Білім
беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене
шынықтыру
Тақырыбы: «Салауат- денсаулық
кепілі»
Тобы
: «Ботақан» ересек тобы
Денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» сауықтыру
–шынықтыру мерекесі.
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың
денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке
тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне
ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау,
бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру
сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі
сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі - түсті
жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа
байланысты мақал - мәтелдер, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін
көрсететін сандар.
Музыка ойналып, қыздар ортаға әртүрлі қимылдар жасап, билеп
шығады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және
спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін «Айгөлек» балабақшасында
тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен
«Денсаулық»мерекесіне орай дене тәрбиесі жетекшісінің
ұйымдастыруымен ІІ кіші топ арасында мерекелік сауықтыру іс -
шарасын өткізгелі отырмыз.
Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау,
нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды
әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы
мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің
қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»
атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат
етіңіздер.
Марш ойналып, балалар төрт қатарға бөлініп залға кіреді.
А) Доппен би орындалады;
Ендеше біз алдымен қазылар
алқасымен танысайық:
«Айгөлек» балабақшасының
меңгерүшісі: Сейполдаева Г. Д
Әдіскер: Шаримбаева Э.Ш
Бүгінгі қатысушы екі топты ортаға шақырады.
1. «Намыс» тобы оң иықпен оңға бұрыл
2. «Жігер» тобы сол иықпен солға
бұрыл
Гимн айтылады.
Екі команданың сәлемдесуі
1. Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
«Намыс» тобынан «Жігер» тобына жалынды сәлем!
2. Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
«Жігер» тобынан «Намыс» тобына жалынды сәлем!
Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Жалаушаны алып, межені айнала жүгіріп келу
3. Төрт аяқтап жүгіру (екі аяқ, екі қолмен)
4. Балық аулап, себетке тасу
6. Түрлі - түсті шарлардың ішінен екі команда көк және сары түсті
шарларды теріп алып келу.
9. Ойын «Орныңды тап»
Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін би биленеді.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау және сыйлықтар
тапсырады.
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері!
Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды.
Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз!
Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің
құтты болсын!