Аудиомәтін\


Жүргізуші:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.» деген жолдардан ұлы ақынның өмірінде көрген, білгенін, түйгенін кейінгі ұрпаққа өсиет қылып жазып кетуіне бел буғанын айқын көреміз....

/Абайдың Он жетінші қара сөзіне көрініс/


/Он жетінші қара сөзін талдау/

Қайратқа

Сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман....

Ақылға

Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман...

Жүрек туралы

Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны - діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді....
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды....

Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет! Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. 

Ғылым деген не?

Ғылымға қол жеткізу үшін не керек?

Ол үшін қандай болу керек?

Ақыл мен қайраттың ұғымы не?

Оған қол жеткізуге не істеу керек?

Ақылдың пайдасы мен зияны / Мақал айту\Жау жоқта батыр көп, Дау жоқта ақыл көп\

Қайраттың пайдасы мен зияны / Мақал айту\Күшіңе сенбе, ісіңе сен\

/Постер жасау/ қорғау

Кезекте әсем әуен «Көзімнің қарасы»



ІІІ топқа тапсырма

І топ «Орындық» ойыны

1.Батыр туса-..... (ел ырысы, жаңбыр жауса- жер ырысы)/ мағынасын айту/

2.Еңбек түбі -....(береке, көптің түбі –мереке)

3.Білекті бірді-...(жығар, білімді мыңды жығар)

4.Қына тасқа ....,( білім басқа бітеді)

5.Атаңа не қылсаң, .....(алдыңа сол келер)

6.Алытан сәлем береді....(әдепті елдің баласы)

7.Ғылым теңіз,.....( білім қайық)

8.Кітап-.....\ алтын қазына


 

ІІ топ «Тас, қайшы, қағаз» ойыны

1. Абай қай рудан шыққан? Ауқатты дәулетті ортадан шыққан дегенді қалай түсінесің? //Тобықты

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей - мағынасын түсіндір, өз сөзіңмен еңбек туралы мақал құрастыр.

3. Еңбек – өмірдің тұтқасы..........///тіршіліктің көзі

4.Абайдың неше поэмасы бар? Атап шық

5. Абай айтқан бес Асыл іс...

6. Абай айтқан бес дұшпан...

7. Абай жолы роман эпопеясын кім жазған?

8. Ескендір поэмасындағы адамның көз сүйегі туралы айтыңыз

9. Абайдың әндері

ІІІ топ «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

1.Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті ау мұртың

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың (Кімнің өлеңі?)

 

2.Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса ыстық соқса, бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ы.Алтынсарин «Өзен»)

 

3.Дүние де өзі мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай «Ғылым таппай мақтанба) /мағынасын түсіндір/

4.Абай өміріндегі маңызды тұлғалар кімдер? әйелдер бейнесінде...

5. Абайдың туған жері (ШҚО Семей уезі, Абай ауд. Шыңғыс тауы)

6.Абайдың туған жылы (1845 10 тамыз)

7. Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап да бар қалан... қалай түсінесің?

8. Мен егер закон қуаты қолымда баркісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім /Кімнің айтқан сөзі? Ойыңды айт

9. Тоғжан Абайдың өмірінде кім?



Жүргізуші:

«Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол» деп отыз үшінші қарасөзінде Абай ерінбей еңбектену керектігін, аз байлықпен тоқтап қалмай үйрене беру, еңбектене беру керектігін айтады.

Отыз үшінші қарасөзін талдау



1

А

Д

А

Л

Д

Ы

Қ







2






Б

О

Р

Ы

Ш




3




Б

А

Й

Л

Ы

Қ





4







Ө

Н

Е

Р




5



Е

Р

І

Н

Н

Ш

Е

К

Т

І

К

6







Е

Ң

Б

Е

К



7





Қ

А

Р

Ы

З





1. Адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі

2. Адамның өтеу керек әрекеті

3. Еңбекпен табылатын, қол жеткізетін нәрсе

4. Адам бойында жұтамайтын нәрсе

5. Адам бойындағы жаман әдеттердің бірі

6. Жетістікке, байлыққа, табыс табуға жеткізетін нәрсе

7. Өтеуді, қайтаруды қажет ететін нәрсе



Жүргізуші:

Данышпан Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі – әр қазақтың бойтұмары іспетті. Соңынан өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы бабамыз өзінің кейбір қара сөздерінде қазақтың кей мақал-мәтелін сынаған, олардың тереңіне үңіліп, мән-мағынасын ашып көрсеткен. 

Жиырма тоғызыншы қарасөзін талдау

«Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын…

«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой…

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе??

Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.




Жүргізуші Жетінші қарасөзінде Адам мінезіне, яғни тән қалауы мен жан қалауына сипаттама береді.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!