Ашық есік күніне арнлаған
іс-шара
Мақсаты: №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық
педагогтік колледжінің тарихы, жетістіктері және колледждегі
Бастауыш білім беру мамандығы бойынша мәлімет беру,
таныстыру.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Оқытушы
Оразымбетова Асель Кусайынқызы және «Бастауыш білім беру»және
“Қазақ тілі мен Әдебиет “ мамандығының 2-3 курс 122-Топпен 31-Қ
студенттері.
Барысы:
Музыка ойнап тұрады.
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті
қонақтар!
2 жүргізуші: Қайырлы күн, талапкерлер, ұстаздар
және ата-аналар!
1 жүргізуші:
Алға тарт деп жас жүрек
бұлқынады,
Балалықпен қоштасар күн туады.
Арманына жету үшін оқу іздеп,
Білігір маман болуға ұмтылады.
1 жүргізуші: Ең алдымен, сіздерді біздің
кереметтей оқу орнымыздың тарихымен таныстырып өтейік.
(Слайд)
2 жүргізуші: 1978 ж. Алматы қалалық мектепке
дейінгі тәрбие педагогикалық училищесі болып
ашылды.
1 жүргізуші: 1990 ж. №1 Алматы педагогтік
училищесі;
2 жүргізуші: 1994 ж. №1 Алматы қазақ педагогтік
училищесі атанды.
1 жүргізуші: 1994 ж. Колледж мәртебесі
берілді.
2 жүргізуші: 1999 ж. Республикалық педагогикалық
колледждердің ғылыми-әдістемелік алаңы;
1 жүргізуші: 1999 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ
Білім Академиясының ғылыми-әдістемелік эксперименттік
алаңы;
2 жүргізуші: 1999 ж. Республикалық оқу-
әдістемелік бірлестік болып құрылды.
1 жүргізуші: 2008 ж. №1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық – педагогтік колледжі;
1 жүргізуші: Колледждің педагогикалық ұжымында
100-ден аса оқытушы еңбек етуде. Олардың көпшілігі жоғары және
бірінші категориялы мамандар. Солардың ішінде 15 оқытушы “Қазақстан
Республикасының Білім беру ісінің үздігі” төс белгісінің иегері, 3
оқытушы “Ыбырай Алтынсарин” төс белгісінің иегері, 2 оқытушы “ҚР
білім беру ісінің құрметті қызметкері” төс белгісінің
иегерлері
2 жүргізуші: Бүгінгі күні колледждің күндізгі
және сырттай оқу бөлімінде мыңнан аса студент білім
алуда.
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжінің (бәрі бірге)
студенттеріміз!
1 студент: Біздің бітіруші түлектер диплом алған
соң білімін жоғарғы оқу орнында жалғастыруға мүмкіндік
алады.
2 студент: Сонымен қатар, өзінің мамандығына
қосымша екінші шетел тілін, педагог-психолог, мектеп психологы,
гид-аудармашы, іс жүзіндегі психолог, электронды құжаттарды
ұйымдастырушы мамандықтарын игеріп шығады.
3 студент: Осы оқу орнында қызмет ететін
шығармашыл, жан-жақты оқытушылардың арқасында студенттер түрлі
қалалық, республикалық олимпиадалар мен чемпионаттарға қатысып,
жеңіспен оралады.
4 студент: Колледж базасында 1 курстан бастап
бізді кәсіби маман ретінде дайындауға үлкен көңіл
бөлінеді.
1 студент: Біз гуманитарлық-педагогикалық бағытта
мамандар дайындайтын алдыңғы қатарлы оқу орнымыз.
2 жүргізуші: Рахмет! Дұрыс айтасыңдар. Біздің оқу
орны бірегей, себебі біздің түлектер өмірде өз орнын тауып,
директордың орынбасарлары, жоғарғы оқу орындарында оқытушылық
қызметтерін атқаруда.
1 жүргізуші: Біздің колледж талаптылар мен
таланттылардың ордасы! Біздің студенттер түрлі байқаулар мен
конкурстардың жеңімпаздары.
2 жүргізуші:
Сендер үшін жаңа өмір
басталады,
Еркелігің бәрі де тасталады.
Болашаққа нық аттап қуанышпен,
Басталсын бақыттың баспалдағы.
1-жүргізуші: Жыл сайын сәуір айында, осынау
күлімдеген көктемнің күнінде қонақжайлығымызды көрсетіп, сіздердей
жас, талантты, шығармашыл талапкерлерді жинау үшін есігіміз бен
құшағымызды айқара ашамыз. Сіздерді осы жерде көргенімізге өте
қуаныштымыз!
2 жүргізуші: №1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжіне
қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Бүгін біздің колледжде маңызды
мереке – «Ашық есік күні» өтіп жатыр.
2 жүргізуші: Иә, мектептегі алаңсыз сәттер
қайырылмастан кетіп барады. Сіздерге айтарымыз оған бола мұңайып,
уайымдаудың керегі жоқ. Себебі, сіздер қазірден бастап,
ұлқыздарыңызға жаңа өмірге жол сілтеп отырсыздар
.
1-жүргізуші: Осы оқу орнында қызмет ететін
шығармашыл, жан-жақты оқытушылардың арқасында студенттер түрлі
қалалық, республикалық олимпиадалар мен чемпионаттарға қатысып,
жеңіспен оралады.
2-жүргізуші: Колледж базасында 1 курстан бастап
бізді кәсіби маман ретінде дайындауға үлкен көңіл
бөлінеді.
1-жүргізуші: Біз гуманитарлық-педагогикалық
бағытта мамандар дайындайтын алдыңғы қатарлы оқу
орнымыз.
Ендігі сөзкезегін осында отырған ата аналарға
береміз!
2 жүргізуші: Рахмет! Дұрыс айтасыздар. Біздің оқу
орны бірегей, себебі біздің түлектер өмірде өз орнын тауып,
директордың орынбасарлары, жоғарғы оқу орындарында оқытушылық
қызметтерін атқаруда.
1 жүргізуші: Біздің колледж талаптылар мен
таланттылардың ордасы! Біздің студенттер түрлі байқаулар мен
конкурстардың жеңімпаздары.
2-жүргізуші: Таныстыруымызды осы жерден тоқтата
тұрып, әсем әнге кезек берейік.
Көңілге ұнар, шықса ән
сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар
ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау
көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі
талапкерлердің құрметіне 122 тобының білім алушысы Абдикасим
Альбинаның орындауындағы тамаша әнді қабыл
алыңыздар.
1 жүргізуші: Колледжде 9 мамандық бойынша
күндізгі және сырттай оқу нысанында мамандар дайындау ісі
мемлекеттік тілде жүзеге асырылады:
0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту»
0103000 – «Дене шынықтыру және спорт
мұғалімі»
0105000 – «Бастауыш білім
беру»:
— 0105013 – «Бастауыш білім беру
мұғалімі»;
0512000 – «Аударма ісі»
0510000 – «Іс қағаздарын жүргізу және
мұрағаттану»
0111000 — «Негізгі орта білім»:
— 011101 3 — «Қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі»
— 011102 3 — «Орыс тілі мен әдебиеті
мұғалімі»
— 011108 3 — «Негізгі мектептің шетел тілі
мұғалімі»
— 011109 3 — «Негізгі мектептің информатика
мұғалімі» мамандықтары дайындалады.
2 жүргізуші: Қымбатты достар, колледжімізді
таныстыруды ары қарай жалғастырайық! №1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі ашылғаннан бастап қоғамның ең
құнды капиталы — адамды қалыптастырушы мамандар даярлап келеді.
Колледжде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға қажетті
жағдайлар жасалуда.
1 жүргізуші: Біздің колледжде сыныптан тыс
шараларға көп көңіл бөлінеді. Колледжде түрлі бағытта жұмыс
істейтін мәнерлеп оқу, домбыра, вокалдық хор сияқты 14 үйірме мен
спорт секциялары жұмыс істейді. Біздің студенттер ән салады, би
билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, спортпен де айналысады.
Сонымен қатар, колледжде өзін-өзі басқару ұйымы да жұмыс істейді. 1
жүргізуші: Колледждің оқу ғимараты 5 компьютерлік, 3 мультимедиалық
оқу кабинеттерімен, методикалық кабинеттермен, 19 интерактивті
тақтамен, химия және физика оқу кабинеттері зертханаларымен,
«Өзін-өзі тану» арнайы кабинетімен, спорт залмен, 38 мың 541 дана
кітап қоры бар кітапхана абоненті және электрондық оқу залымен
жабдықталған.
2 жүргізуші: Оқу кабинеттері заман талабына сай
оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. 3 нүктеден таралып,
148 компьютерді қамтитын интернет желілері жұмыс істейді. Жайлы
асханамыз да бар.
1 жүргізуші: Ең бастысы, біздің колледжіміз
жылдан жылға жаңарып, күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңа оқу жылынан
бастап заманға сай лайықталып салынған жаңа ғимарат пен
студенттерге арналған жатақхана пайдалануға
беріледі.
2 жүргізуші: Біздің білім ордамызда дәстүрге
айналған мерекелер өте көп. Мысалыға атап айтсақ, Студенттер
қатарына қабылдау күні, «Шарықта, өнерпаз!» «Күзгі балл», «Колледж
аруы» байқаулары;
1 жүргізуші: Түрлі әдеби-музыкалық кештер,
кездесулер, шығармашылық жұмыстардың көрмесі, мерекеге байланысты
тәрбие сағаттары;
Олай болса, колледждегі мәнерлеп оқу үйірмесінің
қатысушысы Шубаева Рахатты ортаға шақырайық.
2 жүргізуші: Колледжде болашақ маман үшін ең
маңызды, аса құнды саналатын басты нәрсе ол – практика. Студенттер
мемлекеттік білім мекемелерінің базасында: мектептерде,
балабақшаларда практикадан өтеді және практикадан өздеріне
қажеттілерін үйреніп, тәжірибе жинап шығады.
1-жүргізуші:
Кез келді алаңдамай алға
самғар,
Тілекті үміттерге жалғасаңдар.
Іздеген бақытқа да жетесіңдер,
Жоғалтып адамдықты алмасаңдар.
Келесі кезекті колледжіміздің студенті Нұрәлі
Гүлнараға берейік.
2 жүргізуші: — Гүлвира, сенің алғашқы ұстазың
есіңде ме?
1-жүргізуші: — Әрине, есімде. Бұл өмірде бастауыш
сыныпта оқымаған адам жоқ шығар. Алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз
барлығымыздың есімізде өмір бойы сақталады. Бастауышта
білмегенімізді үйретіп, білгенін аямаған ұстазымыз болмағанда біз
адам болып шығар ма едік?! Бұл мамандыққа біз осы оқу орнынан
маманданып шығамыз. Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілікті талап
ететін мамандық.
2-жүргізуші:
Тәрбиелеп барлық адамды
Ұстатқан қолға қаламды
Мектепке алғаш жол сілтеп,
Нұсқаған дұрыс қадамды.
Бастауыш сынып маманы..
1 жүргізуші:
Тәрбиеші жолы қиынырақ
басқадан,
Қызығы да мол, біле бермес басқа
жан
Балалардың пәк көңілі мен
күлкісінен
Тәрбиеші шын бақытын тапқан
адам!
Келесі кезекті «Мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту» мамандығы студенттеріне берейік.
2 жүргізуші:
Қазақ тілім, өз тілім, ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана
тілім.
Алдарыңызда болашақ тіл
мамандары
Осы тілдің ұқтырар терең сырын.
Қазақ елінің болашағы – қазақ
тілінде».
Қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын жете
түсініп, туған тіліне деген құрмет пен ықыласты өзінің перзенттік
парызы деп білетін
болашақ тіл мамандары.
1 жүргізуші:
Біздің заман – білімдінің
заманы,
Шет тілін білу – бүгінгі заман
талабы.
Ағылшынша оқып, меңгерсең, білсең,
үйретсең,
Заманыңа қарай нық болар басар
қадамың.
Олай болса, ортамызға «Негізгі мектептің шетел
тілі» мамандығы студенттері.
2 жүргізуші:
Аударма –қалған өнер ұлылардан
Аудармамен шығарманың бағы
жанған
Әдебиет пен әдебиетті
қауыштырар
Аудармашы бүгін де керек маман
Сөз кезегін «Аударма ісі» мамандығы
.
1 жүргізуші: Осы аз ғана уақыт сен өз-өзіңнен
бөлініп, студенттік тамаша өмірге, өзіне еріксіз тартатын беймәлім
әлемге, еркіндікке сапар шеккен боларсың. Мектептегі үйреншікті
қарбалас сәттердің, сабақтың бітуіне, бірге оқыған сыныптастарыңмен
уақыт өткізіп, серуендеуге аз уақыт қалды. Сосын емтихандар
басталады. Өміріңдегі алғашқы емтихандар.
2 жүргізуші: Оқу инемен құдық қазғандай. Қалаған
оқу орныңның түлегі атануды армандау оңай, ал оқу, іздену,
ойдағыдай бітіріп шығу қиын. Бұл кез келген адамның қолынан келе
бермейді. Сіздерді алда қызықты студенттік шақ, одан кейін үлкен
өмірге жолдама күтіп тұр. Оқыңыздар, еңбектеніңіздер және оның
нәтижесі міндетті түрде сіздерді биік белестерге
шығарады.
Сөз кезегін топ кураторы Оразымбетова Асель
Кусайынқызына береміз!
1-жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан
белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар
мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді
енді.
2-жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі кездесуіміз
соңына жетті.
1-жүргізуші: Бірақ бұл кездесуіміздің соңы емес
деп үміттенеміз.
2-жүргізуші: Біздің оқу орнының есігі де, құшағы
да дәл қазіргідей сіздер үшін әрқашан да ашық
болмақ.
Сау болыңыздар
Хор(ән)