Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Ашық сабақ
Материал туралы қысқаша түсінік
Еңсес
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН
МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
IREX Europe ұйымының Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан
елдеріндегі жобалары шеңберінде дайындалған
Құрастырушы автор – Сергей Штурхецкий
Қазақ тіліне аударған: Сәния Әбдіғапар
Кіріспе
Медиасауаттылық тақырыбына арналған оқу құралы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан
және Өзбекстанда тепе-теңдік, плюрализм мен
медиасауаттылықты арттыруға арналған жобаның
нәтижесінде дайындалды. Жобаны IREX Europe
және Albany Associates ұйымдары жүзеге асырады.
Нұсқаулық Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі
мен Ұлыбританияның Қырғызстандағы елшілігінің
техникалық қолдауымен дайындалды. Нұсқаулық
материалдары елшіліктің ресми көзқарасын білдірмейді.
Жобаның мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан халқының
жалған ақпаратты бірден аңғару дағдысын шыңдау,
саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беру және демократиялық қоғамдағы БАҚ-ң жауапкершілігі мен
рөлін түсінуіне жәрдемдесу.
IREX Europe жобаның медиасауаттылық жағына
жауап береді. Ол Медианы қолдау Қоры (Бішкек),
ЮНЕСКО, MediaNet Халықаралық журналистика
орталығы (Алматы) секілді жергілікті ұйымдармен
және Қырғызстан, Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен, сонымен қатар аталған екі елдегі кітапханалар қауымдастықтарымен бірлесе жұмыс жасайды. Бағдарлама Қазақстан мен Қырғызстанда жүзеге
асырылып жатқан медиасауаттылыққа арналған пилоттық жобаға негізделіп жасалды. Оның мақсаты –
медиасауаттылық бойынша оқу құралы мен осы пән
бойынша оқу бағдарламасын дайындау. Бағдарлама
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыни ойлауды
қалыптастыруға көмектесетін медиаса-уаттылықты
насихаттау мақсатында мектеп мұғалімдері, жоғары
оқу орындарының оқытушылары, кітапханашылар
мен медиа ұйымдардың қызметкерлері арасынан
инструкторларды дайындауды көздейді.
IREX Europe – білім беру сапасын арттыруға, БАҚ еркіндігін нығайтуға, плюралисттік азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесуге арналған инновациялық
бағдарламаларды ұсынатын үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым. Әлеуетті өрістетуді арттыру саласын жетілдіру, тұрақты институттарды қалыптастыру және оқу, білім беру, зерттеу салаларында
серіктестіктер орнату және грант бағдарламаларына бастамашылық ету арқылы өзгерістер жасауға
ықпал ету бойынша жергілікті ұйымдар мен серіктестермен бірлесе жұмыс істейді.
Азаматтардың ақпаратқа талдау жасау дағдыларын
жетілдірсек, олар өз беттерінше өздері тұтынатын
ақпарат көздерінің сенімділігін саралай алатын болады және шынайы ақпаратқа сұранысты қалыптастыра алады. Сонымен қатар, насихат пен манипуляцияға қарсы тұруға қауқарлы болады. Алдарыңыздағы
оқу құралына жүктелген негізгі міндеттердің бірі
осы болса керек.
© IREX Europe, 2018
3
Оқу құралын қалай қолданамыз?
Нұсқаулық үш тараудан тұрады. Оқытушылар жұмыс
барысында нұсқаулықтың кез келген бөлігін пайдалана алулары үшін конструктор принципімен құрастырылған. Нұсқаулықтың әр бөлімі өзінше жеке
дара. Мысалы, кез келген модульды, тарауды немесе тақырыпты алуға болады. Сондай-ақ, оқытушылар өздеріне ыңғайлы ретпен де пайдалана алады.
Бірінші тарауда лекция және пікірталас форматында өтетін семинар сабақтарға арналған мәліметтер
топтастырылған. Сабақтар тренинг форматында өткізілсе, тренерге қысқаша-лекция ретінде көмекші
құрал бола алады. Екінші тарауда жаттығу жұмыстары берілген. Үшінші тарау анықтамалық және әдістемелік мәліметтерден тұрады.
Құрастырушы автор- Сергей Штурхецкий, медиа-сарапшы (Украина)
5
МАЗМҰНЫ
Кіріспенің орнына............................................................................................................................................ 8
ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ТӘЖІРБИЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ...................................................................................................10
БІРІНШІ ТАРАУ. Концепт
МЕДИАСАРАПТАМА
1-модуль. Негізгі түсініктер
1-бөлім. Медиасауаттылық
Медиалық және ақпараттық сауаттылық (МАС)............................................................................................16
Демократиялық дискурс және медиа .............................................................................................................18
МАС құзіреті (ЮНЕСКО жүйесі бойынша)....................................................................................................... 20
2-бөлім. Болашақ тенденциялар
Пост-шындық дәуірі және БАҚ ......................................................................................................................... 23
Жаңа медиа, жаңа форматтар........................................................................................................................... 25
Конвергенция және медиа бизнестің трендтері .......................................................................................... 30
2-модуль. Ақпараттық қауіпсіздік
3-бөлім. Өшпенділік тілі және БАҚ-тағы кемсітушілік
Ақпараттық соғыстар, кемсітушілік ................................................................................................................ 34
Өшпенділік тілінің технологиясы, стереотиптер.......................................................................................... 37
БАҚ-та алауыздық тудырудың маркерлері ................................................................................................... 38
4-бөлім. Медиа- гигиена
Ақпараттық шақыртулар мен қауіп-қатер (теория)...................................................................................... 40
Жеке және қоғамдық медиа-гигиена.............................................................................................................. 42
Ақпараттық қауіпсіздік қағидалары ................................................................................................................42
МЕДИАТҰТЫНУ
3-модуль. Ақпарат беру және насихат
5-бөлім. Ақпарат алаңы
Ақпарат алаңы, ақпарат көздері ...................................................................................................................... 46
Сыни ойлау............................................................................................................................................................ 48
Ақпарат беру және насихат ............................................................................................................................... 51
6-бөлім. Насихат
Насихат түрлері: PR, жарнама, идеология ..................................................................................................... 54
Насихаттың механизмдері ................................................................................................................................ 55
Мемлекеттік насихат .......................................................................................................................................... 56
4-модуль. Сапаны бақылау
7-бөлім. Жаңалық дайындау
Жаңалық және оның сипаттамалары ............................................................................................................. 57
Авторлық жанрлар: редакциялық мақалалар, бағандар............................................................................ 58
Ақпараттық жанрлар: сұхбат, репортаж ......................................................................................................... 59
8-бөлім. Журналистика стандарттары
Ақпарат стандарттары........................................................................................................................................ 62
Журналистикағы өзін-өзі реттеу ...................................................................................................................... 65
Ақпарат сапасын бағалау әдістері .................................................................................................................... 66
МЕДИАӨНДІРІС
5-модуль. Жаңалықтар фабрикасы
9-бөлім. Жаңалықтарды іріктеу
Жаңалықтарды таңдайтын технология: бақылау, аудитория.................................................................... 70
Күн тәртібі теориясы............................................................................................................................................ 74
Фейк: жалған ақпаратты кім және не себепті шығарады? .......................................................................... 76
10-бөлім. Жаңалықтардың берілуі
Жаңалықты қабылдау деңгейлері................................................................................................................... 80
Тақырып, жаңалықтарды безендіру ережелері ........................................................................................... 82
Медиа-бизнес ...................................................................................................................................................... 83
6-модуль. Контенттің жасалуы
11-бөлім. Фото және видео журналистика
Фото және видеоның мағынасы мен әсері....................................................................................................... 84
Фото және фотошоп, видео және видеоредакторлар ................................................................................. 85
Сурет пен видеоматериалдарды пайдалану ережелері ............................................................................. 87
12-бөлім. Әлеуметтік медиа
Әлеуметтік желі қағидалары ............................................................................................................................ 90
Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуы ................................................................................... 90
Желідегі этикалық ережелер ........................................................................................................................... 91
ЕКІНШІ ТАРАУ. Практикум
Практикалық тапсырмалар............................................................................................................................................ 102
ҮШІНШІ ТАРАУ. Ресурстар
Сөздік.................................................................................................................................................................................. 126
Әдебиеттер........................................................................................................................................................................ 130
Интернеттен алынған дереккөздер..............................................................................................................................130
Ұйымдар............................................................................................................................................................................. 132
Анықтамалық материалдар .......................................................................................................................................... 133
«Медиасауаттылық» курсының оқу бағдарламасы (жоба)......................................................................................147
Кіріспе орнына
КЕЙБІР ОЙЛАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРГЕ КЕҢЕСТЕР
29 тамыз 2017
Біз, ғалымдар мен оқытушылар, шәкірттерімізбен өз ойларымызбен бөлісіп, оларға ақыл-кеңестерімізді айтқанды ұнатамыз. Солардың арасында
«Өз беттеріңше ойланыңдар!» деген жиі айтылады.
Бұл қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бәлкім, сіз
жоғары сыныптардың өзінде мұнымен кездескен
де шығарсыз, өз бетінше ойлану – оңай жұмыс емес.
Ол әрдайым өзіндік тәртіпті талап етеді, ал қазіргі
уақытта батылдық та қажет.
Әсіресе, өзіңнің жеке көзқарасыңды қоршаған ортаның көзқарасымен үндесетіндей етіп қалыптастыруға ұмтылатын қазіргі уақытта өзекті бола түсті.
Конформизм, бір сарынды ойлау, басқаша айтқанда
шаблонды ойлай, «иілу» - бұлардың барлығы студентерге ғана емес, оқытушылар үшін де қауіпті.
Жоғары оқу орындарының көбінде Джон Стюарт
Милль атаған «қоғамдық пікірді жаншу» әрекеті студенттердің мораль, саяси және өзге де мәселелер
төңірегінде қалыптасып қалған үстем көзқарастарды талқылауға деген ниеттерін қашырады.
Соның нәтижесінде, үстем көзқарастар қоғамда
дұрыс, яғни солай болуы тиіс деп қабылданады.
Оған тек «ақымақ адам» ғана күмән келтіре алады.
өзгелер оның рас екенін жүз жерден айтса да күмәнмен қарау керек.
Бұл – елдің барлығының ойына сүйене отырып емес,
мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеп, мәселенің
барлық жағындағы дәлел-дәйектерге адал бағасын
бергеннен кейін ғана, неге сеніп, неге сенбеу керектігін анықтау.
Ақиқатқа жетуге деген ұмтылыс сіздің өз бетіңізше ойлауыңызға түрткі болуы керек. Жоғары білім
алудың түпкі ойы – ақиқатқа жету және өмір бойы
ақиқатты іздегенде адамға көмек беретін дағдылар
мен қасиеттерді бойға жинау.
Көзқарастардың ашықтығы, сыни ойлау және пікірталастар ақиқатқа жетуге жол көрсете алады. Сонымен қатар, біздің таяз ойлауымызға жол бермейді (bigotry).Мерриам-Уэбстер сөздігінде «bigot»
ұғымына «өзінің жеке көзқарастары мен түсініктеріне бар ынтасымен берілген адам» деген анықтама
берілген.
Ашық зерттеулерден, сыннан, терең конструктивті
пікірталастардан қорқататын адамдарды таяз ойлайтын адамдар деп айтуға болады.
Олай жасамаңыз. Сіз өз бетіңізше ойлаңыз.
Сондықтан, қоғамдық пікірдің жаншылуына жол
бермеңіз. Жабық ортада қамалып қалмаңыз. Нақты
бір пікірді құптағанда да, бір ойдан бас тартқанда да,
дәйектемелерге жан-жақты баға бергеннен кейін
жасалған шешімнің нәтижесінде қабылдағаныңызға
көз жеткізіңіз.
Бұл қоғамда үстемдік орнатып тұрған идеялардың
ақиқаттығына шүбә келтіру дегенді білдіреді. Тіпті,
Өз бетіңізше ойланыңыз.
Оқуыңызда табыстарға жетуіңізге тілектеспіз!
Ешкімнің де «ақымақ» атанғысы келмейді, әрине.
Сондықтан да, қоғамда қалыптасып кеткен көзқарастар мен дәстүрлерге бойсұну тиімді болып тұр.
8
1. Paul Bloom, Brooks and Suzanne Ragen Professor of Psychology, Yale University
2. Elizabeth Bogan, Senior Lecturer in Economics, Princeton University
3. Nicholas Christakis, Sol Goldman Family Professor of Social and Natural Science, Yale University
4. Carlos Eire, T. Lawrason Riggs Professor of History and Religious Studies, Yale University
5. Maria E. Garlock, Professor of Civil and Environmental Engineering and Co-Director of the Program in Architecture
and Engineering, Princeton University
6. David Gelernter, Professor of Computer Science, Yale University
23 адам қол қойған
Түпнұсқа (ағылшын тілінде) - Some Thoughts and Advice for Our Students and All Students
https://jmp.princeton.edu/announcements/some-thoughts-and-advice-our-students-and-all-students
9
Оқытудың үздік тәжірбиелері
жайлы бірер сөз
Медиасауаттылық, нақтырақ айтсақ медиалық және
ақпараттық сауаттылық (МАС), қазіргі уақытта трендтегі пәннен ең қажетті, ең өзекті пәнге айналып отыр.
Енді бұл пәнді әртүрлі аудиторияларда (мектептерден бастап университет кафедралары мен корпорациялардың штаб-пәтерлеріне дейін) оқытудың
қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, осы пәннен
сабақ бере алатын оқытушыларға да үлкен жауапкершілік артылғалы отыр. Осыдан МАС оқытушылары дегендер кімдер?; Оларды қайдан аламыз?; Бұл
мамандарды қай жоғары оқу орындары дайындайды? Деген бірнеше сұрақтар туындап отыр.
Қысқаша жауап беріп көрейік. МАС оқытушысымен
танысу үшін, ең алдымен, айнаға қараңыз... Кешіріңіз,
дәл қазір қасыңызда немесе қолыңызда айна болмауы да мүмкін. Онда смартфон немесе планшетіңіздің
камерасын «селфи» режиміне қосып қараңыз. Кімді
көрдіңіз? Бұл – ақылды екені көздерінен көрініп
тұрған жарқын адам... Таныдыңыз ба? Әрине, сіз туралы айтып жатырмыз.
Бір жылда жиналатын ақпарат көлемі әлем тарихында осы уақытқа дейін қатталған ақпарат
көлемімен бірдей уақытта, тарихи уақыт гаджеттердің жаңа серияларының арасы қас-қағым сәтке
дейін қысқарған уақытта университетте төрт жыл
оқып келетін маманның көмегін күтіп отырғанымыз
дұрыс болмайды.
Сондықтан да, бұл мәселені шұғыл шешуіміз керек.
Былайша айтқанда, кемені жүзіп бара жатып соққанымыз абзал. Көп адамдар телефонын бір минутқа,
теледидарды бір күнге болсын өшіре алмайды.
Алайда, бізді қоршап тұрған ақпараттық қоғамды
түсіну үшін әрекетке көшуіміз керек. Сол себепті, бұл
істі кейінге қалдыра бермей, медиалық және ақпараттық сауаттылықты оқыту жолдарын үйретуді бүгіннен бастауды жөн көріп отырмыз.
Шындығына келсек, біздің қоғамға қауіп те, қатер де
төніп тұр. Біз ақпаратқа лық толған әлемде адамдарға
жол сілтейтін мықты тренерлердің көмегіне зәруміз.
Бұл мықты тренер деп біз кімдерді айтып тұрмыз?
Әрине, бар ғұмырын шәкірттерін оқытуға арнаған
адамдардан басқа кімдер болуы мүмкін? Енді педагогтарға тағы да бір міндет жүктелгелі тұр. Біздің болашағымыз халықтың медиа сауаттылық деңгейіне
10
де байланысты емес пе? МАС құзіретін иемденген
адамдар ғана сенімді ақпарат көздерінен іріктеліп
алынған шынайы ақпарат негізінде саналы шешім
шығара алады.
1928 жылы Зигмунд Фрейдтің жиені, «пиардың атасы» Эдвард Бернейнс өзінің «Насихат» атты кітабында: «...Жалпы сауаттылық деген адамға сана берген
жоқ, жарнама ұрандарының, бас мақалалардың,
жарияланған ғылыми деректердің, сағыздың, сары
парақтар мен мезі болған тарихи деректердің, яғни
ойлаудың сонылығынан басқа не болса соның бояуы
жағылған штамптардың жиынтығын берді» деп жазыпты. Қазіргі заманда бұл пікір өзектілігін жоймады
ғой? Солай емес пе?
Шынымен де, қазіргі заманда адамның оқи
алуы мен жаза алуы оның сауаттылығына
дәлел бола алмайды. Кім болсын ақпаратпен
жұмыс істей алуы керек. Бұл инженер үшін де,
фермер үшін де, саясаткер үшін де, дәрігер
үшін де бірдей қажет.
Сондықтан, МАС пен сыни ойлаудың элементтерін
әртүрлі пәндер мен мамандықтардың оқу бағдарламаларына енгізу керек. МАС – интегралды пән, мұнда бір ғана университеттік курспен шектеліп қала
алмайсың. Себебі, бір жылдан соң дәріс материалдары жарамсыз болып қалады. Осындай әдістемелік
сұрақтың қандай шешімі бар?
Университет оқытушыларына, мектеп және өзге оқу
орындарының ұстаздарына мынандай әрекеттер
ретін ұсынып көрейік. Ең алдымен, өз бетінше (топпен және тренердің бағыт беруімен болса тіпті жақсы) ұсынылып отырған оқу курсына қатысу.
Осыдан кейін аудиторияның сұранысы мен мүмкіндіктеріне сәйкес (иә, университеттердің барлығының заман талаптарына дер кезінде ілесіп, оқу
бағдарламасына жаңа пәндерді қосуға мүмкіндігі
жоқ), ары қарай не істеу керектігін анықтаймыз. Сабақтарды біріктіреміз бе, әлде жеке курс бағдарламасын дайындаймыз ба, ол жағын кейінірек шеше
жатармыз.
Егер сабақ бағдарламаларын жаңартатын болсақ,
онда кейбір практикалық тапсырмаларды, интерактивті ойындарды, мысалдарды және негізгі
ұғымдардың сөздігін негізге алғанымыз ыңғайлы болады. Семинар сабақтардың аясын кеңейтуге болады, студенттерге (оқушыларға) МАС саласы бойынша реферат дайындауды (дайындықтары жақсы аудиторияға эссе жазуды) тапсыруға болады.
Гуманитарлық пәндердің оқытушыларына (мұғалімдеріне) қиын болмауы керек. Егер бұқаралық коммуникация немесе журналистиканы оқыту туралы
айтсақ, ұсынылған модульдерді (әрине, сіздер жетілдірген нұсқасын) толық алуға болады. Техникалық
және қолданбалы пәндер де еш қиындық тудырмайды. Себебі сыни ойлау мен деректерді дәл іріктеу
дағдыларынсыз нақты ғылымдарды елестету мүмкін емес. Ең ғұлама биолог та, ең талантты физик те
өзінің ойларын мәтін арқылы білдіре алуы керек.
Сонымен қатар, сұхбат беріп,әлеуметтік желілер
арқылы өз саласын көпшілікке таратуы керек. Бұл
заманда ешкім білмейтін ешкімге қызық емес мәселені зерттеп жүрген ешкім танымайтын ғалымға кім
грант бөліп, демеушілік жасайды?
Егер де жеке пән дайындалатын болса, шығармашылық тәсіл қажет болады. Үлгі ретінде 108 сағаттан тұратын (ECTS жүйесі бойынша 3 оқу кредиті) оқу
бағдарламасы ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаны
өзіндік жұмыстар (жеке орындалатын жобалар, курстық жұмыстар, эссе, рефераттар, әдебиетпен жұмыс) қосу арқылы кеңейтуге болады немесе кейбір
бөлімдерді алып тастап қысқартуға болады.
Нұсқаулық үш тараудан тұрады. Оқытушылар
жұмыс барысында нұсқаулықтың кез келген
бөлігін пайдалана алулары үшін конструктор
принципімен құрастырылған. Нұсқаулықтың
әр бөлімі өзінше жеке дара. Мысалы, кез келген бөлімді, тарауды немесе тақырыпты алуға
болады. Сондай-ақ, оқытушылар өздеріне
ыңғайлы ретпен де пайдаланса болады.
Оқу құралының құрылымы мынандай:
Бірінші тарау лекциялардың нобайларынан (мәтіндер толық емес, бәрібір олар ертеңгі күні ескіріп қалады емес пе?), практикалық тапсырмалардың тақырыптарынан, бақылау сұрақтары мен пікірталасқа
арналған тақырыптардан тұрады.
Екінші тарау – практикум. Мұнда практикалық тапсырмаларға толықтай сипаттамалар берілген.
Үшінші тарау – ресурстар мен ақпараттық мәліметтер.
Кітаптың ең ауқымды, ең мазмұнды бірінші тараушасына тоқталсақ, ол екі модульден тұратын үш
бөлікке бөлінген. Әр модуль де екі бөлімнен тұрады. Әр бөлімде үш тақырыптан бар. Былай қарағанда, бұл бір тақырыптың айналасына топтасқан үш
әртүрлі тақырыптан тұрады. Бірінші тарауша шартты түрде «Медиасараптама» деп аталды, ол пәнге
кіріспеден және негізгі ұғымдарға түсініктермен толықтырылған. Бұл магистрлерге МАС-ты терең зерттегенде пайдалы болуы мүмкін. Алайда, студенттер
(оқушылар) қауымына да қызықты болуы үшін материал көпшілікке түсінікті формада берілген.
Екінші тарауша «Медиатұтыну» деп аталады. Оны
пәннің негізгі тарауы десек те болады. Тақырыпқа
қызығушылық танытқан барлық оқырманға арналады. «Медиаөндіріс» деп аталған үшінші тарауша,
ең алдымен, медиа-контент жасаумен айналысатын мамандарға пайдалы. Бұл – журналистерге
ғана емес, ақпараттық ортаның әр мүшесіне керек
дүние. Демек, үшінші тарау да көпшілікке арналып
жазылған.
Сіз бұл материалдардың арасынан өзіңізге керектісін ғана іріктеп алып, «өзіңіздің» оқу курсыңызды
жасай аласыз. Оқулықта берілген тапсырмаларды да
аймаққа қатысты кейстерге лайықтап өзгертуге болады. Яғни нұсқаулықты өзіңізге пайдалы, ыңғайлы
тәсілмен қолдана бересіз. Нұсқаулықтың міндеті –
оқытушылардың пәнді шығармашылық тұрғыда
ұғынуларына түрткі болу, сабақтардың реті мен
құрылымын, практикалық жаттығулардың логикасын көрсету.
Мұғалім жұмысының оқу бағдарламасын құрастырғаннан кейінгі тағы да бір маңызды кезеңі – материалды аудиторияға жеткізу. Материалды жақсы меңгеру үшін ең қолайлы әрі тексерілген әдіс – интерактивті тренингтік формада жұмыс істеу.
Заманауи ғылым мен медиа-коммуникациялардың
көз ілеспес жылдамдықпен дамуы туралы айтқанда
сабақ берудің дәстүрлі формасымен шектеліп қалу
дұрыс емес. Бірақ университеттегі ережелер бұған
мүмкіндік бере қоймас, 100-200 студентті қатар оқыту керек. Ережелер курсты лекция және семинар
сабақтарға (практикалық/лабораториялық) бөлуді
талап етеді. Ал оқу кестесінде үлкен аудиториялар
дәріс оқуға, ал кіші аудиториялар практикалық сабақтар өткізуге бөлінеді. Жылдамдығы жақсы интернет, флипчарт және тренингті сапалы өткізуге
қажетті құрал-саймандар да әрдайым бола бермейді. Алайда, кез келген мәселенің шешімі бар екенін
естеріңізге салғымыз келеді.
11
Мәселен, киноға топпен баруды кино-сауаттылықты
практикада зерттеу, ал газет оқуды БАҚ-қа талдау
жасау әдістеріне арналған семинар деп пайдалануға
болады. Әрине, мұны тура мағынасында қабылдаудың қажеті жоқ. Жағдайға байланысты әрекет етіңіз.
Мұндай жаңа әрі «батыл» пәнді оқыту заманауи әдістемелік арсеналсыз жүзеге аспайды. Оның кейбірін
еске түсірейік.
Біріншіден, бұл топтық жұмыс. МАС күнделікті жаңарып және жаңғырып отыратын сала болғандықтан,
әрдайым талдауды талап етеді. Одан бөлек МАС
тәжірбиеде жүзеге асуды және қандай да бір гипотезаларды тексеруді қажет етеді.
МАС-ң
практикалық
бағыттылығынан
жобалық-бағдарлы секілді әдістемелік әдіс-тәсіл шығады. Ол сабақ барысында жоба (жеке немесе топтық)
дайындауды көздейді. МАС-ты тәжірбиеде қолданудың нәтижесінде жаңалықтар сайтынан бастап
видео-ролик немесе әлеуметтік жарнамаға дейінгі
өнімдерді жасауға болады.
Халықаралық сарапшылар МАС-ты оқытуға
арналған тәсілдердің егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынады. Ол әдістер: «тақырып бойынша іздеу»,
проблемалық-бағдарлы оқыту,
ғылыми жұмыстар, нақты бір жағдайды талдау(кейс-стади), корпоративті оқыту, мәтінге
талдау, көрсетілімдерге контекстік талдау,
имитация, ақпараттық және медиа өнімдерді
дайындау.
12
Тағы да бір кәсіби шыңды бағындыруға сәттілік
тілеместен бұрын, педагогикалық қауымдастық
өкілдерін белсенді диалог орнатуға шақырғымыз
келеді. Сіздердің алғашқы жетістіктеріңіз пен олжаларыңыз (қазіргі тілмен айтқанда лайф-хак) жайлы
да білгіміз келеді. Жұмыс барысында қиындықтар
туындауы да мүмкін. Ойыңдағыңыздың барлығын
авторға shturkhetskyy@gmail.com электронды поштасына жолдаңыз.
Құрастырушы-автор нұсқаулықты дайындауға және
редакциялауға қатысқандардың барлығына, әсіресе
IREX Europe жобасына, шексіз алғысын білдіреді.
Әттең, парақ саны шектеулі, ал біздің айтарымыз
шексіз...
Жоба ұйымдастырушыларына және 2017 жылы Бішкек пен Алматы қалаларында AUCA және KIMEP заманауи ғылыми-білім беру орталықтары базасында
оқытушыларға арналып өткізілген тренинг қатысушыларына ерекше ықыласымды білдіремін. Тренинг кезінде әріптестерім баға жетпес ақыл-кеңестерін айтпағанда, бұл нұсқаулық жазылар ма еді, жазылмас па еді?! Алайда, ең мықты кітап – әлі жазылмаған кітап демекші, бізді алда көптеген жұмыстар
күтіп тұр!
Сергей Штурхецкий
БІРІНШІ ТАРАУ
КОНЦЕПТ
МЕДИАСАРАПТАМА
1-модуль.Негізгі түсініктер
1-бөлім. Медиасауаттылық
2-бөлім. Болашақ тенденциялары
2-модуль.Ақпараттық қауіпсіздік

4-бөлім. Медиа-гигиена
1-модуль. Негізгі түсініктер
1-бөлім. Медиасауаттылық
1.1.Медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС)
1.2.Демократиялық дискурс және медиа
1.3.МАС құзіреті (ЮНЕСКО жүйесі бойынша)
2-бөлім. Болашақ тенденциялары
2.1.Пост-шындық дәуірі мен БАҚ
2.2.Жаңа медиа, жаңа форматтар
2.3.Конвергенция мен медиа-бизнестегі трендтер
1-бөлім. Медиасауаттылық
1.1. Медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС)
1.2. Демократиялық дискурс және медиа
1.3. МАС құзіреті (ЮНЕСКО жүйесі бойынша)

Қандай да бір ұғымның мән-мағынасының ауқымы төңірегіндегі әңгіме жылдың жақсы маусымын
таңдаумен бірдей. Қайсын таңдайсың – жаз ба, әлде
қыс па? Қалай десек те, бұл ұғымның тамыры тұтас
бір ғылыми жұмысқа жақсы тақырып болары анық.
Сондықтан ғалымдардың медиалық не ақпараттық
саланың ауқымы туралы дауына араласпаймыз. Сауаттылық медиалық болуы керек пе, әлде ақпараттық па? Біз осы екі ұғымды біріктіретін, медиалық
та, ақпараттық та сауаттылық сыятын кең таралған
тәсілге жүгінеміз (МАС). Сондай-ақ «ақпараттық сауаттылық ақпаратқа қолжетімділіктің, бағасы мен
16
пайдалану этикасының маңыздылығын айрықша
көрсетеді. Ал медиалық сауаттылық медианың
функцияларын түсіну қабілетіне, осы функцияларды орындау сапасын бағалауға және өз ойын білдіру
мақсатында медиамен рационалды қарым-қатынасқа түсуге мән береді» (1-бет. 14).
Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар «медиа білім
беру» терминін жиі қолданып жүр (МББ) және бұл
ұғым медиалық та, ақпараттық та сауаттылықты білдіреді.
1.1. Жаттығу. Әр түрлі және ортақты іздейміз
Құрамы бойынша МАС мақсаты
Ақпараттық сауаттылық:
•
•
•
•
•
•
•
•
aқпараттық қажеттіліктерді анықтау және тұжырымдау;
aқпаратты табу және қол жеткізу;
aқпаратты бағалау;
aқпаратты жүйеге салу;
aқпаратты этикалық нормаларды сақтай отырып пайдалану;
aқпаратты әр түрлі платформада трансформациялау;
aқпаратты жіберу;
aқпаратты өңдеу үшін АКТ (ИКТ) мен жұмыс дағдысын қолдану.
Медиалық сауаттылық:
•
•
•
•
•
демократиялық қоғамда медианың функциялары мен рөлін түсіну;
медиа өз функцияларын орындай алатын жағдайларды түсіну;
өзіне лайық функциялары бар медиа контентін сынау;
өз ойын білдіру мен демократиялық процесстерге қатысуда медиамен байланыс орнату;
пайдаланушы контентін жасауға қажетті (АКТ мен жұмыс дағдысын қоса есептегенде) дағдыларды
қолдану.
МАС экожүйесі
Адам өмірінің әр саласында қабілет пен дағдылар қажет. Олардың әрқайсының өз атаулары бар.
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
Медиалық сауаттылық
Ақпараттық сауаттылық
Өз ойын білдіру еркіндігі мен ақпараттық сауаттылық
Кітапхана сауаттылығы
Жаңалықтар сауаттылығы
Компьютерлік сауаттылық
Интернет сауаттылық
Цифрлық сауаттылық
Киносауаттылық
Электронды ойынды пайдалану сауаттылығы
Телевизиялық сауаттылық
Жарнама саласындағы сауаттылық
17
1.2. Жаттығу. МАС экожүйесін құрамыз
МАС жалпылама терминінің негізі ұшқыр конвергенция процесімен де дәлелденген, яғни түрлі медиалық платформалар жақындастығын (немесе «бірге
қосылуы») білдіреді. Мысалы, қазір тек қана баспа
нұсқасы бар, сайты жоқ басылымды кездестіру мүмкін емес. Сол сияқты әлеуметтік желідегі парақша-
сына сурет салмайтын радиостанция жоқ. Сондай-ақ
газетке мақала жазып, сурет түсірумен ғана айналысатын журналисті кездестіру қиын. Платформалар
мәтін, дыбыс және видеоны қатар жүктеуге мүмкіндік береді, журналист жұмысының әмбебаптығын
талап етеді. К слову
ОСЫҒАН ОРАЙ
«Универсальный журналист» кітабының авторы, британдық Дэвид Рэндалл еңбегінде (1992)
былай деп жазады: «Әмбебап журналистика құбылысын түсінуге көмектескен барлық ресейлік
журналистер мен редакторларға арналады». Медиа әлеміндегі конвергенцияны (жақындату, бірнеше форматтың қосылуы) ғана айтып отырмағаны белгілі. Сол кездің өзінде репортаж дайындап,
сараптамалық айдарға мақала жаза алатын және
ақпараттық сюжетті монтаждай алатын мамандарға сұраныс жоғары болған. Кейбір жағдайда
осы дағдылар Батыстан гөрі посткеңестік журналистикада кеңірек дамыған.
Айтқандай, Рэндалл кітабының бастамасында
батыс, шығыс, элиталық, жаппай журналистика
жоқ деп тұжырымдайды. «Жақсы және жаман
журналистика» ғана бар, – деп лондондық «The
Observer» апталығы бас редакторының бұрынғы
орынбасары бұл тұжырымын өзгертпейді.
«Универсальный журналист» кітабын журналистерге ғана емес, медиа әлемге қызығушыларға
да оқуға кеңес береміз. Ширек ғасыр өтсе де
кітап өзектілігін жойған жоқ.
1.2. Демократиялық дискурс және медиа
Дамыған медиа жоқ жерде, қоғамдық маңызды
шешімдер кеңінен талқыланбайтын ортада демократия орнату мүмкін емес. Сапалы талқылау (дискурс) өткізу үшін тұрақты медиа қажет (біржақты
байланыс емес, мысалы басшының сөзін ғана сөйлейтін хабаршы емес), ақпарат алатын сауатты азаматтар да қажет. Қоғамдық шешім қабылдау мен
консенсус (келісім) табуда ертеде қалыптасқан демократиялық астар өте маңызды. Өйткені, ашаршылық пен жоқшылықта, жемқорлық, жалған уәде
мен үрейде қалыптасқан демократиялық режим де
шашырап, бытырап кетуі әбден мүмкін.
гі, әр түрлі пікір мен идеяларды еркін айналу мүмкіндігі. Осы орайда, бассыздыққа жол беру туралы айтылмайды, себебі ол да демократиялық тіреуді бұзуы
мүмкін. Қазіргі заманда пікір, еркіндік плюрализмінің
сыртқы көрсеткіші медианың интерактивтілігі болып
табылады. Қазір «халық репортерлерін» жұмысқа
тарту коммерциялық жағынан да тиімді. Осы тәжірибені қолданатын медиалар ақпараттық нарықтың
көшбасшысы болып отыр. Ал әлеуметтік желілер
«кәсіби емес», терезесінен не көргенін баяндайтын
көршінің жазбасын өз архитектурасы етіп алды. Бұл–
миллиард долларға бағалануда.
Медиалық мен ақпараттық сауаттылық (МАС) мақсаты туралы айтылды, ал медиа туралы басқа тарауларда кеңінен тоқталамыз. Демократиялық мәнмәтіндегі медианың басты ерекшелігі мен осы демократияны
сақтаудағы басты құндылығы – медианың тәуелсізді-
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың
жаңалығына ере алмағандар (кейде объективті сылтаулары да бар) тасада қалып қалады. Барлығымыз
ақпараттық технологиялардың қысымына тап болдық. Кейбір қызметтерді (тегін халықаралық қоңы-
18
раулар, Интернет-төлемдер және т.б.) пайдаланбау
мүмкін емес. Кейде осыдан көп нәрсе жоғалтатынымыз анық (әлеуметтік желімен жұмыс істей алмайтын жарнамашы жұмыстан айрылады; ақпараттың
дереккөздерін анықтай алмаған сараптамашы мамандығын ауыстыруға мәжбүр болады).
бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар
мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар
арқылы тарату бостандығын да қамтиды».
Сондықтан, МАС негіздерін меңгеру – мақтанарлық
кәсіп емес, қажеттілік. Жекелеген адам ғана емес,
қоғам да жаппай үйренуі тиіс. Өйткені, мемлекетте
азаматтар сауатсыз болса, көптеген даму мүмкіндіктерінен айрылады.
Ұлттық заңдылықтар да сөз бостандығына кепілдік
береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының
20-бабы 2-пунктінде: «Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат
алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді» деп жазылған. Осы бөлімнің жүзеге асуы үшін 1992 жылы
БАҚ туралы, Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңдар
қабылданды.
Медиа мен ақпараттық сауаты бар адамдар өз
құқықтарын қорғай алады. Атап айтқанда, «Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының»
19-бабында көрсетілген: «Әр адам наным-сенім
ДӘЙЕКСӨЗ
Жаңа мыңжылдық сан жүзінде ғана жаңа емес,
мазмұны бойынша да өзгеше – интернет әлемде
төңкеріс жасады. Шекараларды кедергісіз басып
өтіп, әлемді бір «ғаламдық ақпараттық ауылға»
айналдырды. Шын мәнінде, өз пәтеріңнен
шықпай-ақ барлық ақпаратты біліп отыруға болады. Барлық кітапханалар, жаңалық сайттары, форумдар, блогтарға қол жеткізу арқылы әлемде не
болып жатқанынан хабардар боласың.
Бір жағынан, бұл керемет, екінші жағынан,қауіп-қатерге толы. Тексерілмеген, қарама-қайшы
мәліметтер, тіпті эмоциялық үндеулер әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл
жағдайда шектеу мен бақылауға алу – мәселенің
шешімі бола алмайды.
Мұны мемлекет қолдауы тиіс. Бірақ шектеуі де
мүмкін. Балалар порнографиясы мен терроризмді ашық насихаттау заңға қайшы. Сонымен
қатар, егер мемлекет өз азаматтарының не оқып
жүргенін жаппай қадағалап, цензура енгізіп, нені
оқу керектігін шешетін болса, бұл тоталитаризмге
әкеп соқтырады (2, 5 б).
1.3. Жаттығу. Антиутопия жазамыз
19
1.3. МАС құзіреті
Білім алудың қорытындысы – белгілі бір құзыретке қол жеткізу. ЮНЕСКО сарапшылары* бекіткен МАС-тың
негізгі құзіреті төмендегідей*:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Демократияға арналған медиа мен ақпараттың мәнін түсіну.
Медиа контент пен оны қолдану нұсқаларын түсіну.
Ақпаратқа жедел және тиімді қол жеткізу.
Ақпарат пен ақпарат дереккөздеріне сыни көзбен қарау.
Жаңа және дәстүрлі медиа форматты пайдалану.
Медиа контенттің әлеуметтік-мәдени мәнмәтінін анықтау.
Қоршаған ортада МАС жүргізу және қажетті өзгерістерді басқару.
* Бұл құзірет медиалық және ақпараттық сауаттылықты оқытатын ұстаздар/оқытушылар үшін
анықталған. Студенттер, азаматтық қоғам мен кәсіби ассоциация өкілдеріне құзіретті кең көлемде
түсіндіру үшін шағын стилистикалық өзгерістер енгіздік.
Қандай да бір құзірет туралы былай айтуға болады:**
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
...Медиа және басқа да ақпарат қызметтері функцияларымен танысу және азаматтық ұстанымды жасау
мен барлық ақпаратты ескере отырып шешім қабылдау үшін олардың мағынасын зерделеу.
… Жеке және кәсіби өмірде медианы пайдаланудың түрлі тәсілдерін түсіну, азаматтардың қарымқатынасы мен медиа контент, сондай-ақ медианы түрлі мақсатта пайдалануда білімін көрсету.
3. ...Нақты тапсырманы орындау үшін қажетті ақпарат типін анықтау, осы ақпаратқа тиімді және жылдам
қол жеткізу.
.... Ақпарат пен оның дереккөздерінің түсуіне қарай сыни бағалау және іріктелген ақпаратты шешім
қабылдау мен идеяларды сараптау үшін қолдану.
… Цифрлы технологияларды қолдану нұсқаларымен, байланыс құралдары мен ақпарат жинау және
шешім қабылдау желілерімен танысу.
6. ... Белгілі бір әлеуметтік және мәдени мәнмәтіндегі медиа контент құру процестерін түсіну мен білімін
көрсету.
… Медиалық және ақпараттық сауаттылықты қоршаған ортада дамыту мақсатында және кәсіби ортада
қажетті өзгерістерді басқару үшін МАС меңгеру барысында алған білімі мен дағдыларын қолдану.
** реттік нөмерлер құзірет нөмеріне сәйкес келеді
1.4. Жаттығу. МАС құзіреті қандай?
20
Дискуссияға тақырып
•
•
•
Қазіргінің адамына медиа және ақпараттық сауаттылық не үшін қажет?
Азаматтар оқуды доғарса, демократия қанша өмір сүреді?
Адамның МАС құзіретін қалай анықтауға болады?
Глоссарий
Демократия
Дискурс
Құзірет
Медиаиндустриядағы конвергенция
Медиалық сауаттылық
Ақпараттық сауаттылық
Медиасауаттылық (media literacy)
Медиалық білім беру (media education)
Қосымша әдебиет 1
1. Медиалық және ақпараттық сауаттылық: педагогтарды оқыту бағдарламасы //
Гриззл мен Кэролайн Уилсон редакторлығымен. Білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша
ЮНЕСКО Институты, 2012 – 198 б.
Бб.18-41, 62-71, 75-80
2. Медиалық және ақпараттық сауаттылық //
Авторлық ұжым: : Лайла Ахметова, Дмитрий Шорохов, Айгүл Ниязгулова. ЮНЕСКО-ң Алматыдағы бюросы,
2015.-36 б.
Бб.5-12
3.Ланг, Кэрол.Медиасауаттылық. Кітапханашыларға ар

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)