Блумның
таксономиясы – бұл білім саласын алғашқы
зерттеушілердің бірі.Таксономия авторы Бенжамин Блумның атымен
аталатын ойлауды оқыту саласындағы дәстүрлі зерттеу.Оның қырық жыл
бойына жасаған педагогикалық зерттеу,сабақ процесін құру мен
оқудағы қарым-қатынас сияқты түрлі салаларда зерттеу жүргізудің
негізгі нысанына айналуы таксономияның сабақта талдау жүргізу,
оқыту мен үйретудің құралы ретіндегі құнын дәлелдей түседі.Блумның
сұрақ қою өлшемі қрапайымнан күрделіге бағытталған алты сатыдан
тұрады.
Білім.
Білім-бұл мәліметті еске түсіру арқылы немесе
түсініп білу арқылы еске сақтауды түсіндіретін категория.Білім
деңгейіндегі сұрақ оқушылардан мәліметті алмастыру мен өзгерту
талап еілмейді.Олардың бар істейтіндері – мәліметті қабылданған
күйінде есте сақтау.Білім деңгейіндегі әрекеттер
төмендегідей:
1.Ерекше фактілер мен шамалы
көлемдегі мәліметтерді еске түсіру.(Қазақстанның президенті
кім?)
2.Терминдер мен анықтамаларды еске түсіру.(Зат
есім дегеніміз не?)
3.Қолдану ережелері мен принциптерін еске
түсіру.(Сұрақты сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Т.б.)
Түсінік
Түсінік
деңгейіндегі сұрақ оқушының (студенттің) неғұрлым белсенді болуын
талап етеді.Түсінік деңгейіндегі сұраққа жауап беру үшін оқушылар
мәліметті тек еске түсіріп қана қоймайтындай етіп құру керек.Бұл
категория түсініктің ең жоғары деңгейіне жетудің негізгі жолы болып
табылады.
Түсінік
сұрақтарының түрлері:
Интерпретация.
1.Неміс
тілі мен француз тіліндегі сөйлем құрылысын
салыстырыңыз?
2.Кәсіптік пен университет
деңгейінде ойналған баскетбол ережелерінің арасында қандай
айырмашылық бар?
Аударма.
3.Мазмұнын өз сөзіңізбен айтып
беріңіз?
4.Лабораториялық зерттеулеріңіздің қорытындысын
кесте түрінде жазып, қысқаша мазмұнын беріңіз?
3.Әңгіменің сюжетін құрыңыз.
Мысалдар. Ойды дұрыс түсінгендікті
көрсетудің ең жақсы тәсәләнәң бірі – мысал
келтіру.
1.Квадрат теңдеуге мысал
келтір.
2.Ертеңгі сабаққа екінші буынға екпін түсіретін
қос ырғақты өлең табыңыз?
Қолдану.
Қолданыс категориясы мәліметті
мәселені шешуге қолдана білуді түсіндіреді.Оқушы алынып отырған
тәсілді қалай қолдану керектігін білуі керек.Мысалы,тағам дайындау
барысында оқушылар бұқтыру мен қуыру сөздерінің анықтамаларын
білгенімен (білім деңгейі),сол тағамдарды көргенде оның қуырылғанын
немесе бұқтырылғанын ажырата алмайды.(түсінік деңгейі).Тағамды
дайындау тапсырмасы берілгенде,оқушы оны тек арнайы ереже бойынша
дайындап қоймай,оларды қажетті нәтижеге жету үшін дұрыс қолдануы
керек.
Анализ.
Анализ
деңгейіндегі сұрақтың
ерекшелігі – оқушы ойланып,түрлі талдаулар жүргізіп,сол сұрақтың
қаншалықты қисынды екенін шешуі керек.
Синтез.
Бұл категория шығармашылық
процесте негізгі роль атқарады.Өзінің анықтамасында синтез жеке
тәжірибе негізінде ерекше бір нәрсенә ойлап табуды
білдіреді.Алғашқы жағдайда эссе,өлең,шешендік сөз бен өнердің
ерекше формасы сияқты қарым-қатынас формасы нәтиже ретінде
танылады.
Бағалау.
Бағалау
деңгейіндегі сұрақтар талдау жасап қана қщймай,оған деген өз
ойларын айтуларын талап етеді.Бағалау процесі субьективті бола
тұрса да,оқушылар өлшемді өзі таңдап алуы керек.Бұл жағдайда оқушы
критикалық ойлауды талап ететін өмір жағдайына дайын
болады.
Бағалау
процесі екі бөлімнен тұрады:
1.Оқушы
ойға негізделіп тұрған критерийді анықтай алуы
керек.
2.Таңдалып алынған критерийді
қолдана отырып, оқушы өз бағасын бере білуі
керек.
Мысал
сұрақтар:
1.Құнанбайдай қатал әке болу қажет
пе?
2.Колумбының Американы ашқаны дұрыс болды ма?
Т.б.
Бағалау
деңгейіндегі сұрақтар арқылы оқушыларды өмірге дайындайтын
басқалардың пікірімен санасуға үйретуге болады.Сондай-ақ «Сіз үшін
қайсысы маңызды/жақсы/жаман ?»
деген
сұрақ қою арқылы өз пікірлерінде қалуларына
үйретесіз.