Тақырыбы:Асық
ойыны
Зерттеу
мақсаты:
Асық ойынының тарихымен
оқушыларды таныстыру, зерттеу арқылы салт—дәстүрін дәріптеуге
баулып, белсенділікке, тапқырлыққа, көрегендікке және күштілікке
тәрбиелеу.
Зерттеу
міндеттері:
-
Асық ойының ерекшелігіне,
асықтың құрылысына талдау жасау.
-
Асық ойынының пайдасын және
маңызын зерттеу.
Зерттеу
болжамдары:
Егер асық ойынын ең болмаса
аптасына 1 рет қолдансам, онда менің ойымша Қазақстанда науқас
адамдардың саны мейілінше азая түсетін
еді.
Зерттеу
жаңалығы:
Қазақтың ұлттық асық ойынының
жасөспірімнің дене дамуына әсері және баланы
ептілікке,ұтқырлыққа,мергендік пен логикалық ойлау қабілетінің
дамуына ықпалын насихаттау.
Зерттеу
әдістері:
Зерттеу
кезеңдері:
1 кезең – зерттеу жұмысының
жоспары мен құрылымы, міндеттері, әдістемелері , ғылыми болжамы
анықталды . 2 кезең – деректі материалдарды жинақтау . 3 кезең –
қазіргі кездегі өмірде қолданудың маңыздылығын зерттеу. 4 кезең –
жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін
қорытындылау.
Жоспары:
І.
Кіріспе
ІІ. Теориялық
бөлім
II.1.Асық туралы мәлімет
.
II.2.Асық ойының
түрлері
II.3.Асық ойнаған, азар, доп
ойнаған тозар
II.4.Асық
ату
II.5.Асықтың
жасалуы
ІІІ. Тәжірибелік
бөлім
III.1. Асық ойынының
жасөспірім денсаулығына пайдасы
III.2.Асық ойнай білесің бе?
(сауалнама)
ІV.
Қорытынды
Ұсыныс
Пайдаланған
әдебиеттер.
Қосымша
Асық
ойыны — қазақ халқының дәстүрлі
ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.
Күндізгісі – мергендікке, түнгісі –ептілікке баулиды.
Иіргенде түскен қалпына қарай асық
– алшы, тәйке, бүк,
шік деп, ал атуға арнап
арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары
– оңқай аталады.
Асық ойынының мынадай түрлері
бар: құмар,тәйке,омпы, алшы,
хан (хан
ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады.
Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек.
Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да
кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер
иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт
алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің
жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені
түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса
береді.
Асықты мұртынан не жамбасынан
тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде,
тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны
неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты
өтеді.
Мақсат – көп асық ұтып алу.
Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің
тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген
асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар
кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық
ұтып алуға кіріседі.
Егер
атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол
алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе,
сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.
Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері
бар.
Асық туралы мәлімет
.
Асық – төрт түлік
мал мен қоңыр аңдар
тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр
сүйек. Қой, ешкі, сиыр,түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір
пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінд болады.
Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық
ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл
атқарады.

Асық ойнап жатқан балалар
анимациялық бейнесі
-
Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен,
межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар
сақаны солақай асықтан ұстайды.