Күні:13.02.18ж | Мектеп Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп |
Сынбы 9а | Қатысқаны 15 оқушы |
Сабақтың тақырыбы: | Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары,тіл байлығы |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын біледі, ақын өлеңдерінің поэтикалық тіліне талдайды. Ұйқас түрін ажырата алады. |
Сабақмақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
| Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын біледі.Ұйқас түрін ажырата алады. |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
| Ақынның қазақ поэзиясына енгізген ұйқас түрлері мен көркемдік тіліне талдау жасайды. |
| Кейбір оқушылар орындай алады: |
| Өлең жолдарын ұйқастыра отырып, келесі тармақтарын жаза алады |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: |
| Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады,ойларын еркін жеткізе алады. |
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
| ұйқас, теңеу, метафора, аллегория, эпитет, фигураның түрлері |
Жетістік критерийлері | Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығымен таныс болады.Абай енгізген ұйқас түрлерін анықтайды.Ұйқастың түрін ажыратады.Ақын өлеңдерінде кездесетін троптың түрлерін таба алады.Ақын өлеңдеріндегі фигураның түрлерін табадыӨлең тармағын әрі жалғастырып, бір шумақ өлең жазады. |
Алдыңғы оқу | 5-сынып Абай Құнанбайұлының өмірі мен өлеңдері |
Жоспар |
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған жаттығу жұмыстары | Ресурстар
|
Сабақтың басталуыҰйымдастыру кезеңіӘн бойынша опқа бөлуСыныпта жайлы орта қалыптастыру мақсатында Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін айтуӨткен сабақты пысықтау «Стикердегі диалог» әдісі10 минут
| 1.Ұйымдастыру кезеңі.1.Амандасу-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!Оқушыларды ән жолдары арқылы топқа біріктіру1-топ. Көзімнің қарасы2-топ. Айттым сәлем ,Қаламқас3-топ. Желсіз түнде жарық ай.Сыныпта жайлы орта қалыптастыру. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде 100 ән жобасын жүзеге асыру мақсатында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айтамыз.Қиықша қағазда жазылған топ мүшелері өз міндеттерін бөлісіп алады. Топ ережесін сақтайды. Бағалау парақшасын таратып беру. Өткен сабақта Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы бойынша эссе жазылған.Өткен сабақтарды пысықтау мақсатында «Стикердегі диалог» әдісі бойынша стикерлерге жазылған сұрақтарға жауап беру. Абай Семей кітапханасында кіммен танысады? Абай «бес асыл» деп нені айтты?Абайдың поэмаларын ата.Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдерін ата.Абай «Сегіз аяқ» өлеңінде қандай мәселелерді көтерді?Абайдың 7 қарасөзінде не туралы айтылған?Абайдың аяқталмаған поэмасыАристотель қай шығарманың кейіпкері?Абай поэмасындағы қатыгез кейіпкер.Абайдың махаббат лирикасына жазған өлеңдерін атаАбайдың қандай аудармаларын білесіңдер | Топқа бөлу қиықшалары
Кароке ән
Сұрақтар жазылған стикер мен плакат |
Ортасы25 минутОйқозғау
Топтың жұмысТұжырымдамалық карта жасау5минутҚорғауға әр топқа 3минуттан
5минут«Аудиотыңдалым» әдісі
«Абайға арнау» немесе «Хакім Абайға хат» жазу.
Соңы5 минут
| Жаңа сабақ. Білу және түсіну. «Ойқозғау» әдісіИнтербелсенді тақтада әр түрлі ойқозғау суреттері көрсетіледі. Суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттер Ұлы Абайдың шығармашылығында қандай орын алады? Абай қазақ әдебиетіне қандай жаңашылдық алып келді? Осының барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы мен тіл байлығы.Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге айқындап алу.Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы/ дәйексөз: «Абайдың шығармашылық өмірі – қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Сондықтан оның ақындық жолын зерттеу бүкіл ұлттық әдебиеттің даму, есею кезеңдерін саралаумен ұштасады... Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын болады.Абайтану есігі кімге де болса, ойы мен пікірі бар оқырманның бәріне ашық» Әдебиеттанушы ғалым Серік Қирабаев Қолдану.Топтық тапсырма. Тұжырымдамалық кесте жасау.1-топ. Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген ұйқас түрлеріТапсырма критерийі:Абайдың қазақ поэзиясына енгізген ұйқас түрлерін табу.Абай енгізген тармақ саныАбай енгізген буын саныӨлең жолдарына талдап, тұжырымдамалық карта жасау.Ұйқас түрлерін өмірмен байланыстыру.2-топ. Абай өлеңдеріндегі фигураның (айшықтаудың) түрлерін табыңдар.Фигураның түрлерін және оның анықтамасын айту.Абай өлеңдерінде кездесетін фигураның түрлерін өлең жолдарынан тауып, тұжырымдамалық карта жасау.3. Өмірмен байланыстыру.3-топ. Абай өлеңдеріндегі троптың(құбылтудың)түрлерін табыңдар.Троптың түрлерін және анықтамасын айту.Абай өлеңдерінде кездесетін троптың түрлерін тауып, тұжырымдамалық карта жасау.Троптың түрлерін өмірмен байланыстыру.Топ бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Талдау. 2-тапсырма. Жеке жұмыс.«Аудиотыңдалым» әдісіАбайдың өлеңін аудиодан мұқият тыңдап, ұйқас түрін анықтаңдар.
Бағалау. Жеке жұмыс «Абайға арнау» немесе «Хакім Абайға хат» жазу. Берілген өлең жолын әрі қарай жалғастырып, бір шумақ өлең шығарыңдар.Абай-дана, Абай-дара қазақта.Бағалау. Топ сарапшысы оқушылардың білімін бағалайды.Кері байланыс. Көңіл-күй таразысы. Бүгін сабақта не үйрендім, не қызық болды?Рефлексия «Көңіл-күй құмырасына» стикерлерді жабыстыру. Бүгінгі сабақтағы көңіл- күйін анықтауҮйге тапсырма. Абайдың өлеңдерінде бірдей болып келетін сөздерді тіркескен сөзімен теріп жазып, мағынасын ашу.Мысалы. Көңіл құсы, сынық көңіл, жанған көңіл, жаралы көңіл, кірлеген көңіл т.б 2. «Сегіз аяқ» өлеңін жаттау | Интербелсенді тақтаАбай портреті
Флипчарт, маркер, Абай 2 томдық өлеңдер жинағы
аудиотыңдалым
Стикер |